Сабақтың тақырыбы:
Қаратпа сөз
3 ә сынып
Бекжанова Б.С .
а)Білімділік:Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік беру, сөйлем ішінен қаратпа сөзді тауып, ажырата білуге үйрету;
ә)Дамытушылық: :
Балалардың логикалық ойлауын, сөздік қорларын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, танымдық қабілетін арттыру, тіл байлығын қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік:
Өз бетінше оқу - жазуға, сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қоя білуге үйрету.
Сауатты ,әдемі жазуға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз.
Жалаң сөйлем деген не?
Тұрлаулы мүше деген не?
Жайылма сөйлем деп ненеі айтады?
Бастауыш деп нені айтады?
Баяндауыш деген не?
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
Сәйкестендір:
Мұғалім өлең жазады
Сатушы мөңірейді
Жазушы білім береді
Сиыр мияулайды
Мысық сатады
Жаңа сабақ: Қаратпа сөз.
Сөйлегенде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді
қаратпа сөз дейді.
Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.
Балам, дәптеріңді таза ұста!
Айдос, қолыңды жу.
Оқушылар, тыныш отырыңдар.
Қайда барамыз, көке ?
Марат, үлкен кісіге орын бер!
Әже, кесте тігуді үйретші.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сәлем, қымбатты достарым!
Сәлеметсіз бе, Қадірлі ұстаз!
Армысыз, әже!
Ата, қайырлы таң!
Кімдерге қаратылып айтылғанын тап.
- 2-жаттығу .
- Арайлым,сен кітапханаға Арайлым кітапханаға
- бардың ба? барды.
- Әже, ертегі айтып Әжем ертегі айтты.
- беріңізші.
- Дүкеннен керек-жарағың- Қызым дүкеннен керек-
- ды алуды ұмытпа,қызым. жарағын алуды ұмытпады.
3-жаттығу.
Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөзді тап. Мәтінді көшіріп жазып, қаратпа сөздің астын сыз.
-Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті. Өзі бұрын есік ашпаған бала екен, жақсылап көйлек тігіп кигіз.
-Иә, балам, оқып жүрсің бе?
-Оқып жүрмін, Абай ата.
Сергіту сәті.
1.барды , сабаққа, балалар
2. ойнады, Айнаш, қыздармен
3.сыныпқа , кірді, Самат
4.балалар, қайтты, үйлеріне, көңілді
( Адасқан сөздерді өз орнына қой)
4-жаттығу.
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
Қаратпа сөзді тап.
Күлдірген-ай, Күлдірген!
Жуамын деп еденді,
Үйдің ішін бүлдірген.
Әй, Күлдірген, Күлдірген!
6-жаттығу.
Диалог түрінде оқы.
- Ата, ең қымбат нәрсе не?
- Туған жеріңнен қымбат еш нәрсе жоқ.
- Неге?
Сабақты бекіту.
3 топ бір-біріне сұрақ қою арқылы
қорытындылаймыз.
Олар өздерін бағалайды.
Тест.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 97 бет.