kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппеге рахмет.docx.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерте?гілікті? та?ырыбы: ?ліппеге рахмет !

Ма?саты:  О?ушыларды? сауат ашу п?нін барысында  ал?ан білімдерін  тияна?тау,  ?з ?нерлерін ата- аналар?а к?рсету. О?ушыларды? білуге білімге деген ??штарлы?тарын арттыра т?су, ?зін-?зі бас?аруы  мен ана тілін с?йіп, ?астерлеуге т?рбиелеу.

К?рнекілік:  Бас ?ріппен кіші ?ріп  жазыл?ан бас киімдер, ?лкен к?лемде жазыл?ан « ?ліппе » ж?не « Ана тілі » м??абасы, Ы.Алтынсарин, А. ??нанбаев портреттері, о?у, білім туралы ма?ал-м?телдер, ?анатты с?здер,  шарлар, магнитафон т.б.

Ерте?гілік барысы:

М??алім: - ??рметті ?стаздар, ата-аналар ! Сіздерді балалары?ызды? ал?аш ?олына ?стап, бетін аш?ан кітабы « ?ліппені о?ып бітіру » ??рметіне арнал?ан салтанатты мерекемізге келді?іздер. « ?ліппе - б?кіл ?ылым білім со?па?ыны? басы ».

Біз б?гін с?здерге  ?ліппені ?алай бастап, ?алай ая?та?анымызды к?рсетпекпіз:             

?тті, о?у, сан саба?

Б?гін ?лкен салтанат.

О?улы?пен достасса?,

?ліппеміз ?оштаспа?.

Ой, білім жа??ырып,

?ліппеден м??гілік

?ріптерді таны?ан,

??кей білгіш балдыр?ан.

?сті білім ойлары?,

??тты болсын тойлары?.

Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Т?ттілігі жая мен жалдай екен.

Арып - ашып даладан келгенінде,

Бал иісін таттырып алдайды екен - деп Кенен ?зірбаев атамыз айт?андай кішкентай б?лдіршіндерімізді? бал тіліне ??ла? салайы? !

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппеге рахмет.docx.»

Ертеңгіліктің тақырыбы: Әліппеге рахмет !

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата- аналарға көрсету. Оқушылардың білуге білімге деген құштарлықтарын арттыра түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Бас әріппен кіші әріп жазылған бас киімдер, үлкен көлемде жазылған « Әліппе » және « Ана тілі » мұқабасы, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев портреттері, оқу, білім туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, шарлар, магнитафон т.б.

Ертеңгілік барысы:

Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар ! Сіздерді балаларыңыздың алғаш қолына ұстап, бетін ашқан кітабы « Әліппені оқып бітіру » құрметіне арналған салтанатты мерекемізге келдіңіздер. « Әліппе - бүкіл ғылым білім соқпағының басы ».

Біз бүгін сөздерге Әліппені қалай бастап, қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз:

Өтті, оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ.

Ой, білім жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған,

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті білім ойларың,

Құтты болсын тойларың.

Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып - ашып даладан келгенінде,

Бал иісін таттырып алдайды екен - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық !

1 - оқушы:

Сәлематсыздар ма құрметті ата-аналар, қадірменді ұстаздар ! « Әліппеге рахмет ! » атты ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - оқушы:

Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

1-бастаушы

Оқуды көріп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.


2-бастаушы

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа !


3 - оқушы:

Біз енді алыстағы туыстьарымызға өзіміз - ақ хат жаза аламыз.

4 - оқушы:

Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

5 - оқушы:

Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсе үйрендік.

  • Сурет салуға

  • Ән айтуға

  • Есептеуге

  • Денемізді шынықтыруға

- Еңбек етуге сүйікті мұғаліміміздің көмегімен дағдаланудамыз.

6 - оқушы:

Елімізде жылма-жыл біз тәрізді мектеп есігін ашушы бүлдіршіндер өз қатарын арттыруда. Олардың барлығыда мына жайды бастарынан кешріді.

7 - оқушы:

Қыркүйектің бірінде,

Оқушы болдым мектепте.

8 - оқушы:

Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма.

Сызықтарға толтырдым,

Қалдырмай дәптер жолында.

9 - оқушы:

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ ойнауға.

Әріптен құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Хор: « Біз өмірдің гүліміз ».

10 - оқушы:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

11 - оқушы:

Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

12 - оқушы:

Әліппем, менің Әліппем,

«А » деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

13 - оқушы:

Осылай алға аттадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

14 - оқушы:

Әліппем, менің Әліппем,

Өшпейтін нұрлы әріптен.

Есігін аштым білімнің,

Өзіңнен кілт алып мен.

Мұғалім: - Балалар, сендерге осының бәрін үйреткен кім ?

- Мектеп, мұғалім, Әліппе, ата-ана.

Барлығы: « Қайда екен біздің Әліппе !»

Әліппе: Құттықтаймын саусыңдар ма ,

Бүлдіршіндер, балдырғандар.

Озат болып, ер жетіңдер,

Ұстаз көңілін қалдырмаңдар.

Барлығы: - Құп болады ! Әліппе.

Әліппе: - Олай болса, алғашқы, Әліппені кім жазды ?

- Ыбырай Алтынсарин жазды.

Мұғалім: - Балалар, сендер енді жұмбақтар шешіп көріңдер.

1.Он екі есік қос топса,

Бір дүние бас қосса.

Ашасың да, жабасың,

Әдемі іздер саласың. ( Дәптер )

2.Дүниеге тұмсықсыз ол келеді,

Алайда өз тұмсығынан өледі. ( Қарындаш )

3.Екі тіреу басқышы біреу,

Бұл қай әріп ? ( Н)

4. Жылқышының құрығындай ,

Тіп-тіке тұруын-ай. ( Р )

5. Білезікке қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп ? ( С )

6.Арқасын тіреп қабысып,

Екі « Р » қалған жабысып. ( Ф )

7.Қосылса 1 мен 3-тің арасы,

Қандай әріп қарашы. ( В )

8.Аралай түс жалықпа,

Әріптердің арасын.

Байқамасаң анықтап,

Үш екен деп қаласың.

Шатастырма танып ал,

Бұл қай әріп табыңдар ? ( З )

- Балалар, сендер жұмбақтарды да өте жақсы шештіңдер.

- Енді математикадан алған білімімізді көрсетейік.

1.

Бір дегенім - бесік,

Шықтық содан өсіп.

2.

Екі дегенім - елім,

Далам, тауым, көлім

3.

Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

4.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

5.

Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уақыт.

6.

Алты дегенім - ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7.

Жеті дегенім - жалау,

Жүректегі алау.

8.

Сегіз дегенім - сөзің,

Серт беретін кезің.

9.

Тоғыз дегенім - талғам,

Тура жолға салған.

10.

Он дегенім - Отан,

Қорға соны - ботам !

Хор: « Мұғалім ол біздің »

Мұғалім: - Бір таңбалы сандарды кім атайды ?

- Екі таңбалы сандарды ше ?

- 9, 5 сандарының көршілерін кім атайды ?

Тақтаға оқушылар шығып нүкте, сәуле, түзу, кесінді, бұрыш, шаршы т.б. салып көрсетеді.

( Ойын есептер айтылып шығарылады.)

Мұғалім: - Сендерге хат танытып, білім беретін, мектеп, мұғалім, ата-ана, Әліппелерің.

- Мен сендерге ақын Мұзафар Әлімбаевтың « Әліппе » деген өленің айтып бергім келіп тұр.

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң ?

Әп-сәтте шыға қоя ма

Еккен дәнің ойласаң?!

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа,

Ұғып ал: білім боларын.

Шам - шырағың жолыңда

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзің көріп пе ең ?

Том - том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппең...

- деп жырлағанындйа, бұл білімнің бастамасы ғана. Сендер енді одан әрі қарай оқисыңдар.

Оқушылар: - Біз « Әліппені » бітірдік қой.

Мұғалім: - Иә, бітірдіңдер, қазір біз « Әліппемен қоштасып, жаңа достармен танысамыз ».

( Әліппе макетін киген бала жақындап келеді.)

Әліппе: - Иә, балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына « Ана тілі » болады.

Оқушылар: - Сәлеметсізбе, « Ана тілі ».

Әліппе: - Міне сендерді таныстырдым. Енді сабақтарынды жақсы оқыңдар, ата-аналарыңды, мұғалімдеріңді реңжітпеңдер.

Ал, мен енді кетейін.

15 - оқушы

Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әліппені.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

16 - оқушы

Қош бол, құтты Әліппем !

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

17 - оқушы

Қош бол, құтты Әліппем !

Тіл тұсауын кестің сен.

Аяулы анам болып сен,

Айыбымды кештін сен.

Хор: ән « Әліппе ».

Әліппе: - Сендерге де рахмет.

Ал, қош болыңдар !

Оқушылар: - Қош болыңыз, Әліппе !

Ана тілі: - Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге қызықты көп әңгімелер айтып беремін. Мені ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Оқушылар: - Оқимыз, Ана тілі, оқимыз.

Мұғалім: - Тақтадан кімдердің суретін көріп тұрсыңдар ?

( Оқушылар жауап береді )

- Ал, балалар Ы.Алтынсарин атамыз қандай өсиет қалдырған ?

« Кел балалар оқылық » - өлеңі айтылады.

- Абай атамыз қандай өсиет қалдырған ?

Әсемпаз болма, әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан.

Мұғалім: Жері кең, елі бай бұл қай ел ?

Оқушы: - Қазақстан.

« Қазақстаным » өлеңін хормен айтады.

Мұғалім: - Осы елдің астанасы қай қала ?

Оқушы: Астана

Мұғалім: - Біз қандай едлміз ?

Оқушы: - Біз егеменді елміз.( Хормен ).

Мұғалім: - Егеменді елдің елбасы кім ?

Оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

« Ел қорғауға әзірміз » әнін хормен айтады.

Мұғалім: - Балалар, сендердің «» Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.

- Қане, бәріміз ата-анамызға рахмет айтайық.

Оқушылар: - Ата - анаға рахмет !

Соңынан оқушылардың өнерін тамашалайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ліппеге рахмет.docx.

Автор: ?азымбек С?уле ?абен?ызы

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287639


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства