Кіріспе сөз: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Кеше ғана қадам басқан мектебің,
Білім берді,санаң өсіп көктедің.
Бойыңда өсті, ойың да өсті қарашы,
Осы емеспе бір белеске жеткенің.
Ортаға 1 «А» сынып оқушыларын шақырайық.
(музыка ойналады, оқушылар ортаға шығады.)
Мұғалім: - Құрметті ата- аналар және бүлдіршіндер,
сіздер үшін бүгін үлкен мереке.
Балалар, алғашқы күннен бастап , қолымызға алып оқыған , әріптерді танытқан Әліппемен қоштасқалы отырсыздар.Бүгінгі «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізде бүгінге дейін Әліппеден алған білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салыңыздар.
Айтбек: Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңдар.
Бір серпіліп қалыңдар,
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі би, ән- жырлар.
Томирис: Көлге құяр бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең.
Том- том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппең.
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
-Балалар, Іші толы әріпке,
Білімдіге жарық не?
Хормен: - Ол сүйікті Әліппе! (3 рет)
Олай болса ең қымбат, сүйікті Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе, Әліппе,Әліппе!
Ортаға Әліппе шығады. (Музыка ойналады) Әліппе әні
Әліппе:
Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаңа....
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Мұғалім: Қош келдіңіз, Әліппе!
Әліппе: - Балалар, мен сендермен қыркүйек айынан бері достасып, портфельдеріңнен түспей келемін. Қане, білімдеріңді ортаға салып көрсетіңдер.
Оқу білім бұлағы................... білім өмір шырағы.
Отан ................. отбасынан басталады.
Туған елдей ел болмас,....................... туған жердей жер болмас.
Анаға қарап қыз өсер..................... әкеге қарап ұл өсер.
Оқу инемен............................. құдық қазғандай.
Мұғалім:
Күннің нұры сөнбесін
Ашық аспан бейбіт күн.
Жаңа ғасырда сөйлесін
Болашағы қазақтың.
Қыздарымыздың орындауында қазақ биі.
Қорытындылау.
Бастауышта оқиды, Ойға білім тоқиды Бұлар бізден жалындар Ертеңгі ірі ғалымдар Алдыңда ұзақ жолың бар, Оқумен өсіп толыңдар Қиындыққа мойымай Аман – есен болыңдар.
Білім кемесіндегі бүлдіршіндерге ақ тілегін білдіру үшін құттықтау сөз мектеп директоры Исатай Темешұлына беріледі.
Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Майя Таскалиевнаға.
Ата- аналар атынан ...............
Құрметті ата- аналар, ұстаздар,біздің «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет.