Мұғалім түсіндірмесі Сапарғали Бегалин(1895 - 1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.Қазақтың белгілі жазушысы.Ол балаларға арнап 20 – дан астам кітап жазған.С.Бегалин «Шоқан асулары», «Алтай аңызы»,«Көксегеннің көргендері» т.б шығармаларды жазған. Өткен сабақтан Шоқан жайлы тағы не білдік? «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». Бұл сөздерді қашан айтты? Шоқан (шын аты Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды. Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды. ІІІ Мағынаны тану Сөздік жұмыс. Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны. Жатақ – жатақхана. Мәтін бөліктерін топта оқып,талдап бір оқушыдан мазмұн айту. Әр бөлімге ат қой. «Үш қадамды»сұхбат.Топтарға сұрақ қойылады. 1.Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағанышы суреттелген жерді тауып оқы. 2. “Сен қырдың жас түлегісің. Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?!” деген сөздің мағынасын түсіндір. 3.“Қорқарың бар қораға кірме” мақалының мағынасын түсіндір Топтық жұмыс.Постер қорғау. 1-топ.Ертіс жаағасындағы Шоқанға 2-топ. Тәртіпті офицерге 3-топ.Қорқақ Анатолийға мінездеме жазады. Мінездемені оқыған соң, басқа топ оқушылары оның дұрыс не бұрыс жазылғанына баға береді, өз ойларын қосады. |