Просмотр содержимого документа
«"Қазағымның дәстүрлері-ай"»
«Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ
Қазағымның
дәстүрлері-ай
ашық тәрбие сағаты
Бастауыш сынып мұғалімі Мукышева С.М.
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері
мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,
баланың бойына адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрі
арқылы, адамгершілікке, отбасын құрметтеуге
шақыру. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Жоспар:
-Салт-дәстүр нәрі,
-Халық қазынасы-тойы
-Сөз мәйегі-мақалы
-Дастархан дәмі
-Аталы сөз батасы.
СүйіншіҚуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Шілдехана
«Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді.
Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды.
Ат қою дәстүрі
Бесікке салу
Тұсаукесер
Сүндет той
Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді.