Ұйымдастыру | - Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру: -Оқушылардың сабаққа даярлығы қадағалау -Оқушыларды түгелдеу -Оқушылардың зейінін сабаққа аудару - Үй тапсырмасы бойынша жұмыс (химиялық диктант, сәйкестендіру тесті) Химиялық диктант (толықтыру тесті) 1) Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 5 электрон бар 2) Азоттың ең жоғарғы тотығу дәрежесі +5 3) Азоттың электрондық формуласы......... 4) Азоттың ресми ашылған жылы 1772ж 5) Ауадағы азоттың көлемдік үлесі...78%..... 6) Азот адам ағзасында........% 7) Азот ......, ......,...... газ 8) Бөлметемпературасында тек ........ әрекеттеседі 9) Азот......және....... қасиеткөрсетеалады 10) Адам азотты .......... арқылыалады? Сәйкестендіру тесті: 1.Зертханада аммиак алу үшін аммоний хлоридіне қосады | А) Н2 | 2. Өнеркәсіпте аммиак алу үшін азотқа қосады. | Ә) NO | 3.Аммиактың балқу температурасы | Б) NO2 | 4.Аммиактың қайнау температурасы | В)-33,40 С | 5.Атмосферада найзағай жарқылдағанда түзілетін түссіз газ | Г) -77.80 С | 6.Қоңыр түсті, улы газ | Д) Ca (OH)2 | Тест тапсырмаларын орындағаннан кейін тексеріп, бағалау | -Оқушылар бір – бірлеріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар жеке жұмыс жасап жауап береді. Берілген жауапты дайын жауап үлгілері арқылы тексеріп, өзін-өзі бағалайды. | 2 мин 3 мин 3мин 2мин | АКТ презентация, тест тапсырмалары жазылған таратпа қағаздар, бағалау парақшалары |
Қызығушылықты ояту | (ертегі оқу арқылы жаңа сабақтық тақырыбын анықтау) «Бұрынғы өткен заманда ол ең таңғажайып, ең керемет әлем – химиялық лабораторияда дүниеге келді. Оның әкесі – азот(IV) оксиді, ашуы қатты, өткір, алқымнан алатын, ашуға булыққанда қоңырланып кететін қатігез еді. Ал анасы қарапайым және байыпты әйел, оны су деп атаған. Олардан кішкентай және түссіз болып әдемі ұл дүниеге келеді. Ұлдың есімін – Азот деп қояды. Тегі Қышқыл болады. | Оқушылар әңгіме барысындағы құбылысты формула арқылы өрнектеп, реакция теңдеуін жазып, теңестіреді. Жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. | 2 мин | АКТ, көрсетілім, |
Мағынаны тану | Азоттың маңызды қосылыстарының бірі – азот қышқылы. Онда азот +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Молекулалық формуласы: HNO3 Құрылымдық формуласы: Қышқылдың қасиеттері: Құрамындағы сутектің санына қарай: бірнегізді, құрамындағы оттектің болуына байланысты: оттекті қышқыл, суда ерігіштігіне қарай: еритін қышқыл, Тұрақтылығы: тұрақсыз Ұшқыштығына қарай: ұшқыш қышқыл деп жіктеледі. Физикалық қасиеті:Таза азот қышқылы түссіз, өзінетән иісі бар, сұйықтық. Тығыздығы 1,51 г\см3,қату температурасы -42С, қайнау температурасы 82,6С. HNO3(конц.түтінденеді)сары түсті, HNO3(сұйық түтінденбейді)түссіз. Атмосферада «түтінденеді» оның буы ылғалды өзіне тартып,майда тұман тамшыларына айналады. Химиялық қасиеті: азот қышқылының концентрлі және сұйытылған ерітінділері тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Жарықтың әсерінен азот қышқылы азот(IV) оксидіне, суға және оттекке ыдырайды: 4HNO3 = 4NO2 +O2 + 3H2O 1.азот қышқылы HNO3 басқа қышқылдар тәрізді негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді: СuO + 2HNO3 = Cu(NO3)2 +H2O CuO + 2H = Cu2+ + H2O 2.Азот қышқылы негіздермен әрекеттеседі: Cu(OH)2 + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + H2O Cu(OH)2 + 2H+ = Cu2+ + 2H2O 3.Металменазотқышқылы басқаша әрекеттеседі Cu + 4HNO3 = Cu(NO3)2 +2NO2 +2H2OТәжірибе көрсету: металл мырыш пен концентрлі азотқышқылыныңәрекеттесуі 4.Сұйылтылған азот қышқылы мыспен әрекеттескенде азот(II) оксиді NO түзіледі: 3Cu + 8HNO3(сұйық) = Cu(NO3)2 +2NO +4H2 5.Азот қышқылы кейбір металдармен әрекеттеспейді. Мысалы:Алюминиймен және темірмен әрекеттеспейді, себебі металдардың сыртында тұрақты оксидтік қабат түзеді. Сондықтан азот қышқылын тасымалдауда болат немесе алюминий ыдыстар қолданады. Азот қышқылының алынуы:Азот қышқылын 1650 жылы таза күйінде неміс химигі Глаубери Иогани Рудольф алды. Алынуы: 1.Лабораторияда натрий нитратына күкірт қышқылымен әсер ету арқылы. 2.Өнеркәсіпте аммиакты тотықтыру арқылы | Мұғалімді тыңдайды, дәптерге жазады Оқушылар азот қышқылының физикалық қасиеттеріне ассоциация құрып, жеке-жеке постерге жазады. Химиялық қасиеттерін слайдтан қарап, жазады. Оқушылар реакция теңдеуін жазып, электронды баланс арқылы теңестіреді. | 15-20 мин | АКТ, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, №1 сызбанұсқа |
Ой толғау. | Іс – әрекетке байланысты деңгейлік тапсырмалар 1. Азот қышқылы күшті тотықтырғыш.ия 2. Азот қышқылы тек еритін негіздермен әрекеттеседі.жоқ 3. Азот қышқылы жарықтың әсерінен ыдырайды.ия 4. Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталады.ия 5. Азот қышқылы тек металдардың кернеу қатарындағы сутектен кейінгі тұрған металдармен әрекеттеседі.жоқ 6. Азот қышқылы алюминиймен әрекеттеспейді.ия 7. Азот қышқылын өнеркәсіпте аммиактан алады. ия 8. Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутек бөлінбейді.ия | Үлестірме материалдарда қолдануға және жинақтауға берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
| 10 мин | Жұмыс дәптері, интерактивті тақта |