Просмотр содержимого документа
«Таби?ат тылсым к?ш»
Сабақтыңтақырыбы: Табиғат құбылыстары.
Сабақтыңмақсаты: 1. Білімділік:
Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,
әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар
беру, түсіндіру.
Сабақтыңтүрі:Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, 5 жол өлең, венн диаграммасы,
топтастыру, баяндау.
Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі
қағаздар, денелер, заттар ( алма, шеге, қалам ), үнтаспа, теледидар.
Пәнаралықбайланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.
Сабақтыңбарысы:
Ұйымдастырубөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық. Класты түгендеу.
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
( топқа бөлу )
Үйтапсырмасынтексеру.
1 топқа ( күн бейнесі ).
Дене деген не?
Дене нешеге бөлінеді?
Табиғи денені атап шық.
2 — топқа ( бұлт бейнесі ).
Жасанды денені ата.
Табиғи дене нешеге бөлінеді?
Тірі денелерді атап шық.
3 — топқа ( жаңбыр бейнесі ).
Өлі денелерді ата.
Зат қасиеттерін атап шық.
Дене неден тұрады?
( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).
Тақтаға « дене », « зат », сөздері ілініп, ойлары тұжырымдалады.
Алма, бұрыш, жаңғақ, шеге, қаламдарды көрсету арқылы үй тапсырмасын бекіту.
III. Жаңасабақ. Ойқозғау.
а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер туралы сұрау.
Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.
Жазда күн ысиды, жел соғады.
Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.
Қыста қар жауады, боран болады.
Ойларын жинақтау.
Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде танысамыз.
Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру. ( теледидардан көрсету арқылы түсіндіру ).
ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді. Жан-жануарларда өседі, көбейеді, өледі.
Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандщы бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су тасиды.