Б?рын?ы білімдерін еске т?сіру. Жа?а саба??а енбес б?рын, сын есімні? жасалуын, оларды? негізігі, туынды т?рлерін бірнеше мысалдармен д?лелдетіп, еске т?сіремін.
Т?менде берілген ж?рна?тарды тиісті с?здерге жал?а?дар.
Сапалы? сын есімдер деп затты? ?р алуан сыр-сипатын, атап айт?анда –т?рі мен т?сін (?ара, а?, к?к, ?ызыл), сапасын (жа?сы, жаман, нашар, ?демі), к?лемі мен аума?ын (?лкен, кіші, ауыр, же?іл), д?мі мен иісін (ащы, т?тті) білдіретін с?здерді айтамыз. Заттарды? белгілі бір сапасын білдіретін с?здер сапалы? сын есім болып табылады.
Мысалы: Мені? ?жем зейнеткер.(?жем ?андай?) Мені? ата-анам бар. Олар жас.
?атысты? сын есімдер
Сын есім бас?а с?з табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, ?стеу с?з таптарына сын есім тудыратын ж?рна?тар жал?анып, туынды сын есім жасалады. Затты? сын-сипатын, ?р т?рлі белгісін бас?а с?з табыны? ?атысы ар?ылы білдіретін сын есімді ?атысты? сын есім дейміз. ?атысты? сын есімдер зат есімдерге т?мендегі ж?рна?тар жал?ану ар?ылы жасалады.
ІІІ де?гейдегі о?ушы?а с?ра?: Ертегіні ?алай жал?астырды?ыз? ??растыр?ан ?зіндіде сапалы? ж?не ?атысты? сын есімдер кездесе ме?
150- жатты?у. М?тінді дауыстап о?ы?дар. Сын есімдерді тауып, ?зіні? тіркескен с?зімен теріп жазы?дар, оларды с?ра? ?ою ар?ылы талда?дар.
І де?гейлі тапсырма: Сын есімді тауып тіркескен с?зімен бірге жазы?ыз.
ІІ де?гейлі тапсырма: М?тін мазм?нына с?йеніп сурет салы?ыз.
ІІІ де?гейлі тапсырма: М?тін ішінен бір тірек с?зді пайдаланып, м?тін ??растыры?ыздар.
Осы тектес м?тін ??растыр?ан ІІІ де?гейдегі о?ушылар бір-біріні? м?тініне пікір айтады. Бір-біріні? м?тінінде та?ырыпты? ашылуы мен ойды? ж?йелілігі, стилі, тіл к?ркемдігі, сауаттылы?ы тексеріледі.
Ой ?орыту. Б?л м?тіннен нені ?йренді??
О?ушы с?зі:
тірек с?здерді пайдаланып жоспар ??руды;
м?тін ??растыруды;
жетістікті мада?тап, кемшілікті т?зетуді;
жолдастарымны? е?бегіне пікір айтып ?ана ?оймай, оны ба?алауды;
?деби, к?ркем с?здерді ?олдана білуді ?йрендім.
Рефлексия:
Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері дегенді ?алай т?сінесі?? Сапалы? сын есім деген не? Мысалмен д?лелде?із. ?атысты? сын есім деген не? Мысалмен д?лелде?із.
Бұрынғы білімдерін еске түсіру. Жаңа сабаққа енбес бұрын, сын есімнің жасалуын, олардың негізігі, туынды түрлерін бірнеше мысалдармен дәлелдетіп, еске түсіремін.
Төменде берілген жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғаңдар.
-ынды, -інді, - улы, -ғыр, -гір, -дай, -сыз, -қыш
Қой... жуас, жолдас... адам, жаса... сағат, айт... ақын, біл... маман, ал... бүркіт, түй... сөз.
Жаңа сабақ
Сапалық сын есімдер
Сапалық сын есімдер заттың сынын, сапасын білдіреді.Сұрағы: Қандай? Қай? Мысалы: Қандай кісі?Қария кісі.
Әжем қандай? Әжем үлкен.Ата-анам қай жаста? Ата-анам орта жаста. Ағам қандай? Ағам жас.
Сапалық сын есімдердеп заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда –түрі мен түсін (қара, ақ, көк, қызыл), сапасын (жақсы, жаман, нашар, әдемі), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін (ащы, тәтті) білдіретін сөздерді айтамыз. Заттардың белгілі бір сапасын білдіретін сөздер сапалық сын есім болып табылады.
Мысалы: Менің әжем зейнеткер.(Әжем қандай?) Менің ата-анам бар. Олар жас.
Қатыстық сын есімдер
Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Қатыстық сын есімдер зат есімдерге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
Жұрнақтар мен олардың мағынасы
Негізгі түбір
Туынды сын есімдер
1. (-ды, -ді, -лы, -лі, -ты, -ті) Бір заттың екінші затқа қатысын білдіреді
Тау
Күш
Тау-лы
Күш-ті
2. (-дай, -дей, -тай, -тей) Белгілі бір заттың сын-сипаты мен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіреді.
Бала
Сүт
Тас
Бала-дай
Сүт-тей
Тас-тай
3. (-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік) Өзге тілдерден алынған сөздерден сын есім жасайды
Аудан
Инженер
Коммунист
Аудан-дық
Инженер-лік
Коммунист-тік
4. (-сыз, -сіз) Болымсыз сын есім
Бұлт
Су
Тіс
Бұлт-сыз
Су-сыз
Тіс-сіз
5. (-қы, -кі, -ғы, -гі) Орынға немесе мезгілге қарым-қатынасын білдіреді
Күз
Жаз
Қыс
Көктем
Шет
Күз-гі
Жаз-ғы
Қыс-қы
Көктем-гі
Шет-кі
146- жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі баған етіп жазыңдар.
сапалық сын есімдер: қатыстық сын есімдер:
ақшыл аттылы
148- жаттығу (деңгейлік тапсырмалар)
І деңгейдегі тапсырма
Мәтінді пайымдап оқып, мазмұнын әңгімелеңіз (бір оқушы мәнерлеп оқиды).
ІІ деңгейдегі тапсырма: Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыз (Екі бағанға бөлу).
ІІІ деңгейдегі тапсырма: Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтаңыз.
Ой қозғау:
І деңгейде мазмұндаған оқушыға сұрақ: Мәтінде не туралы баяндалады, сын есімнен болған қандай сөздерді кездестірдіңіз?
ІІ деңгейдегі сапалық және қатыстық сын есімді ажыратқан оқушыларға сұрақ: Жаттығу мәтінінде жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.
Үлгі:
Сапалық сын есім
Қатыстық сын есім
Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш,
Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы.жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал
ІІІ деңгейдегі оқушыға сұрақ: Ертегіні қалай жалғастырдыңыз? Құрастырған үзіндіде сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме?
150- жаттығу. Мәтінді дауыстап оқыңдар. Сын есімдерді тауып, өзінің тіркескен сөзімен теріп жазыңдар, оларды сұрақ қою арқылы талдаңдар.
І деңгейлі тапсырма: Сын есімді тауып тіркескен сөзімен бірге жазыңыз.
ІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін мазмұнына сүйеніп сурет салыңыз.
ІІІ деңгейлі тапсырма: Мәтін ішінен бір тірек сөзді пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.
Осы тектес мәтін құрастырған ІІІ деңгейдегі оқушылар бір-бірінің мәтініне пікір айтады. Бір-бірінің мәтінінде тақырыптың ашылуы мен ойдың жүйелілігі, стилі, тіл көркемдігі, сауаттылығы тексеріледі.
Мынадай бағалау критерийі ұсынылады:
Оқушының аты-жөні
тақырыптың ашылуы
5 ұпай
ойдың жүйелілігі
5 ұпай
стилі
5 ұпай
тілдік көркемдігі
5 ұпай
сауат-тылығы
5 ұпай (әр қатеге -1 ұпайдан азайтылады)
Ой қорыту. Бұл мәтіннен нені үйрендің?
Оқушы сөзі:
тірек сөздерді пайдаланып жоспар құруды;
мәтін құрастыруды;
жетістікті мадақтап, кемшілікті түзетуді;
жолдастарымның еңбегіне пікір айтып қана қоймай, оны бағалауды;
әдеби, көркем сөздерді қолдана білуді үйрендім.
Рефлексия:
Сын есімнің мағыналық түрлері дегенді қалай түсінесің? Сапалық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз. Қатыстық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз.
Қай сөздерден қатыстық сын есім жасалады? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.
Бағалау.
Оқушыларға берілген бағалау парақшаларын жинап алып, бағалары қойылады .