kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Табиғат құбылыстары. Денелер, заттар. (ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл  дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары. Табиғат құбылыстары туралы толық ақпарат берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«дүниетану сабақ»

Мақсаттары:

1) Табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді;
2) Оқушыларды қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсінуге, зерттеуге бақылау жасау;
3) Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.
Әдіс: Сұрақ жауап, түсіндіру ойын, талдау, ой қорыту.
Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілік: Дидактикалық үлестірме материалдар, тест жұмысы (жапырақтар) мақал - мәтел жазылған плакат "Жыл мезгілдері" суреттер.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбын, түрін, мақсатын, өту барысын хабарлау
Психологиялық дайындық:
«Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін.
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Қызығушылықты ояту
- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн?
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар. – Иә, дұрыс, күн суып, жапырақтар сарғайды. Біздің сыныпқа хат келіп түсіпті, ал оның ішінде не бар екен? Бұл жапырақтар екен ғой! Қандай керемет! Балалар жапырақтарда берілген тест сұрақтар жазылыпты. Осы тапсырманы ойланып, дұрыс жауап берулеріңді сұраймын - деп тапсырма орындауға екі минут уақыт беріледі, содан кейін оқып шығады да, оқушылардың жұмыстарын жиіп алу.
- Балалар, біз қандай ұлттық ойындарды білеміз? (арқан тарту, бәйге, асық ойындар, қыз қуу)
- Ендеше, бір ойынын ойнап, күздің кереметтеріне тағы бір тоқталып кетейік.
«Қыз қуу»- ойыны. Қыз бен бала жарыса:
- Күз қандай?
- Күзде не болып жатады?
- Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап беретін тірек сызбаларды жасайды. Кім жылдам, жүйрік және дұрыс жауап берген болса, сол жеңімпаз деп аталады. Қыз болса, қамшысын алып шығады, ұл болса қызға әдемі гүл сыйлап береді. Балалардың пікірлеріне мынандай сызба жасалады.
Күз?

Жапырақтар түсіп жатыр,
жеміс жидек жиналады,
алтын жиналды, берекелді, бай
түн ұзарды, суық
аспан қорғасындай ауыр болады
жыл құстары ұшып кетеді
күн қысқарды,
жаңбырлы,
- Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ солыпты»- дегендей Абай Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім айтып береді екен? (мәнерлеп оқыту).

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық. Балалар жаңа тақырыпты біз БИС технологиясы бойынша өтетін боламыз. «Байқау»- әдісі. Ол үшін «Кілттік сөздерге» назар аударту және оқып есте сақтау үшін 30 секунд уақыт беріледі. Бір шапалақ ұрады, шапалақ біріңғай болу керек, сосын сөздер жабылып, оқушы 1 минут 15 секундтің ішінде дәптерлеріне не есте қалған сөздерді жазып шығады. Уақыт аяқталған соң жұмыс тоқтатылады «Кім не сақтады?»- бір - біріне жылдам тексерту, санды жазу, толық жазған оқушыға, нормаға сай ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылды.
ә) Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел есейіп...»
б)- Жақсы, сәл демалып алдық, демек кітаппен жұмыс жасауға дайынбыз оқулықтың 34 - 35 бетті ашамыз, әр бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Оқушылардың оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алынады. Ұғынуды ұйымдастыру және дәптерлеріне 30 сөз - 5 минут жазылуы тиіс; 2 шапалақ соғамыз сосын кім көп жазды?- деп сұрап шығу.
в) Сурет арқылы «Бұл қандай ойын?»
- дұрыс ендеше "Хан талапай" ойынды ойнайық. Бұл ойынды ұлдар ғана ойнайды. Хан иемнің "Мақал - мәтел" - деген тапсырмасын орындау керек.
г) Ойын ойнап демалдық, яғни біз сұрақтарға жауап беруге дайынбыз.(20 бет) Сыни тұрғыдан сұрақтар «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап болу тиіс (+- қойылады)
д) Балалар мына дыбыстарды тыңдайықшы. Ненің дыбысын естігендеріңді айтасыңдар.
1. Жел
2. Найзағай
3. Жаңбыр.- (деп жауап береді)
д)- Балалар, бұрын ауа - райын бақылау орталығы болмаған. Ауа - райын қалай бақылаған деп ойлайсыңдар? «Күннің көзін ашу»- ойын арқылы біз ауа - райын қалай бақылағанды көріп білеміз. Табиғат құбылыстарына байланысты ата - бабаларымыз халықтық болжамдар жасаған, соны түсініп, дұрыс оқып беру керек.

ІV Бекіту: - Өте жақсы, жарқыраған күнде пайда болды, әр оқушының көңіл - күйлері жақсы шығар; ендеше күзгі гүл күлтесін құрастырайық деп «Туған елдің ұлы бол!» «Абайдай дана бол!» «Достарына сыйлы бол!» «Оқушылардың алды бол» «Ата - ананың мақтанышы бол!»- деп өзімізге тілек тілеп, гүл шоғын жасаймыз. Оқушыларды бағалау және мадақтау.

V Үйге тапсырма; Табиғат құбылыстарын және қосымша материалды оқып келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Табиғат құбылыстары. Денелер, заттар. (ашық сабақ)

Автор: Мажитова Бибижан Есниязовна

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398248

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""Табиғат құбылыстары. Денелер, заттар" (ашық сабақ)"
    ["seo_title"] => string(52) "tabig_at_k_u_bylystary_dienielier_zattar_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "398164"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488806505"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Урок на тему "Денелер. Заттар. ??былыстар""
    ["seo_title"] => string(44) "urok-na-tiemu-dienielier-zattar-k-u-bylystar"
    ["file_id"] => string(6) "275526"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452593201"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Таби?ат тылсым к?ш"
    ["seo_title"] => string(17) "tabigattylsymkush"
    ["file_id"] => string(6) "301768"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456990385"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Д?ниетану  " Айнала д?ниедегі денелер мен ??былыстар"  1-сынып "
    ["seo_title"] => string(67) "duniietanu-ainala-duniiedieghi-dienielier-mien-k-u-bylystar-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "205612"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429945425"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сабақтың тақырыбы: Айналадағы дүние"
    ["seo_title"] => string(38) "sabak_tyn_tak_yryby_ainaladag_y_duniie"
    ["file_id"] => string(6) "399976"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1489432188"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства