Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі "Барыс септік"»
Қош
келдіңіздер!
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Ізетпенен біз!
Топқа бөлу
І топ. «Түбір»
ІІ топ. «Жұрнақ»
ІІІ топ. «Жалғау»
“Көршіңді тексер”
Сұрақ- жауап:
- Септік жалғаулары дегеніміз не?
-Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
-Қазақ тілінде неше септік бар?
-Атау септік дегеніміз не? Сөйлемде қандай қызмет атқарады?
-Ілік септік дегеніміз не? Сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Абай кітапханаға барды.
Марат Ерболға сыйлық берді.
Анам кесеге сүт құйып берді.
Барыс септік
Сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
Жалғаулары: -ға, -ге, -қа –ке
Сөйлемде тұрлаусыз мүшенің қызметтерін атқарады.
Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, Тек сөз бен сөзді байланыстырып тұрады.
Топпен жұмыс
1-тапсырма . Берілген сөздерді барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жаз.
І топ. Теңіз, ауыл
ІІ топ. Мал, мектеп
ІІІ топ. Тай, дәптер
2- тапсырма. Тыйым сөздерді оқы.
Нанды жерге тастама
Атқа теріс мінбе.
Түнде суға барма.
Тапсырма: І топ. Барыс септіктегі сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.
ІІ топ. Барыс септікте тұрған сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
ІІІ топ. Жерге, атқа, суға сөздерін сөз құрамына талда
Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды.
Күн жарқырай ашылды.
Көктен төмен әдемi,
Кемпiрқосақ шашылды.
3- тапсырма. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда. Барыс септіктегі сөздің сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын және қай сөзбен байланысқанын анықта.