Просмотр содержимого документа
«Ойлы болсаң, озып көр»
“Ойлы болсаң, озып көр”
Мақсаты:
Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Таныстыру
(топтың аты және ұраны)
1-топ: Сұңқар
2-топ: Тұлпар
ТІЛ ҚҰПИЯСЫ
ТІЛ ҚҰПИЯСЫ
Туған тілді төмендетпейік, тілім тірі тұрса, түндігіміз түрулі, туымыз тік, табиғатым таза, туар таңым да тамаша!
I-бөлім
«Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қоясыздар.
“ Сұңқар” тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі.
2. Жалқы есімдер қалай жазылады?
3. Сын есімнің сұрақтары.
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді?
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
“ Тұлпар” тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата.
5. Жалпы есімдер қалай жазылады?
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
II-бөлім
«Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша ,ағылшынша ) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.
2.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
3.Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
4.Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды .
5.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.
6.Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
III-бөлім
Қызықты ұйқастар.
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
“ Сұңқар” тобына:
1.Жизнь-өмір, уголь-…..
2.Число-сан, кровь- ....
3.Молоко-с ү т, жди-… .
4.Человек –адам, шаг- ....
5.Таможня- кеден, пол-....
“Тұлпар” тобына:
1.Возьми- ал, мед-….
2.Рыба- балық, народ-….
3.Дверь- есік, колыбель-….
4.Город- қала, ребенок- ….
5.Игра-ойын, шея-….
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Мұхтар Әуезов
IV-бөлім
«Кім жылдам?»
Әр топ бір-бірден шығып берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал қатысушылар бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
Дұрыс тапқан топқа 1 ұпай қойылады.
V-бөлім
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
Әр топ тіл туралы тақырыпта өздері білетін қазақша, орысша, ағылшынша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.