Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Ойлы болсаң озып көр»
Бұл ойын 5 бөлімнен тұрады. I - турдан өтіп келген 4 оқушы қатысады.
I – бөлім. «Ойлан тап»
II – бөлім. «Ойлы болсаң озып көр»
III – бөлім. «Сөздің көркі – мақал»
IV – бөлім. «Математика тарихы»
V – бөлім. «Алтын қоржын»
Енді ойыншылармен танысайық:
1.
2.
3.
4.
Әділ қазылар сайлайық.
1.
2.
3.
Енді ойыншыларды ойын шартымен таныстырайын. Мен сұрақ қойғанда ойыншылар егер сұрақты білсе, жарық тетігін тез баса қояды. Бұл жарыста кім жылдам сол ұтады. Өйткені ол сұрақтың жауабын барымыз білетін шығармыз. Кім бірінші жарықты басады, сол жауап береді. Ал, енді бастаймыз.
I – бөлім. «Ойлан тап»
Бұл бөлімде осы уақытқа дейін 4 – 5, 6 – 7 сыныптарда оқыған, есеп шығаруда қолданып жүрген формулалар беріледі. Сол формулаларды білеміз бе екен. Есімізге түсірейік.
I I – бөлім. «Ойлы болсаң озып көр»
Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі. Осы есептерді кім жылдам, шапшаң ойланып шешеді екен.
( Осы бөлімнен кейін ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады )
I I I – бөлім. «Сөздің көркі – мақал»
Сандарға байланысты сандық мақал – мәтелдің жалғасын табу керек. Жалғасы санмен байланысты. Бұл мақалды бәріміз күнделікті өмірде естіп жүреміз, бірақ кім бірінші кетікті басып жарықты бірінші басса сол жеңіске жетеді.
1 – сұрақ. Білекті бірді жығады, білімді (1000) жығады.
2 – сұрақ. Тойған жерге (тоғыз ) кел.
3 – сұрақ. Ер жігіттің (үш) жұрты бар.
4 – сұрақ. 7 рет өлшеп, (1) рет кес.
5 – сұрақ. Досыңды үш күн сынама, (үш) жыл сына.
I V – бөлім. «Математика тарихы»
Әр сыныпта әрбір тақырып өткенде сендер ұлы математиктер жайында, олардың ашқан жаңалықтары жайлы естисіңдер. Соны еске түсіріп көрейік.
1. ХVIII – ғасырда Германияда туған.
Мұғалім бір сабақ үстінде оқушыларға 1 – ден 100 – ге дейін натурал сандардың қосындысын табуды тапсырды. Сонда бір бала 50 50 – ге тең деп жауап берген екен. Сол бала кейін атақты аты әйгілі математик болған. Бұл кім? (Карл Гаусс)
2. Швецияның атақты математигі, жиындардың байланысы мен арақатынастары туралы жаңалықтарды ашқан. Мектепте осы ғалымның атымен аталған дөңгелектер бар. Ол кім? (Эйлер)
3. Француз оқымыстысы, философ және математигі. Ол тік бұрышты координаталар жүйесін ашқан. Және ол осы ғалымның атымен аталады. Оң және теріс сандар туралы түсінік берген. Ол кім?
(Рене Декарт)
Осы бөлімнен кейін ұпайы көп ойыншы «Ең білгір» ойыншы атағын жеңіп алады. Енді V турды ойнауы өз еркінде.
V – бөлім. «Алтын қоржын»
Бұл бөлімде ойыншы сұраққа жауап берсе, алтын қоржындағы ақшаға ие болады.
Сұрақ: Үш достардың жастарының қосындысы 29 – да 5 жылдан кейін барлықтарының жасы нешеде болады ? ( 44
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт