Сабақтың тақырыбы: «Түбір және туынды сөздер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, өнерге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сөз жұмбақ,мақалдар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін»құрайық.Әр біріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта біз сендермен не өттік?
Ережелерді қайталау.
-Дұрыс балалар
-Өткен сабақты бекіту мақсатында Мына сұрақтарға жауап берейік
Жемістерді таңдау.
Алмұрт- Түбір дегеніміз не?
Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
Алма-Туынды сөз дегеніміз не?
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.
Шие -Жалғау дегеніміз не?
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
Банан-Жұрнақ дегеніміз не?
Сөз мағынасын өзгертетін қосымша
1.Дәптермен жұмыс
Күннің ретін, тақырыпты жазу.
Көркем жазу минуты
П
п
Парта
1-тапсырма
Сәйкестендіру тесті. «Менің бағытым».
Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жазу.
Жыр ші
Тәрбие лі
Еңбек ді
Сын лы
Тау шы
Сән ды
Төре ді
Көңіл ші
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой.
Мақалды толықтыр
1.Еңбек. нан. тәтті, жалқау. жан. тәтті.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
2.Ер..ат.. еңбек шығарады.
Ердің атын еңбек шығарады.
3.Жер.бай..-ел. бай.
Жері байдың елі бай.
Сөз құрамына талда.
Сергіту сәт
3- тапсырма «Кім жылдам» ойыны.
Сөздерді оқып,олардың қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз екенін айт.
Жазушы,өнер,гүл,орманда,спорт,татулық,іскер, егін, өнерпаз,көңілді,жаз,
балапан.
4-тапсырма
Кітаппен жұмыс.
3-жаттығу. Мәтінді оқы.Туынды сөздерді теріп жаз.
5-тапсырма
Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жаз.
Күн, сабақта, оқушы, суретшілер.
Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
Суретші
1.Күзден кейін қандай мезгіл? (Қыс)
2.Оқжетпес тауы бар демалыс орнымыз қай жер? (Бурабай)
3.Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады.Ол не? (Қар)
4.Лақтың енесін қалай атаймыз? (Ешкі)
5.Туған күндерде адамдар бір-біріне не айтады? (Тілек)
6.Кигіз үйдің ең бірінші бөлігі (Шаңырақ)
7.Еріншектің несі бітпес? (Ертеңі)
Үй тапсырмасы: 5-жаттығу 4-бет