kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қырдың жас түлегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қырдың жас түлегі

Ашық сабақ-презентация

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қырдың жас түлегі»

дың жас түлегі. Сапарғали Бегалин (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, карточка, ребус, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қазір сеңдер мына парақшаларға күннің күлімдеп тұрған бейнесін салып, жүрегіміздегі жылуымызбен бөлісеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен сабақта біз сендермен Әмірхан Абдулиннің “Ақкөл жағасында” әңгімесімен танысқанбыз
1. Әңгімеде кім туралы?
2. Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды? Ел ішінде оны қалай атаған?
3. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді?
4. Ахмет Байтұрсынұлы неге риза болды?
5. А. Байтұрсыновтың сөйлеген сөзінен, іс - әрекетінен қандай адам екенін байқадыңдар?
6. Неге бұл әңгіме “Ақкөл жағасында” деп аталады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ассоцияция құрамыз.
А. Байтұрсынов кім? (ортаға сурет қоюға болады)
А. Байтұрсынов

Ғалым
Әліппе атасы
Тарихшы
Ақын
Әдебиетші
Аудармашы
Ұстаз
Мемлекет қайраткері

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
Ребус шешу.( қырдың жас түлегі)
Сонымен, бүгін біз Сапарғали Бегалиннің “Қырдың жас түлегі” атты әңгімесімен танысамыз.
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе Сапарғали Бегалин (1895 - 1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20 - дан астам кітап жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. С. Бегалин ”Сәтжан”, “Көксегеннің көргендері”, “Шоқан асулары”, “Алтай аңызы”, т. б. көптеген шығармаларды жазған.

Шоқан (шын аты Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам.
Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болады.
Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу. Мәтінді 4 бөлікке бөлу, әрбір бөлімге ат қою.
Теріп оқу.
Сөздік жұмыс.
Қырдың жас түлегі - қазақ елінде туып өскен бала.
Қамау көше – тұйық көше.
Кадет корпусы – патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны.
Жатақ – жатақхана.
Сергіту сәті.
“Кім шапшаң?” Намыс, ерлік, батырлық, оқу, білімге байланысты мақал - мәтел айтқызу..
1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).
2. Аққуды атуға болмайды, (досыңды сатуға болмайды).
3. Батыр туса - ел ырысы, (жауын жауса жер ырысы).
4. Ойнап сөйлесең де (ойлап сөйле).
Қызығушылығын ояту.
Шоқанға мінездеме беру
Шоқан --- қайырымды --- әділ --- уәдеге берік
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
Конверттің ішінде тапсырмалар жасырылған 3 - 4 оқушы келіп сұрақтарға жауап береді.
- Шоқан нені аңсады?
- Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады?
-«Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?
- Анатолийдің қылығы дұрыс па?
- Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?
- Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді әңгімеле.

ҮІІ. Қорыту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, Шоқан туралы мәлімет әкелу.


Сілтеме

3-сынып Әдебиеттік оқу

Тақырыбы

С.Бегалин. Қырдың жас түлегі.

Жалпы мақсаты

Мәтін мазмұнын түсініп оқу.Шоқан Уәлиханов туралы

өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру,кеңейту.

Оқыту нәтижелері

а)Пәндік нәтиже:оқушыларға Шоқанның өмірі,шығарма-

шылығы мен қызығушылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;мәтіннің мазмұнын аша отырып,та-

ным мүмкіндіктерін анықтау.

ә)Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:ізденуге деген қызығушы-

лықтарының оянуына жағдай туғыза отырып,шығарма- шылық қабілеттерін дамыту.

б)Тұлғалық нәтиже:туған жерге деген сүйіспеншілігін арт тыру,оқушылырды мейірімділікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Түйінді идеялары

Ғылым,білімге ұмтылу.

Туған жерге сүйіспеншілік.

Күтілетін нәтиже

Мәтінді түсініп ,мәнерлеп оқиды.Идеясын түсінеді.

Сыни ойлауы қалыптасады.Ауызша сөйлеу,есте сақтау

қабілеттері артады.Топпен жұмыс жасау дағдылары қа-

лыптасады.Шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі

Жаңа материалдарды меңгерту,түсіндіру,топтық жұмыс,

сұрақ-жауап,топтық бағалау,эссе,сурет салу.

Көрнекілігі

С.Бегалин,Ш.Уәлихановтың суреттері,мектеп суреттері, геометриялық фигуралар қиындылары,бағалау парақтары

Стратегиялары

Үш қадамды сұхбат,сергіту сәті,ой қозғау,синквейн.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Геометриялық фигуралармен топқа бөлу.

Топ ережесін құру.

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу. «ШОҚАН»

Қыздың көркі-… .

… отбасынанбасталады.

Қызға … жерден тыйым.

Қасиетті тағам.

Жаңа сабақ

Шоқан туралы мәлімет.

Тақырып пен авторын таныстыру.

Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс.

«Үш қадамды»сұхбат.Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

Бекіту тапсырмалары

Топтық жұмыс.Постер қорғау.

1-топ.Шоқанның өмірбаяны.

2-топ.Туған жер туралы мақал- мәтелдер.

3-топ.Шоқанға мінездеме беру.

Сергіту сәті

Музыка әкенімен би қимылдарын жасау.

Шығармашылық

тапсырма

1-топ.Эссе жазу.

2-топ.Сурет салу.

3-топ.Шығарманы сахналау.

Қорытынды

Синквейн әдісі Бес жолды өлең құрастыру

Кім? Шоқан

Қандай? Ақылды,зерек

Не істеді? Саяхат жасап зерттеді

Сезімді білдіре- Артына өщпес мұра қалдырды!

тін сөйлем

Синоним Ғалым

Үйге тапсырма

А.Құнанбаев туралы мәлімет жинау

Бағалау

Топтық бағалау

Рефлексия

Оқушылар стикерлерге сабақ жайлы рефлексия жазып іледі

Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Мақсаты: Есептерді теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру,есептеу дағдысын жетілдіру.
Нәтижесі:Оқушылар теңдеулердің көмегімен есептерді шешу алгоритмін біледі.

Модульдер:СТО,Талантты және дарынды балаларды анықтау,АКТ,ОүБ,Оқытудағы басқару мен көшбасшылық. Әдіс-тәсілдер:Тренинг,сергіту сәті,топтық жұмыс,бақылау,бағалау,деңгейлік және логикалық тапсырмалар,сұрақ-жауап,түсіндіру,постер жасау,ойындар. Сабақ түрі:жаңа сабақ. Пәнаралық байланыс:қазақ тілі.

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер,оқулық,стикерлер,ИТ,бағалау парағы,геометриялық фигуралар,смайликтер.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңіл күйін жақсарту және ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында тренинг өткізіледі.
(жақсы тілектер айтады)

2.Қызығушылықты ояту.
«Ойлан, тап!».Математик Білгішбектің тапсырмасы:
1кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты кг сары май қанша тұрады?
360: 2=180 (жарты, немесе 500г)
• х: 5=18 х=18•5 х=90 90: 5=18 18=18
Қайсысы ыңғайлы? (әрине теңдеу құрған)

3. Жаңа сабақ.

Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашу
Есепті теңдеу құру арқылы шешу.Топқа бөлу.
«Ой қозғау»
Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі, қарапайым)
Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қарапайым: тек қана бір амалмен орындалады). 4.Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс. №1.152 бет.Теңдеулер жаз және шеш. -Ойлаған сан мен 160-тың қосындысы 350-ге тең. –Егер 120-ны ойлаған санға қосса,онда 205 шығады. -370 пен ойлаған санның қосындысы 9000 мен 10-ның бөліндісіне тең. №3.152-153 бет.Теңдеу құрастыр. а)Жәшікте бірнеше килограмм алма болды.Жәшіктен 8кг алма алынғаннан кейін,онда тағы 13 кг алма қалды.Бастапқыда жәшікте неше кг алма болған? Ш:X-8=13 X=13+8 X=21 21-8=13 13=13 Ж:21кг алма ә)Асханаға бір қап ұн әкелінді.Түскі асқа 12кг ұн,ал кешкі асқа 15кг ұн жұмсалды.Егер кешке қарай қапта 23кг ұн қалған болса,онда бастапқыда неше кг ұн болған?

Ш:X-(12+15)=23 X=27+23 X=50 50-(12+15)=23 23=23 Ж:23кг ұн. б)Айғаным 3қорап айран мен 64теңге тұратын бір нан сатып алды.Барлық сатып алған затына 514теңге төленді.Бір қорап айран неше теңге тұрады? Ш:X x 3+64=514 Xx3=514-64 Xx3=450 x=450:3 X=150 150x3+64=514 514=514 Ж:1қорап айран 150 теңге тұрады. №4.Теңдіктер тура болатындай етіп,жақшаларды орналастыр. 156-96:(12:4):2=140 156-(96:12:4:2)=155 156-(96:12):(4:2)=152

Постер жасау. 3 және 7 сандары туралы не білесіңдер?(оқушылар қорғайды)
Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты».
Мақсаты: Зейінді тексеру.
Ұшты - ұшты құс ұшты (қолын көтереді)
Ұшты - ұшты парақ ұшты (үндемеу керек) Осылай жалғастырылады.
Кім алғыр?ойыны. «Логикалық тапсырма»
Үш дос:Алмас,Қанат және Серіктің әрқайсысының сұр,қара және сары мысығы бар.Алмас пен Қанаттың мысықтарының түсі қара емес.Алмастың мысығының түсі сұр емес.Балалардың әрқайсысының мысығының түсін тап. Ж:Алмас-сары,Қанат-сұр,Серік-қара. Қорытынды жасау.
«Қызықты тапсырмалар»
1. қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6 - ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1, 2, 3; 1+2+3=1•2•3)
2. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс - тыр. Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)
4. жылдамдық 20 км/сағ, уақыт 2 сағқай болса қашықтық нешеге тең? (40км)
5. Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды, ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)

Рефлексия. Сабақта маған.....ұнады. Маған.....қызықты болды. Менде мынадай......сұрақ бар?

Үй тапсырмасы:153бет.№ 5-6.

Бағалау.













Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты орындап, қатесіз жазуға, теңдеуді сауатты құра білуге дағды қалыптастыру.
Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер, тесттер, оқулық
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тест сынағы, салыстыру.

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау, психологиялық дайындық.
(жақсы тілек тілеу)

ІІ. Жаңа сабақ.
Есепті теңдеу құру арқылы шешу.
* «Ой қозғау»
Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі, қарапайым)
Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қара - пайым: тек қана бір амалмен орындалады)

• «Ойлан, тап!»
1кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты кг сары май қанша тұрады?
360: 2=180 (жарты, немесе 500г)
• х: 5=18 х=18•5 х=90 90: 5=18 18=18
Қайсысы ыңғайлы? (әрине теңдеу құрған)

Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең, білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек

* «Топпен жұмыс»
І – топ №3 - 208бет,
Бар еді - 1706қап ұн.
Қалды - 1009қап ұн
Жөнелтілді -? Қап ұн
Ш: 1706 - х=1009 х=1706 - 1009 х=697 1706 - 697=1009 1009=1009
Ж: 697 қап ұн

ІІ - топ №4 - 208бет,
Болды - 548т қызылша.
Қалды - 399т қызылша.
Тиеп жіберді -? т қызылша.
Ш: 548 - х=399 х=548 - 399 х=149 548 - 149=399 399= 399
Ж: 149т қызылша.

ІІІ - топ №5 - 208бет,
Әр қ. 8 көшеттен - 5 қатар
Жиектеді -? көшет
Болды - 63 көшет.
Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63 - 40 х=23 (8•5)+23=63 63=63
Ж: 23 көшетпен жиектеді.
ІV - топ №6 - 208бет,
S=18км,
t=2 сағ,
υ1=4км/сағ,
υ2=? км/сағ
Ш: 18: 2 - х=4 9 - х=4 х=9 - 4 х=5 18: 2 - 5=4 4=4
Ж: υ2=5км/сағ

• «Логикалық тапсырма»
Шаршының Р=64см
S1=? см2
S2=? см2 2есе кем
в2=4см
а2=? см Ш: 1) 64: 4=16 (шаршының қабырғасы)
2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)
3) 256: 2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)
4) 128: 4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)
Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см

Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты».
Мақсаты: Зейінді тексеру.
Ұшты - ұшты құс ұшты (қолын көтереді)
Ұшты - ұшты парақ ұшты (үндемеу керек) Осылай жалғастырылады.

* «Қызықты тапсырмалар»
1. қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6 - ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1, 2, 3; 1+2+3=1•2•3)
2. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс - тыр. Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)
4. жылдамдық 20 км/сағ, уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)
5. Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды, ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)
Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма: (өрнек құрастыру)

Математика 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу арқылы құру арқылы шығару

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сондай –ақ, есепі теңдеу құру арқылы (алгебралық) шығаруға үйрету, есептеу дағдыларын жетілдіру.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс- әрекетін,дүниетанымын дамыту пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру

ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге және имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: рейтинг, эвристикалық,сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Сиқырлы сандық, білім туралы нақыл сөздер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылардың көңілін, назарын сабаққа аудару.

3.Психологиялық дайындық:

Бүгінгі күн ерекше,

Мен сабақта, мектептемін.

Менің зейінім тұрақты

Менің сабаққа ынтам зор,

Өйткені мен бақыттымын!

Біздің осылай бақытты өмір сүруіміз ненің арқасында?

-Отанымыздың.Ендеше қандай мерекені тойлап тастадық.?

- 16- желтоқсан –Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

-Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бүкіл әлемге танылды.Олай болса біз де алған білімімізді көрсетейік.

Қызығушылығын ояту.

Алланың жер бетіндегі елшісі Мұхаммед пайғамбар білімдар ғұлама болған.Бірде Мұхаммед пайғамбарға періштелерінің бірі «Білім артық па, жоқ дүние-байлық артық па ?» деп сұрақ қояды.

Не деп жауап бергенін білгілерің келе ме?Ол жауаптармен біз бүгінгі сабақтың міндеттерін орындау барысында танысамыз.

Бүгінгі сабағымыздың міндеті: ынтымақтаса отырып, есепті теңдеу құру арқылы шығарамыз.Тез есептеуге және өз бетімізбен жұмыс істеуге дағдыланамыз.

ІІ. Өткен сабақты бекіту

1-тапсырма Ойын «Жылдамдығыңды көрсет» соңғы жауабы тексеріледі.

Үнтаспадан «Бозжорға» әні орындалып тұрады.

1-жауап «Сиқырлы сандықтан» жеңімпаз бала оқиды.

Білім артық.Себебі, ол Пайғамбардан қалған мұра.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу арқылы шығару.

  1. Теңдеу дегеніміз не?

2-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.

№1 есеп, Ауызша.

-Есепте не туралы айтылған?

Ауызша түрде талданып, қорытындылау.

1 кг сары май- 800тг

Жарты кг май-400тг немесе 500г сары май- 400г

Талдау әдісі арқылы: 1 кг= 1000г

200г май 1000г 1/5 бөлігі

100г = 80 тг

200г = 160 тг

Жауабы : 400 тг, 160 тг.

2-жауап оқылады. Білімің көп болса, досың көп болады.

№2 есеп

1/5 18 бет Шешуі: 18:5 = 90

Барлығы ? бет

Жауабы: барлығы 90 бет

№3 есеп Есепті теңдеу құру арқылы шешеміз

-Есепте не туралы айтылған?

-Қоймадағы ұн туралы.

-Есептің сұрағы қандай?

Шартын жазамыз.

Барлығы- 1706 қап ұн

Асханаға жіберілгені- ? х қап ұн

Қалғаны- 1009 қап ұн.

Есепті шешу үшін теңдеу құрамыз.

1706-х=1009

Не белгілі? Не белгісіз?

х= 697

Жауабы: 697 қап ұн асханаға жіберілді.

3-жауапты оқу. Білімді іздей берсең, толып көбейеді.Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды.Оқушы білімін толықтай түсуде өздік жұмысына 3 деңгейлік тапсырма беремін.

1-деңгей Карточкадағы тапсырманы орындайды.

209 27 1176: 147

432 18 23138 : 23

2-деңгей. Математикалық диктант

480 мен 50-дің көбейтіндісінен 145-ті азайт

927-нің 9-ға бөліндісіне 312-ні қос.

4-жауап оқылады. Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаң да іріп- шірімейді, ал дүние ескіреді.

№4 есеп тірек сигналы арқылы тексеріледі

548 ? 399

548 - х = 399

х = 149

Жауабы:149 т қызылша

5 Өзіндік жұмыс.

1-деңгейдегі оқушымен жеке дара жұмыс

Шешуі: 8 5 + х = 63

40 + х = 63

х = 63-40

х = 23

8 5 + 23 = 63

63 = 63

Жауабы: 23 көшет

Келесі жауап оқылады.

Білімді болсаң сені ел құрметтейді, сыйлайды.Ал, байлығың болса, қызғанышпен қарайды.

Логикалық есеп.

Айдананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда, 100 шықты.Айдана қандай сан ойлады?

х - 9 + 10 = 100

100-10+ 9 = 99

№7 есеп

Р= 64 см

S=? / 2 есе кем

Ені – 4 см

Ұзындығы -?

Шешуі: 64:2 = 32

32:4 = 8

Жауабы: ұзындығы 8 см

Аудан өлшем бірліктерінің қатынасы ереже арқылы талданады.Мысалы:

Тіктөртбұрыштың ауданы мен ені белгілі болса, ұзындығын табу үшін ауданын еніне бөлеміз.

Логикалық есеп

1-ден 100 ге дейін 5 саны неше рет қайталанады?

5,15,25,35,45,50,51,52,53,54,55,56,57,58,59,65,75,85,95- 20 рет

Жауап сандықтан алып оқылады.

Білім- өміріңді жарық етеді, ал дүние тура жолдан тайдырады.

№9 Ұжымдық жұмыс

Амалдарды тақтада орындайды.

«Білім арқаны» ойыны

1-деңгей №9, 1-бағаны

2-деңгей №9, 2-бағаны

3-деңгейге тапсырма

х + ана = пана х ала = бала

Шешуі әртүрлі болуы мүмкін

Мысалы:

х + 500 = 7500 х 200 =1200

Соңғы жауапты бүгінгі сабақтағы ең білгір оқушы оқиды.

Білімді адам ақылды, даналы, өмірге дұрыс көзқарасымен сөйлейді, ал кейбір дүниесі көп адам мақтаншақ, өркөкірек болады.

Ой тұжырым

«Білімдінің беті жарық,

Қайда барса да жолы ашық»- дегендей періштелерінің сұрағына Мұхаммед пайғамбар не деп жауап берген екен?

-Сонымен, Мұхаммед пайғамбарымыз нені артық депті?

-Білімді.

-Ендеше, тек қана білім бізді дамыған елдер қатарына жеткізеді.

Топтастыру әдісі:

Адам көркі адам қаруы

БІЛІМ



байлық күш



шырақ өмірлік жолдас



Оқушылардың білімін бағалау

Үйге: №6



Түсінік хат 
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару, есте сақтау, қабылдау, байқағыштық, елестеу, ойлау т.б) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған. 
Бастауыш сыныптарда ұсынылып отырған «Логика курсының бағдарламасы» баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптатыру мақсатында алты және он жас аралығында жүргізіледі. Логика курсының басқа пәндерден айырмашылығы сыныптан тыс факультативтік сабақ ретінде 136 сағат аптасына 1 сағат бірінші сыныпта сабақтың ұзақтығы 35 минут, 2-4 сыныптарда 40-45 минутқа есептелген. Логика курсының бағдарламасы «Логика әлемі» (Ерешева К және Алматы «Өлке» 2010) оқу құралының негізінде жасалған. 
Бастауыш ынып оқушыларының логикалық танымдылық қабілеттері мен білім-білік дағдылары қалыптасады. 
Курстың шығармашылық ізденіс тапсырмалары мазмұны мен құрлымы жағынан жан жақты ұйымдастыруға мүмкідіктұғызады. Танымдық қасиеттері мен білім білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл курстық жүйенің ерекшелігі- негізгі оқу материалдарынан тыс, баланың мүмкіндіктерін ашып, жеке тқлға ретінде дамуына әсері мол. 
Оқу құралындағы тапсырмалар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне негізделген жаттығулардан тұрады. Құрылған апсырмалар мазмұны жағынан бір біріне ұқсамайды. Осындай жаттығулар орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда жол тауып шығуға, жеке шешім қабылдауға үйренеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейңһіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Сөйтіп олар өздерінің дамуында көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері арттады. 
Әр сабақтан соң өз беттерінше орындаған жұмыстары бағаланады. Баламен жұмыс жасау кезінде, оның сенімін арттырып, тұрақтылық пен мақсатына жете білуіне үйрету қажет. Мұнда маңызды роль қолдау сөздер. 




















Бағдарламаның мақсаты: 

Оқушылардың танымдық қызушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру 
Оқушыларды оқу курсының мазмұны арқылы пайымдау, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынлды жасауға бейімдеу 
Оқушылардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру 
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу үйрету және тәрбиелеу 

Бағдарламаның міндеті: 

Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру 
оқушының интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту 
Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету 
Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту 
Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру 
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу 







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қырдың жас түлегі

Автор: Бекбергенова Каламкан Исаевна

Дата: 15.01.2017

Номер свидетельства: 379716

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "С. Бегалин. «?ырды? жас т?легі»"
    ["seo_title"] => string(28) "sbieghalinkyrdynzhastulieghi"
    ["file_id"] => string(6) "290441"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454951752"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Конспект урока "?ырды? жас т?легі""
    ["seo_title"] => string(37) "konspiekt-uroka-k-yrdyn-zhas-tulieghi"
    ["file_id"] => string(6) "256456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448132512"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "С.Бегалин. "Қырдың жас түлегі""
    ["seo_title"] => string(33) "s_bieghalin_k_yrdyn_zhas_tulieghi"
    ["file_id"] => string(6) "362251"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479998737"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Қырдың жас түлегі" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(33) "k_yrdyn_zhas_tulieghi_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "387096"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486057387"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Әдебиеттік оқу : Сапарғали Бегалин.Қырдың жас түлегі"
    ["seo_title"] => string(59) "diebiiettik_ok_u_saparg_ali_bieghalin_k_yrdyn_zhas_tulieghi"
    ["file_id"] => string(6) "452974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1517081059"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства