kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рахмет ?ліппеге

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?ліппеге рахмет!» білімні? бастауы бол?ан, ?ліппеден ?йренгендерін тияна?тау, ?нерлерін тамашалау, білімдеріні? артып, с?з байлы?ыны? молай?анын, саналарыны? ?скенін к?рсету.

О?ушыларды ана тілі о?улы?ымен таныстыру.

Отаным, мектебім, ?стаздарын, ата – аналарын ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: шарлар, «?ліппе»,  «Ана тілі» о?улы?тарыны? макеті, интерактивті та?та, к?рініс, ертегі кейіпкерлеріні? макеттері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рахмет ?ліппеге»

№ 24 Жалғызқұдық орта мектебі













1 "А" сынып.

Өткізген: Жапабекова Г.А









2015-2016 оқу жылы

«Әліппеге рахмет!»

 Тақырыбы:  «Әліппеге рахмет!»

«Әліппеге рахмет!» білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.

Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.

Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе»,  «Ана тілі» оқулықтарының макеті, интерактивті тақта, көрініс, ертегі кейіпкерлерінің макеттері

Барысы: 1. фонфар қосылады

Ертегілер әнімен ашу  орындайтын: Кали Наргиз

( Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді)

1- уәзір:  Уа, уәзірлер, қараңдаршы!  Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтар отыр.

2- уәзір: 1 – сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп естідім.

3- уәзір:  Ой, неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық!

Ханшайым:  Уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамыз да келе жатыр.

Уәзірлер: Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.

Патша:  Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде не болғалы жатыр?

1-уәзір:  Қымбатты патшамыз, бүгін 1- сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік. Патша: Не дейді? ( Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты қатты ұрып) Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!

Уәзірлер:  Құп, тақсыр! ( Екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)
Патша: Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар?

1- жүргізуші: Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің кішкентай достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқи алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып, 1 «Б» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Патша: - Жарайды, онда рұқсат берейін, өнерлерін көрейін.

2- жүргізуші:

Рахмет, білім патшасы!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер,

Тыңдамаған тыңдаңыздар!

Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

1- жүргізуші: Осы тойдың себепкерлері қайда екен? Айәсем, менде бір сиқырлы дүрбі бар, кел көрейік. Ой біздің Ақмарал мұғалім әліппе тойы қалай өтеді деп уайымдап тұр

2- жүргізуші: Ал, оқушылар ше? Мен де көрейінші олар да қызу дайындықта.

Сенде дүрбі болса, менде сиқырлы таяқша бар уф, суф ахалай махалай!

Олар әне келеді.

Қой қарсы алайық

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға...

( оқушылар кіреді)

1- қыркүйек 2013 жылы 1- сыныпқа қадам басқан, сүйкімді әліппе оқулығын қолдарына ұстаған 20 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

Мұғалім: - Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «Б»
 сыныбының әзірлеген «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. ( Слайдтан мақсаты оқылады ) Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

3- жүргізуші:

Армысыздар, құрметті көреремендер!

Ата – аналар, ұстаздар және оқушылар!

4- жүргізуші: МахаббатҮй соғуға шамасы келмесе де, кешімізде қол соғуға келген жандар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік қой, Нұрислам.

3- жүргізуші:

Рас, әліппемен қоштасу тек біздің мектебімізде ғана емес барша Қазақстан бойынша қоштасып жатыр екен.

4- жүргізуші:

Иә, енді біз алыстағы туыстарымызға өзіміз хат жаза аламыз.
3- жүргізуші:

Біз енді кез -келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқиаламыз.

Мұғалім:
Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Балалар, олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға

шақырайық!

Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

( Әліппе келеді)

Әліппе:

Айәсем

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата – ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім – көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық!


Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ:
Ә -әлемді

Л -легімен

І – ізгілік

П – парасатпен

П – паш

Е – етеміз

Мұғалім:
–    Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету – біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
–    Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
Мұғалім: - Қане, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.

1- оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе

 2-оқушы:

Ата – апа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

3- оқушы:

Арта берді кітапқа

Бойымдағы құмарым,

Бірге жүрген қасымда,

Әліппе болды сыңарым

4- оқушы  

Әсем ою өрнекпен

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем.

5- оқушы:  

Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

6- оқушы:  

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым

Үйреніп, әріптер мен әңгімені

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

7- оқушы  

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

ана тілге әкеліп жалғастырдың

Әр әріпті қостырып сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың

Әліппе: Балалар, жаңа сендер менен 42 әріпті үйрендік, енді өзіміз оқи аламыз дедіңдер. Қане, оқып көрейікші:

(тақтада мәтін жазылады)  Махаббат, Анеля, Медина

Хор: Әліппе

Тапсырма: Жоғалған әріптерді табу:  Әліппе, мектеп, мұғалім, асхана, дәрігер, оқушылар, ұя, аюлар, шахтёр

Енді, балалар, осы сөздерге сұрақ қояйықшы
–    Балалар, Біз Әліппеден оқи алатынымызды көрсеттік, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік.Осы уақытқа дейін математикадан не үйрендіңдер?

–    Ендеше, сандарды сөйлетейік

1 дегенім – білім,

Білім – жарық күнің.

2 дегенім – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

3 дегенім – үміт,

Үмітсіз жоқ жігіт.

4 дегенім – талап,

Талмайтұғын қанат.         

 5 дегенім – бірлік,

 Бірліксіз жоқ тірлік

 6 дегенім – арман,

 Атар таңың алдан.

7 дегенің – жігер,

Жеңер жолын білер.

 8 дегенің – сенім,

 Сүйенішің сенің

9 дегенің – талғам,

Тура жолға салған

10 дегенің – Отан

Отанды сүй ботам.

Мұғалім: Балалар, біз сандарды сөйлеттік. Енді қазір мен сендерге математикадан білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып шешіңдер!
1.    5 алманың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

2.    Сымда 7 үйрек отыр еді, 4 еуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады?

3.    Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналады 5 есек

Бесеуі де ұйықтап отыр

Ынталысы неше есек ( 0 )

4.    Он асықтың жетеуін

Досың сұрап алады

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? 3

Мұғалім: Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік
1 дегенім жаман баға, алады оны жаман бала

2 дегенім – нашар баға, інішегім нашарлама

3 дегенім – орта баға, Сапасы оның орта ғана

4 дегенім – жақсы баға, алады оны жақсы бала

5 дегенің үздік баға, оқитын бол үздік қана

Мұғалім: ең жаман бағалар қандай екен?

- ендеше бұл бағаларды арамыздан аластатайық, уәзірлер сиқыр таяқшаларың қайда?

- Ендеше ең жақсы бағалар қайсы екен?
- Әрине ол 4 пен 5. Ендеше сол бағаларды ортаға алайық

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнайық

Мұғалім: Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында оқып, жазуды

үйрендік ендеше не дейміз?

Хормен: Әліппеге мың алғыс!

Әліппе: Айәсем

Сендерге де рахмет, балалар!

Оқуда зейінді болыңдар

Еңбекте бейімді болыңдар!

Ақ жол болсын, қарақтарым

Айдай болсын қабақтарың

Күнделіктерің беске толсын

Қош бол менің балаларым!

Хормен: Қош сүйікті Әліппе!

Бізде саған ақ жол тілейміз!

Мұғалім: - Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға

табыс ету – біздің міндетіміз.

–    Балалар, сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді

ортаға ана тілін ортаға шақырайық.

( Ана тілі келеді)

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылдым.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

–    Ана тілі – ұраным

Ана тілі – құралым.

Ана ттілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Хормен:

Әліппемен қоштастық,

Ана тілмен достастық

–    Ана тілі: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?

Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы

Ана тілі: Ең алғашқы ұстаз кім?

Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин

–    «Осы біз қандаймыз?»

1. Талабы биік таудаймыз

2. Жанып тұрған шырақпыз

3. Біз шеберміз

4. Мың бұралған бишіміз

5. Өнерліміз, білімдіміз

6. Қазақ тілін көркемдетеміз

7. Бабаларға тағзым етеміз

8. Аналарға бас иетін

9. Елтаңбасымен еңселі

10. Туымен тұғырлы

11. Әнұранымен әйбатты

 







Мұғалім:
–    Міне, біз ертегі еліне саяхат жасап, онда ән айтып, би билеп, тапсырмалар  орындап,  білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата – аналардың қосқан үлесі өте мол. Ата – аналар сіздерге көп рахмет!

Келесі сөз кезегі ата – аналарға беріледі

Мұғалім: Біздің балалар әліппені оқумен қатар, ағылшынды да қоса оқып жатыр. Әріптерін, тақырып бойынша сөздерді жаттап үйреніп жатыр. Ендігі кезекте ағылшыннан жаттаған тақпақтарына берейік.
( слайдтан заттардың аттарын ағылшынша баламасын айту )

Мұғалім: Біздің балалар, әліппені оқумен қатар, ағылшын тілін де ақырындап меңгеріп келе жатыр, кезекте осы ағылшын тілінен жаттаған өлеңдеріне берейік ( слайдтан суреттер көрсетіледі соның аттарын ағылшынша  айту керек)

Мысалы: ата, әже, ана, әке, аға, апа т.б.

Патша:
–    Мынадай, білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылар бар мектепті ешқандай дау алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін.
–    Мұғалім:

Білім патшасының сөзіне мен де қосыламын. Біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Қымбатты балалар! Мектептегі алғаш жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерге тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! -деп осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңызға рахмет!
–    Бірге: Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Рахмет ?ліппеге

Автор: Жапабекова Гульжан Абильхамитовна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272477

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""?ліппеге рахмет" "
    ["seo_title"] => string(19) "lippieghie-rakhmiet"
    ["file_id"] => string(6) "134704"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416771483"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ліппеге рахмет!"
    ["seo_title"] => string(18) "lippieghierakhmiet"
    ["file_id"] => string(6) "285919"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454257631"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""?ліппеге мы? ал?ыс" "
    ["seo_title"] => string(21) "lippieghie-myn-alg-ys"
    ["file_id"] => string(6) "220298"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434569391"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?ліппеге мы? ал?ыс! (ерте?гілік) 1- сынып"
    ["seo_title"] => string(37) "lippieghiemynalgysiertienghilik1synyp"
    ["file_id"] => string(6) "271402"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451487160"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Әліппеге мың алғыс!» сыныптан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(40) "lippieghie_myn_alg_ys_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "439084"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510811868"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства