Просмотр содержимого документа
«"Қазағымның дәстүрлері-ай" тәрбие сағаты»
Сабақтың тақырыбы: Қазағымның дәстүрлері-ай
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы, адамгершілікке, отбасын құрметтеуге шақыру.
Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу. Қызығушылығын ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу үшін ән тыңдалады. Балалар бұл әнде не туралы айтылатынына тоқталады. - Дұрыс, ендеше біздің тақырыбымыз –«Қазақ халқының салт - дәстүрлері».
Оқушы:
Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
(Амандасу екі топқп бөлініп)
-Балалар,Бабамыздан бізге не қалған?
-Салт-дәстүр нәрі,
-Халық қазынасы-тойы
-Сөз мәйегі-мақалы
-Дастархан дәмі
-Аталы сөз батасы.
Әдеби-мотаж(салт –дәстүр туралы
1.Ата-бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты
2.Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
3.Тілім барда,қазағым бар,халқым бар
Дәстүрім бар,ата жолы,салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау,ашық мінезі м бар аңқылдақ
4.Көк байрағым,Ар-намысым жүрегім,
Елтаңбада бүкіл елдің тарихы
Тұрмыс-салтым,тағы сонда білемін
Ән ұраным-қайрат,күшім тірегім.
5.Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден надан жоқ.
Ел дәстүрін білмесең.
Жұрт айтады надан деп.
6.Жанарғаны сананың
Ұмытады мұны кім
Ата-бабам дәстүрін
Жайып салар келді күн.
Әуез.Сүйінші, сүйінші Қасым ата немерелі болды.(слайд көрсету)
Шілде хана-слайд.
Ат қою.(көрініс).
Бесікке салу(Ән тыңдату).
Тұсау кесу.
Тілашар тойы. (СЛАЙД).
Той-адамдардың басын қосатын қуаныш.Тойға көп адам жиналады.Олар сәнді киім киіп келеді.Тойда тамаша әндер.әңгімелер айтылады.Бата беріледі.
(Би билеу)
Сөздің көркі-мақал дегендей енді кезекті мақал айтысына береміз.
Қазақта келген адамға «Кел дастарханнан дәм тат дейді»