kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы 2-сыныптар аралығында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абашова Майрамкуль Матыгуловна

        Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы

                   №274 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Интеллектуалдық білім сайысы

Тақырыбы: «Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы   2-сыныптар аралығында

Мақсаты: Оқушылардың  әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Көрнекілік:интерактивті тақта,қанатты сөздер,суреттер.
Өтілу барысы

 І.Ұйымдастыру кезеңі

- Құрметті ұстаздар, оқушылар 2 сыныптар арасында өтілетін

«Ойлы болсаң,озып көр!» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, тек қана білімді жастар екені даусыз. Олай болса«Ойлы болсаң,озып көр!» сайысымызды  бастайық!
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең:«Өзін-өзі таныстыру»1-2 шумақ өлеңмен. Әр оқушы өзінің ұстанымын айтады.
2 -кезең:«Жұмбақ есептер»әр оқушыға  2-жұмбақ есептен.

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.Математикадан есептер.

4-кезең: «Кім жылдам?» ойыны

5-кезең:«Жорға» әр түрлі 5 сұрақтан  қою.

6-кезең: «Құрастырмалы суреттер»

1-к

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы 2-сыныптар аралығында»

Абашова Майрамкуль Матыгуловна

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы

274 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Интеллектуалдық білім сайысы

Тақырыбы: «Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы 2-сыныптар аралығында

Мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Көрнекілік:интерактивті тақта,қанатты сөздер,суреттер.
Өтілу барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Құрметті ұстаздар, оқушылар 2 сыныптар арасында өтілетін

«Ойлы болсаң,озып көр!» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, тек қана білімді жастар екені даусыз. Олай болса«Ойлы болсаң,озып көр!» сайысымызды бастайық!
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең:«Өзін-өзі таныстыру»1-2 шумақ өлеңмен. Әр оқушы өзінің ұстанымын айтады.
2 -кезең:«Жұмбақ есептер»әр оқушыға 2-жұмбақ есептен.

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.Математикадан есептер.

4-кезең: «Кім жылдам?» ойыны

5-кезең:«Жорға» әр түрлі 5 сұрақтан қою.

6-кезең: «Құрастырмалы суреттер»

1-кезең: Әр оқушы өзін-өзі таныстырады,ұранын айтады.

2-кезең: «Жұмбақ есептер»



1-оқушы: 1) Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
2) 10 аламаның 3-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (7)

2-оқушы: 1)Ұлым,  ұлым,  ұлым  деп,

Ұлдарын  ана   сүйеді.

Гүлім,  гүлім,  гүлім деп,

Қыздарын  ана  сүйеді

Бұл  үйдің  неше  қызы, неше ұлы бар. (3 ұлы,  3 қызы  бар.)                    

2) 6 түйе, 5 жылқы.
2 сиыр, 1 ешкі
2 қоян, 3 түлкі,
Қанша болды барлығы? (19)

3-оқушы: 1) Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

2) 100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалды. (70 асық)

4-оқушыға: 1)Табақта 42 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (47 алма)

2)11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

5-оқушыға: 1)Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті 1-еуі
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

2) Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

6-оқушыға: 1) Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке

Мықты болсаң,қанша екен тез есепте

Алдында екеу,артында тағы екеу,

Екі-екіден келеді қос бүйірде. (8)

2)Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Екі қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой. (15)

7-оқушыға: 1)Табақта   жеті  өрік

Қолымда  бес  өрік,

Қосқанда  барлығы,

Болады  неше  өрік? (12 өрік.) 

2. Аулада  5 үйрек,

Қорада  3  үйрек,

Бір  үйрек  тығылды.

Бір  үйрек  жығылды.

Қалғаны  неше  үйрек? (6 үйрек)

8-оқушыға: 1)Он  асықтың  үшеуін,

Досың  сұрап  алды.

Төртеуін  өзің  жоғалттың,

Айта  қойшы   нешеуі

Өз  қолында  қалады? (3 асық)

2) Бір қолымда 7 алма, Бір қолымда 5 алма. Інім жеді 3-еуін, Сонда қалды неше алма? (9)

3-кезең: «Тез есепте» ойыны

1-оқушы: Бірінші қосылғыш -43, екінші қосылғыш - 35 қосынды нешеге тең? (78)

2) 12 мен 2 сандарының айырмасынан 2-ні азайту. (8)

2-оқушы: 1)Бірінші қосылғыш- 37,

екінші қосылғыш- 25

қосынды нешеге тең? (62)

2)14 пен 4 сандарының айырмасынан 1-ді азайту. (9)

3-оқушы: 1) 49-бен 26-санының айырмасы нешеге тең? ( 23)

2)Бірінші қосылғыш-28, екінші қосылғыш- 41 қосынды нешеге тең болады? (69 )

4-оқушы: 1) Азайғыш- 49, азайтқыш- 30 айырманың мәні нешеге тең? (19)

2) 9 бен 11 сандарының қосындысына 10-ды қосу. (30)

5-оқушы: 1)Бірінші қосылғыш- 27,

екінші қосылғыш- 13

қосынды нешеге тең болады? (40)

2) 40-қа 10 және 3 сандарының айырмасын қосу. (47)

6-оқушы: 1) 47 бен 2 сандарының айырмасына 5-ті қосу. (50)

2) Бірінші қосылғыш-54,

екінші қосылғыш-16

қосындының мәнін тап. (70)

7-оқушы: 1) 62+20 сандарының қосындысы қанша болады? (82)

2) 50-ге 4 және 2 сандарының айырмасын қосу. (52)

8-оқушы: 1) 45 және 10 сандарының айырмасынан 4-ті азайту. (31)

2) 80 мен 15 сандарының қосындысы нешеге тең болады? (95)

4-кезең: «Кім жылдам» ойыны

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

1. Қызғалдаққыз, ал ,дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.

2. Жауқазынжау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу, уыз, жақын.

3. Қазақстан- 4. Балапан- 5. Бейбітшілік- 6. Сарқырама- 7. Ханталапай-

8. Қорғасын-

5-кезең:«Жорға» әр оқушыға 5-сұрақтан қою

1-оқушы:1.Жеті атаға кімдер жатады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене)
2. 1сағатта неше минут бар? (60 минут)
3. Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады? (Астана қаласы)
4. Төрт түлік малды ата. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі.)
5. ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

2-оқушы: 1.Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ )
2. 1 аптадағы жеті күнді қазақша атап бер. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.)
3.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

4.Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде,қандай айда тойланады?(көктем)

5.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 ж)

3-оқушы: 1.Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)

2.Жылқы пірін қалай атаймыз? (жылқы - Қамбар ата)

3.Қазақтың ұлттық аспабын ата. (Домбыра)

4.Бір жылда неше күн бар? (365-366 күн)

5. Балық аулайтын құрал не деп аталады? (қармақ, ау)

4-оқушы: 1. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)

2.Барлық қабырғалары бірдей фигура қалай аталады? (шаршы)

3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай)

4. Әр адамның шағын отаны? (отбасы)

5.Сиыр пірін қалай атаймыз? (Зеңгі баба)

5-оқушы: 1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2.Иіс сезу мүшесіне не жатады? (мұрын)

3.Түйе пірі қалай аталады? (Ойсыл қара)

4. Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а,о,ы,ұ)

5. Басты байлық не? (денсаулық)

6-оқушы: 1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

2.Біздің мемлекетіміздің туының түсі? (көгілдір)

3. Су алатын терең қазылған жер не деп аталады? (құдық)

4.1 жылда неше ай бар? (12)

5.Зат есімнің сұрақтары қандай? (кім? не? кімдер? нелер?)

7-оқушы: 1.Қой атасы қалай аталады? (шопан ата)

2.Табиғат нешеге бөлінеді және қандай? (2-ге,тірі және өлі)

3. Қазақтың үш биін ата. (Төле би,Қазбек би,Әйтеке би )

4. Халықаралық әйелдер мерекесі қай кезде тойланады? (8 наурыз)

5. «Күнделік»сөзінде неше буын бар? (3 буын)

8-оқушы: 1.Өсімдіктер жақсы өсуі үшін не қажет? (ауа,су,жарық)

2.Тұңғыш президент мерекесі қай күні, қай айда тойланады? (1 желтоқсан)

3.Ешкі пірі қалай аталады? (сексек ата)

4. Жылдан құр қалған жануар не еді? (түйе)

5.Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына қанша жыл толады? (25 )

6-кезең «Құрастырма сурет»

«Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлеге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген бөлшектердің көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығару керек.

ІІІ. Қорытынды
Әділ қазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап, жеңімпаздарды анықтайды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы 2-сыныптар аралығында

Автор: Абашова Майрамкуль Матыгуловна Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы №274 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Дата: 30.01.2017

Номер свидетельства: 385646

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Білгірлер» білім сайысы "
    ["seo_title"] => string(24) "bilghirlier-bilim-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "216169"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432890225"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства