kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппеге рахмет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «?ліппеге мы? ал?ыс!»
Ма?саты: білімні? бастауы бол?ан, ?ліппеден ?йренгендерін тияна?тау, ?нерлерін тамашалау, білімдеріні? артып, с?з байлы?ыны? молай?анын, саналарыны? ?скенін к?рсету.
О?ушыларды ана тілі о?улы?ымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ?стаздарын, ата – аналарын ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: шарлар, «?ліппе»,  «Ана тілі» о?улы?тарыны? макеті, интерактивті та?та,

Барысы: М??алім: - ??рметті ата – аналар, ?стаздар, ?она?тар! Б?гінгі бізді? 1 «А»
 сыныбыны? ?зірлеген «?ліппеге мы? ал?ыс!» атты ерте?гілігімізді бастаймыз.   Балаларды? е? ал?аш бетін аш?ан о?улы?ы ?ліппе. ?ліппені бітіру алды??ы ?мірге бастайтын к?п белестерді? бірі. Ендеше, біз б?гінгі к?ні сол белесті? бірінен асып отырмыз. Сонды?тан б?гінгі ерте?гілік сіздер мен біздер ?шін орта? та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастау?а р??сат еті?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппеге рахмет »



Тақырыбы:  «Әліппеге мың алғыс!»
Мақсаты: білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе»,  «Ана тілі» оқулықтарының макеті, интерактивті тақта,

Барысы: Мұғалім: - Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «А»
 сыныбының әзірлеген «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға...
( оқушылар кіреді)

Жансая
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Жанел: Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
Нұржан:
Армысыздар, құрметті қонақтар! Ата – аналар, ұстаздар!

Дариға:
Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік

Жұлдыз:
Енді біз алыстағы туыстарымызға өзіміз хат жаза аламыз.
Арлан:
Біз кез -келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқи аламыз.

Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Балалар, олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
( Әліппе келеді) Әліппе: Дильназ

Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!

Мұғалім: Балалар, Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтып көрейікші:
Ә -әлемді
Л -легімен
І – ізгілік
П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз
Мұғалім:.
Мұғалім: - Қане, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.

Алихан 
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе

2-оқушы:
Әліппем, менің, Әліппем!

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен.

Әліппем, менің, Әліппем!

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппем, менің, Әліппем!

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп- көп рахмет!

Әріптердің тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

Әсем биге басады.

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

«А» деген, ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген, ол әкелер ғой салмақты.

«Б» деген, ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей...

Сондықтан да расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында.

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе- ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау, сыныбың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

«Әліппе» атты кемемен,

Кеземін білім мұхитын.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты

Білімнің тегін қазатын.

«Әліппе» даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

«Әліппе» сырын ашатын,

Рахмет ұстаз алғашқы.

2- жүргізуші: Армыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппесін меңгерген
Әріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.
(Оқушылардың қолдарында шарға жапсырылған қима әріптер бар)
А-ға й-ды қоссаңыз
Көкте тұрған ай болар

Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылғөй

Б дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой

М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар

Ауылда бар,
Елде жоқ (У)

Ж-дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің

Кірпікте жоқ,
Қаста бар.(Қ)

З-әріпімен зердедім
Зергерлердің зергерін

Тауда бар, Бауда жоқ.

Ы-дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің

О-дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар

С әріпінен тұратын
Сый, сияпат, сенімің
Әліппе; - Бәрекелді, қандай ақылды балалар? Бәрің сауаттаныпсыңдар. Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Мен сендерге ризамын!
- Ал, қане маған әріптермен сөз құрап көрсетіңдерші.
Ә: - Сендер қай мектепте оқисыңдар?
Оқушылар қолдарындағы әріптермен «Ақсу» сөзін құрайды, хормен айтады.
Ә: - Сендер меннен нені үйрендіңдер?
Әріптер «оқу » және «жазу» деген сөздерді құрап, хормен айтады.

Міғалім:    Балалар, әліппені оқи алатыдарыңды көрсеттіңдер, ал математикадан санауды, есептеуді білесіңдер ме? Көрейік

–    Ол үшін, сандарды сөйлетейік
1 дегенім – білім,
Білім – жарық күнің.
2 дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
3 дегенім – үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
4 дегенім – талап,
Талмайтұғын қанат.
           5 дегенім – бірлік,
           Бірліксіз жоқ тірлік
           6 дегенім – арман,
           Атар таңың алдан.
            7 дегенің – жігер,
          Жеңер жолын білер.
           8 дегенің – сенім,
           Сүйенішің сенің
            9 дегенің – талғам,
            Тура жолға салған
           10 дегенің – Отан
            Отанды сүй ботам.
Мұғалім: Балалар, математикадан білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып шешіңдер!
1.    5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2.    Сымда 7 үйрек отыр еді, 4 еуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады?
3.    Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналады 5 есек
Бесеуі де ұйықтап отыр
Ынталысы неше есек ( 0 )
4.    Он асықтың жетеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? 3
Мұғалім: Балалар, қазір біз бағаланамыз. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік
1 дегенім жаман баға, алады оны жаман бала
2 дегенім – нашар баға, інішегім нашарлама
3 дегенім – орта баға, Сапасы оның орта ғана
4 дегенім – жақсы баға, алады оны жақсы бала
5 дегенің үздік баға, оқитын бол үздік қана
Мұғалім: - Ендеше ең жақсы бағалар қайсы екен?
- Әрине ол 4 пен 5. Ендеше тек қана 4 пен 5 деген бағаны алатын болайық.
Мұғалім: Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында оқып, жазуды үйрендік ендеше не дейміз?
Хормен: Әліппеге мың алғыс!
Әліппе:
Сендерге де рахмет, балалар!
Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекте бейімді болыңдар!
Ақ жол болсын, қарақтарым
Айдай болсын қабақтарың
Күнделіктерің беске толсын
Қош бол менің балаларым!
Хормен: Қош сүйікті Әліппе!
Бізде саған ақ жол тілейміз!
Мұғалім: - Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс етейік.(Жансая)
6-ға сен де келесің
Артымыздан біздің ересің
Қуыршақ пен машинаңды тастай сал
Артыңнан ерген ініңе
Сый қылып мұны бересің
Даярлық сынып оқушысы: Зарема
6-ға мен де толамын,
Таудай биік талабым.
Ойыншықты сыйға беріп
Әліппемен дос боламын

9- оқушы: Жансая
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
10 – оқушы  Нұрдәулет
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың

–    Балалар, сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ортаға ана тілін шақырайық.
( Ана тілі келеді)
Ана тілі:

Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылдым.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
–    Ана тілі – ұраным
Ана тілі – құралым.
Ана ттілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық
–    Ана тілі: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?
Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілі: Ең алғашқы ұстаз кім?
Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин
–    Ерасыл «Осы біз қандаймыз?»
1. Талабы биік таудаймыз
2. Жанып тұрған шырақпыз
3. Біз шеберміз
4. Мың бұралған бишіміз
5. Өнерліміз, білімдіміз
6. Қазақ тілін көркемдетеміз
7. Бабаларға тағзым етеміз
8. Аналарға бас иетін
9. Елтаңбасымен еңселі
10. Туымен тұғырлы
11. Әнұранымен әйбатты
Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз
Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғаш жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерге тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! -деп осымен мерекемізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңызға рахмет!
–    Бірге: Сау болыңыздар!







1 Ақсу орта мектебі



Бастауыш сыныптары апталығында жүргізілген іс- шара



Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!»

Сынып: 1 «А»







Мұғалім: Упенова Ғ.Х.



2015 жыл

Ертеңгіліктен көрініс

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ліппеге рахмет

Автор: Жумаева Айнур Кудайбергеновна

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202684

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""?ліппеге рахмет" "
    ["seo_title"] => string(19) "lippieghie-rakhmiet"
    ["file_id"] => string(6) "134704"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416771483"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ліппеге рахмет!"
    ["seo_title"] => string(18) "lippieghierakhmiet"
    ["file_id"] => string(6) "285919"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454257631"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ліппеге рахмет.docx."
    ["seo_title"] => string(24) "lippieghie-rakhmiet-docx"
    ["file_id"] => string(6) "287639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454512457"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Рахмет ?ліппеге"
    ["seo_title"] => string(19) "rakhmiet-lippieghie"
    ["file_id"] => string(6) "272477"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451991633"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?ош бол, с?йікті ?ліппем! мерекелік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshbolsuiiktilippiemmieriekielikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272053"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451898770"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства