Бекжанова Б.С.
А)Білімділік:О қушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту.Сөйлем ішінен сын есімді таба білуге баулу.Оқу және жазу
дағдыларын қалыптастыру .
. Ә)Дамытушылық: :
Балалардың логикалық ойлауын, байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорларын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, танымдық қабілетін арттыру, тіл байлығын қалыптастыру.
Б) Тәрбиелілік:
Өз бетінше оқу - жазуға, заттың сынын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Сауатты ,әдемі жазуға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жұмбақ, суреттер
I .Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге! .
1-топ: Зат есім деген не?
2-топ: Етістік деген не?
3-топ: Сын есім дегеніміз не?
Бәрі: Жұрнақ, жалғау дегеніміз не?
1.Аспазшы, барды,ит,бала,келді, терезе, аю, қоңыр,шахматшы.
2.Көк , әке, жылады, күлді, сиыр,жазды,
сөйледі, оқып отыр,амандасты,тоңды..
3.Дәрі, үлкен,қырық, оқыды, жасыл,ақ,
қалың, киім,тәтті, қорқақ,әсем,ащы.
Ендеше, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Сын есім».
Зат есім
Заттың сынын,түрін,түсін,
сапасын білдіреді
Қандай? Қай? деген сұраққа жауап береді
1. Аңшы,аулады, қызыл,бақа,сары,он бес, ала , сұр, қара,тұзды, қоян, жирен,өткір.
2 .Малшы, қою,жұмсақ, шашты, жасыл, елу, қоян,биік,лас, сауыншы,зәулім,кең,тар, жүйрік.
3. Әже, нан, сұрады, қыз, жылан,мөңірейді, сексен, қара ала , ақ, мөлдір, жап-жасыл, жіңішке, қызғылт.
Сөздердің ішінен сын есімді тап:
1.
Көркем жазу.
Тт Пп.
Тауық, тау, піл, парта,терезе,
тиін,кітап.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз,сын есімдердің астын сыз.
Құшағы кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың,
Анам қандай жақсы адам!
2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Керекті сөздер: аласа,бұралаң,қызыл,жазық,жап-жасыл.
3-жаттығу.
Сын есімдерді олардың мағынасына қарай топтап жаз.
Ащы, ала,үлкен, кіші,дәмді, күрең,қатты,жуан,қызғылт,
мықты,сұр,тәтті,жіңішке,тұзды,жұмсақ.
Түсі:
Дәмі:
Көлемі:
Сапасы:
4 – жаттығу.
Сөздерді жұбымен жаз.
Қу сарай
Тұзды қоян
Зәулім дала
Қорқақ көл
Кең түлкі
Көру диктантын жазу:
Аппақ,аппақ бақбақтар
Тура киіз ақ үйлер.
Төнеді кеп жан-жақтан,
Тамашалап сәбилер.
Балалар, біз бүгін қандай жаңа сабақпен таныстық?
-Сын есім деген не?
-Сын есімге қандай сұрақ қойылады?
-Сын есімге мысал келтір
-
.
Ұшақ,машина,трактор арқылы бағалау.
Үйге тапсырма:
Ережені жаттау.
5-жаттығу.