Тәрбиелігі: Қазақтан шыққан ұлы адам өмірі арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа,ізденімпаздыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,сайыс,түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер,карточкалар,карта.
Сабақтың барысы:I. Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,
Бір,екі,үш-деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы-жылы жүзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
(Мұғалім сабақтың сайыс түрінде өтетінін ескертіп,әділқазылар сайлайды.)
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ш.Уәлиханов «Абылай хан» мәтінінің бөлім бойынша түсінігін айту.
2. Абылай хан туралы мәліметтер жинау.
(Слайдтан Абылай суреті шығып тұрады.)
III.Сабақты қорыту сұрақтары.
I-топ.1.Шоқанның ғылыми қызметі.
2.Шоқанның аталары.
3.Шоқанның білген тілдері.
4.Шоқанның еңбектері.
5.Абылайдың өмір сүрген уақыты.
II-топ.1.Абылай қай жерде жерленген?
2.Тәбәрік сөзінің мағынасы.
3.Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?
4.Халық неден қатты қиналды?
5. Абылай ханның тұсындағы атақты адамдар.
III-топ.1. Абылайдың ерекше қасиеті.
2. Шоқанның туған жері.
3.Жоңғар шапқыншылығы қай ғасырда болды?
4. Шоқан туралы көп жазған жазушы кім?
5. Абылай хан мен Шоқан туралы не білесің?
IV.Жаңа сабақ. «Қырдың жас түлегі»
1.Әңгіменің авторы С.Бегалин өмірімен таныстыру.
Сапарғали Бегалин 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы,Дегелең ауылында дүниеге келді. Балалар әдебиетінің негізін салушы.Өмірі шежіреге толы жазушы.Жиырма шақты поэмасы,оннан астам повесі,жүзге жуық әңгімелері бар.
2. Мұғалімнің Шоқан туралы қосымша мәліметтері.
-Шоқан Шыңғысұлы-1935 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы,Сарыкөл ауданы,Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс әулетінде дүниеге келді.
Шоқанның азан шақырып қойған аты Мұхамед Қанафия.Кішкене күні әжесі Айғаным еркелетіп«Шоқаным»,-деп айтқан,содан Шоқан атанып кеткен.Шоқанның әкесі Шыңғыс орысша білімді полковник.Атасы Уәли орта жүздің ханы,арғы атасы қазақ халқының ұлы ханы Абылай.Шоқан Абылайдың шөбересі.Шоқан білімге өте құштар болды. Шоқанның алты інісі,жеті қарындасы болған.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды Омбыға әкеліп,сол кездегі Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны кадет корпусына орналастырады.Корпуста ой өрісі жағынан орыс жолдастарында басып озып,1853 жылы кадет корпусын бітіріп,«атты әскер» атағын алып шықты.
Шоқан қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы.Шоқан Ыстықкөл,Құлжа саяхатына шығады.Қырғыз халқының ауыз әдебиетін,ән-күйін,салт-дәстүрін беріле зерттеп,Манас жырын жазып алады.Құлжаға барып Қытаймен сауда байланысын жақсартып,екі ел арасында келіссөз жүргізеді.
Шоқан суретшілік өнер мен музыка өнерін де бізге тарту етті.
Биыл Шоқанның 175 жылдығына орай Шоқанның балалық шағы өткен Сырымбет ауылындағы мұражайына жөндеу жұмысы жүргізілуде.
1865 жылы қазақ халқын дүние танытқан Азия аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен Шоқан 12 сәуірде қайтыс болды.
Міне, балалар өзінің келте өмірінде ұлы ғалым артында өшпес мұра қалдырды.Қазір Шоқан тұқымынан Мақы деген інісінің Ыдырыс деген баласы болады.Ыдырыстан Шота туылады.Шота еліміздің елтаңбасының авторы.
V.Оқулықпен жұмыс.
-Мәтінді мұғалімнің оқуы.
-Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
-Сөздік жұмыс: Қамау көше-тұйық көше
Кадет корпусы-әскери оқу орны
Офицер-әскери адам
-Оқушыларға тізбектей оқыту.Оқыта отырып, бөлімдерге бөліп,ат қою.(интеракт.тақтада жазу)
1.Ертіс бойының табиғаты.
2.Елге деген сағыныш.
3.Қорқақтың кесірі.
-Әңгіме соңындағы сұрақтарға жауап беру.
-Тауып оқу.-Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді тауып оқу.
-Шоқанның Анатолийге айтқан сөзі.
-Рөлге бөліп оқу.-Шоқан мен дәрігер Василий Матвеевич.
VI.Картадан Ертіс өзенінің ағып өтетін жерлерін,Омбы қаласын көрсету.
VII.Шығармашылық жұмыс.
I-топ.Ертіс жағасының арғы бетін қарап тұрған Шоқанның сезімі.
II-топ.Шоқанды корпустың дәрігері қалай бағалайды екен?
III-топ.Анатолийге бес жол өлең құрастыр.
VIII.Өзіндік жұмыс.
I-топ.Шоқанға мінездеме:Шоқан-ең даласын,өз елін,табиғатын,жануарын сүйеді,қадірлейді. Ол-өз мінез құлқымен,ақылдылығымен үлкенге сыйлы.Шоқан жақсы мен жаманды,дұрыс пен бұрысты айыра біледі. Басқаның қателігін бетке айтып,сырттан өсек айтпайды.
II-топ.Анатолийге мінездеме:Қолынан ештеңе келмейтін,жайшылықта мықтысынып,бетпе-бет келгенде бұғып қалатын,жағымпаз,жігерсіз.
III-топ.Офицерге мінездеме:Адаммен тіл табысуды білмейтін,дөрекі,істің байыбына бармайбірден бастықтарға шағымдануды дұрыс санайтын адам.
IX.Жалпы сұрақ.
Шоқанмен жатқан балалардың іс-әрекетіне көзқарастарың қалай,өздерің болсаң не істер едіңдер?
X. Қорытынды.
Бүгінгі өткен «Қырдың жас түлегі»тақырыбынан не білдік?Өздеріңде осы әңгімеден қандай әсер қалды?