Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың қос сөздер туралы алған білімдерін тереңдету, жаттығу жұмысы, деңгейлік тапсырмалар арқылы қос сөздерді мәтіннен таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Отанды сүю, ұлтжандылық қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдістері: Жаттығу жұмыстары, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.
Сабақтың барысы:
-Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз-басқа сабақтардан өзгеше өтпек. Себебі бүгінгі сабағымыз-ойын сабағы болмақ.
2. Үй тапсырмасы
«Қайталау-оқу анасы» дегендей өткен сабағымызды еске түсіріп алсақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып
айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.
1. Көре – көре көсем боласың,
Сөйлей – сөйлей шешен боласың
Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.
2. Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті.
Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары
қосымшасыз бір түбірдің қайталануы
3. Барар –бармасымды Құртқа біледі.
Бір түбірге әр түрлі қосымша жалғанып
қайталануы арқылы жасалады.
4. Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті.
Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу
мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады.
5. Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп
Үрейді ұшырды.
Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық
өзгерістерге ұшырап жасалуы.
6. Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.
Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы
Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар.
Дәрі-дәрмек, мал-жан, жора-жопсы, киім-кешек, ойын-сауық, ине-жіп, құрбы-құрдас, зорлық-зомбылық, ата-жұрт
2. Шығармашылық жұмыс
Суретке қарап, әңгіме құра
3.“Тақия тастамақ”
Бір оқушы қос сөздің бір сыңарын айтады, екіншісі жалғасын тауып, қалай жасалғанын айту керек.
4.“Соқыртеке”
Жасырын сөздерді айту:
У-шу, ұзын-қысқа, үлкен-кіші, жеміс-жидек, жұп-жұмсақ, тәп-тәтті
5. Деңгейлік тапсырмалар
“Күш сынасу”
Оқушылар қазақ тілі сабағын тып-тыныш тыңдап, емін-еркін өз ойларын айтты.
Қызыл- сөйлем мүшесіне талдау
Сары- дыбыстық талдау жасау
Көк- түбір мен қосымшасын ажырату
6. Жеке оқушылармен жұмыс.
7. Семантикалық картамен жұмыс
Оқулықтағы 383-жаттығуды ауызша орындаймыз.
Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар, қайсысында ондай мағына жоқ екенін анықта.
8.Сабақты қорытындылау.
-Сабағымызды бекіту үшін мына сұрақтарға жауап береміз.
Қос сөз дегеніміз не?
Қос сөздер нешеге бөлінеді
Қайталама қос сөз деген не?
«Тау-тау» қалай жасалған?
«жүзбе-жүз» қалай жасалған?
«Орынды –орынсыз» қалай жасалған?
«Ет-мет» қалай жасалған?
«Жалт-жұлт» қалай жасалған?
«Қып-қызыл» қалай жасалған?
Біріккен сөз дегеніміз не?
Елтаңбаның авторы кім?
Тудың авторы кім?
Әнұранның авторлары кімдер?
9. Үйге тапсырма
384-жаттығу, ереже жаттау.
«Ынтымағы жарасқан егеменді елміз!» тақырыбында қос сөздерді кірістіре отырып эссе жазу.
10. Бағалау
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт