Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Жанғыш пайдалы қазбалар" 4сынып сабақ жоспары»
Жанғыш пайдалықазбалар
Сабақтың жүрісі:
1.Психологиялық икем.
-Балалар, бүгінгі күннің жадын кім айтады? 1- ақпан 2012ж, сәрсенбі
- Ауа райының температурасы қандай?
- Өте жақсы. Олай болса, дүниетану сабағын бастайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері. Сабағымыздың мақсаттары: пайдалы қазбалардың түрлерін топқа бөле отырып, олар туралы білім- түсініктерімізді кеңейтеміз.
2.Өткенді пысықтау:
Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы туралы 1-2 мысал келтір.
Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары қажет?
Транспорттар, фабрика ,зауыттар жұмыс істеуі үшін қандай пайдалы қазбалар жұмсалады?
Адамдар металды қайдан алады?
Олай болса, пайдалы қазбалар дегеніміз не?
3.Тірек білім, дағдының өзектілігі.
Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Даусы жерді жарып келеді.
Жолына бояу жағып келеді. ( ұшақ)
Қара кілем бар жайлы,
Жақын етер шалғайды.
Ол қала мен қаланы
Ел мен елді жалғайды.( асфальт жолы)
Мінезін оның түсінгем,
Ашуы тамақ пісірген.( газ)
Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады: ( тіс пастасы)
Балалар, ұшақтың, асфальт жолының, газдың, тіс пастасының бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?
Дұрыс айтасыңдар, бұлардың бәрі пайдалы қазбаларды өңдеудің нәтижесінде алынады немесе жасалады.
Жаңа сабақ.
Пайдалы қазбалар негізгі үш топқа бөлінеді.
Жанғыш пайдалы қазбалар. Кенді пайдалы қазбалар. Кенсіз пайдалы қазбалар.
( Слайдтармен түсіндіру)
Бекіту.
Мәтінді оқу.
Суреттермен жұмыс. Заттар қандай қазбадан жасалған? Тағы қандай заттармен суреттерді толықтырар едің? ( пластилин, кір жуатын ұнтақ, тіс пастасы)
2-суретке фильтр, сағат шынысы,қарындаш, ермексаз)
3-суретке пойыздар ,машиналар, шеге, кілттер)
Таблицаны толтыру:
Менделеев таблицасы
Қазақстан картасымен жұмыс
Қорыту. 5 жолды өлең.
Мұнай
Сұйық, жанғыш
Өңдейді, бұрғылайды,атқылайды.
Мұнай – қызулы отын.
Қара алтын
Тас көмір
Тығыз, жанғыш
Қазады, шахтада өндіреді.
Қарағанды- тас көмірдің ірі кен орны.
Қара алтын.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен
таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге,
өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
Ең көп өндірілетін қазба, қатты, қара түсті зат.Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит. Ұстағанда қолға жұқпайды,металл сияқты жалтырап тұрады.
Тас көмірді өңдеу арқылы дәрі-дәрмек,мата бояйтын бояу,әтір,қопарғыш зат,пластмасса алынады.Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте көп.
Таскөмір
1. Қатты,морт сынғыш.
2. Қара түсті жылтыр.
3. Жақсы жанады және
жылуды көп береді.
4. Суда ерімейді.
Жанғыш пайдалы қазба
- көмір
Жанғыш пайдалы қазба
Тас көмірдің кен орны - Қарағанды. Ондағықара көмірдіңсапасы жақсы, оны отын ретінде пайдаланады.
Екібастұзда арзан көмір өндіріледі. Онықоңыр көмірдеп атайды.
Көмірден дәрі жасайды.
А. Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты.
Апақ Байжанов туралы аңызҚарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Апақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Апақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күні–күн кешкіріп қалғандықтан Апақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Апақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла"өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете калысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас"болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас"туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Апақты бір төре іздеп келген дейді. Апақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Апаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой"деген шахта сол Апақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді
Жанғыш пайдалы қазбалардың бірі-мұнай
Мұнай
Өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Жанғыш пайдалы қазба
мұнай
Мұнайдан
Газ
Мастика
Бензол
Автол
Бензин
Вазелин
Керосин
Мазут
Асфальт
Синтетикалық каучук
Спирт
Лак
Пластмасса
Атыраудағы мұнай зауыты
Табиғи газ
Жер астынан мұнаймен ілесіп шығады. Ілеспе газ кейде көп мөлшерде кездеседі. Онымұнай –газ кен орныдеп атайды.
Таза табиғи газды тұрмыста, сондай-ақ
отын және химиялық шикізат ретінде қолданады.
Газ бен мұнай кен орындары Каспий маңы ойпаты
мен Маңғыстау түбегінде шоғырланған. Каспий теңізінің суы таяз бөлігінде мұнай мен газ қоры мол. Картада мұнай -қара мұнара,газ-ақ мұнарабелгісімен берілген.
Қазақстанның ПҚ
Қарағандыдағы кен орны
Мәтінмен жұмыс
Есте сақта
!
Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.