Сабақ тақырыбы:
Табиғаттағы су. Судың қасиеттері және қолданылуы
Сабақтың мақсаты:
білімділік – судың физикалық, химиялық қасиеттерін, алынуы және қолданылуын білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
дамытушылық – дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, оқушының ой-өрісін дамытып, шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
тәрбиелілік - судың жалпы тіршілік үшін маңызы туралы танымдық мәліметтер беру, экономикалық және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, тәжірибе жасау, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі : периодтық кесте, зертханалық жабдықтар, сынауықтар, су, колба, пышақ, тамшуыр, қысқыш.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Ұйымдастыру кезеңі
І топ ІІ топ
Ащы су Тұщы су
Үй жұмысын тексеру
І топ “Ащы су”
ІІ топ “Тұщы су”
1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеіміз не?
1. Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
2. Тотығу дегеніміз не?
2. Тотықсыздану дегеніміз не?
3. Тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
3. Тотықтырғыш дегеніміз не?
4. Сутектің физикалық қасиеттерін айт
4. Сутектің валенттілігі
5. Қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықта
а) S ә) MgO б)HNO 3
5. Қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықта
а) O 2 ә) N 2 O 5 б)H 2 SO 4
Жаңа сабақ
Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,
Қосылысын соған алып ағылды.
2Н 2 + О 2 = 2Н 2 О
Топтық жұмыс
“ Ащы су” “Тұщы су”
Судың
маңызы
Судың физикалық
қасиеті,
қолданылуы
Судың химиялық қасиеттері
1. Жай заттармен әрекеттесуі
Белсенді металл + су = сілті + сутек газы
2Na + 2H 2 O = 2NaOH + H 2 ↑ (№1 зертханалық жұмыс)
Ca + 2H 2 O = Ca(OH) 2 + H 2 ↑
Орташа белсенді металл + су буы = металл оксиді + сутек
Zn + H 2 O t =ZnO + H 2 (№2 зертханалық жұмыс)
Бейметалмен әрекеттесуі:
C + 2H 2 O = CO 2 + 2H 2 ↑
2. Судың күрделі заттармен әрекеттесуі
Негіздік оксид + су = негіз
CaO+ H 2 O = Ca(OH) 2
Бейметалл оксиді + су = қышқыл
SO 3 + H 2 O = H 2 SO 4
P 2 O 5 + 3H 2 O = 2H 3 PO 4
Сабақты бекіту
1. Деңгейлік тапсырмалар
А деңгей
І топ “Ащы су”
Мына заттардың қайсысы сумен әрекеттеседі :
Na, P 2 O 5 ,HCl, C
ІІ топ “Тұщы су”
Мына заттардың қайсысы сумен әрекеттеседі:
Ca, SO 3 , H 2 SO 4 , Zn
В деңгей
І топ “Ащы су”
ІІ топ “Тұщы су”
Na + H 2 O =
Н 2 + S =
Ca + H 2 O =
P 2 O 5 + H 2 O =
SO 3 + H 2 O =
K + H 2 O =
С деңгей
І топ “Ащы су”
Массасы 270 г су электр тогының әсерінен айырылған кезде сутектің қандай массасы түзілді?
ІІ топ “Тұщы су”
Массасы 31 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді NaOH түзіледі?
2. Бәйге (сұрақтарға тез жауап)
1)Судың формуласы
2) Судың Mr
3)Судың газ күйі
4)Су молекуласындағы оттектің тотығу дәрежесі
5)Судың қайнау температурасы
6)Адам денесіндегі судың үлесі
7)Судың қатты күйі
8)Судың қату температурасы
9)Жердің су қабаты
10)Сутек жанғанда алынатын зат
11)Судың тығыздығы
12Қатты күйдегі судың немесе мұздың тығыздығы
Су туралы мақал – мәтел айту
Қорытындылау
Үйге тапсырма
§ 39-41оқу
105 бет 5 есеп