kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жобаны? та?ырыбы: "?аза?ты? ?лтты? та?амы-??рт"

Нажмите, чтобы узнать подробности

І. А?датпа

Б?л жоба ?аза? хал?ыны? байыр?ы та?амы – ??ртты? пайдасын зерттеуге арнал?ан. ??рт – с?ттен жасал?ан ?лтты? та?ам. ??рт – с?зіні? ма?ынасы да ??р?атыл?ан, кептірілген с?т деген ма?ынаны береді. Б?л та?ам а?уыздар?а ?те бай, адам денсаулы?ына ?те пайдалы. ?аза? хал?ы ?лтты? та?ам?а ?те бай. ?лтты? дастар?анымызды? ас м?зіріне ет, с?т, балы?, ?н ?німдерінен жасал?ан та?амдар к?птеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастар?ан мен таби?и ??нарлы ?лтты? та?амдарды ішіп-жеу ар?ылы анау-мынау ауру?а дес бермеген. Бір та?амны? бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясыны? м??ият са?талып, жасалу т?ріне ?арай бірнеше атау берілуіні? ?зі аналарымызды? тама?ты? бабын жа?сы білгенін а??артады. Осы орайда біз б?гін т?рт т?ліктен таби?и жолмен алынып, барынша ??нарын са?тай отырып жасалатын, со?ан сай адам денсаулы?ына да аса пайдалы ??рт туралы айтпа?пыз. Жобамызда ??ртты ?аза?станны? ?лтты? бренді ретінде ?лемдік нары??а шы?ару?а болатынын атап кетеміз.

?ылыми жобамызды? негізгі ма?саты:

?аза?ты? ?лтты? та?амын - ??ртты зерттей  отырып, оны? адам а?засына пайдасы бар екеніне к?з жеткізу.??рт жайлы ??ымдарымызды ке?ейту.Шы?армашылы? ойларымызды дамыту. Ж?мысты талдай білуге ?йрену. ?лтты? та?амдарымызды? ??ндылы?ын біле отыра,?астерлеп пайдалану?а ?йрену.

?ылыми жобамызды? гипотезасы:  ?азіргі заманда  ?аза?ты? байыр?ы та?амы - ??ртты? ?мытылып ?алмауы, оны? емдік ?асиетін пайдалану, ке?інен насихаттау.

?ылыми жобамызды? зерттеу кезе?дері:

1.?аза?ты? ?лтты? та?амы -  ??ртты? пайдасы бар екенін д?лелдейтін м?ліметтер жинастырды?.

2. ??ртты?  т?рлерімен танысты?.

3.??ртты? жасалу жолдарын білдік.

4. ??ртты зерттеп ж?рген Айдар Шалбарбаев пен ?бдім?лік Айымбетов та?амтанушыны? пікірімен танысты?.

5. Жина?ан м?ліметтерімізді талдады?.

6.Сыныптастарымыздан анкета алды?.

7.?зіндік пікір,т?жырым жасады?.

?ылыми жобамызды? зерттеу ?дісі: Та?ырыбымызды  ашу барысында  интернет желісіне сонымен ?атар ?дебиеттерге шолу жасалды.?зіндік т?жырым жасала отырып,салыстыру ?дісі де ?олданылды.

?ылыми жобамызды? жа?ашылды?ы: ?азіргі заманда неше т?рлі шы?ып жат?ан  та?амдарынан б?лек, б?рын?ы ?лтты? та?амымызды пайдалану?а, сонымен ?оса оны? емдік ?асиеті бар екеніне  ?зімізді? пікірімізді  айтпа?пыз.?лтты? та?амымыздан  алша?тамау?а, оны ??рметтеуге  ша?ырамыз.

?ылыми ж?мысты? н?тижесі мен ?орытындысы: Б?л ж?мысты? н?тижесінде ??ртты?  мол пайдасы бар екеніне к?з жеткіздік.?зімізбен  ?атар о?ушыларды? ??рт жайлы ойлары белгілі болды.

?ылыми ж?мысты? практикалы? ?олдану салалары:. Та?ырып негізінде жина?тал?ан материалдар ?дебиеттік о?у  мен ?аза? тілі п?ндерінде ?осымша ?олдану?а болады.Т?рбие са?аттарында да пайдалану?а болады.     

ІІ. Кіріспе

«Астан ?лкен емессі?» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, к?міс тас екен», «асты ?орлама ??стырар» деген ескертпелер мен ма?ал - м?телдер де ку?. ?алай айтылса да, ?ай заманда айтса да халы? асты ??рметтеу мен ба?алауды? жолын да, ж?н - жосы?ын да, оны д?мді етіп ?зірлеуді?  ретін таба білген. Ас, тама? дайындауды ?аза? ?йелдерге ж?ктеген. ?аза? ?йелдері та?амны? алуан т?рлерін дайындауымен бірге ?ыста да, жазда да оны? таза ?рі б?зылмай са?талуыны? ?діс - т?сілдері мен жолдарын да таба білген. Б?л ?а?идаларды ?йелдер ?рпа?тан - ?рпа??а жеткізіп, кейінгілерге ?йретіп отыр?ан. Мысалы, олар етті ?ыстап са?тауды, ?ымызды жазда сал?ын ?стауды, майды к?гертпей к?туді, бас?а тама?тарды да б?зылмай са?талуыны? ?асырлар бойы ?мытылмай келе жат?ан байыр?ы халы?ты? ?дістері мен амалдарын ?сіресе ауылды? жерлерде к?ні б?гінге дейін жеткізді ж?не оны ?лі де ?олданып келеді. ?сіресе, ?ымыз бен ш?батты баптауды?, ??рт, ірімшік, ежігей, сары май сия?ты же?сік та?амдарды дайындауда ?аза? ?йелдеріні? шеберлігі мен ?нері ?лгі етіп, ма?тау?а т?рарлы?.
?аза? хал?ы асты ?ш т?рге б?леді. Олар а? (с?т та?амдары), ?ызыл (ет та?амдары) ж?не к?к (жеміс та?амдары).
С?т - химиялы? ??рамы жа?ынан тамаша та?ам. Оны? ??рамында адам а?засыны? ?алыпты жетілуі ?шін барлы? зат бар. Со?ан орай о?ан физиологиялы? ??ндылы?ы жа?ынан бірде бір азы? те? келе алмайды. С?т бас?а ?німдерді? биологиялы? ??ндылы?ын к?тереді. Ас ?орыту бездеріні? ж?мыс істеу ?абілетін ?немі жа?сартып отырады. С?тті пайдаланып ?р т?рлі та?амдар дайындау?а болады. Айран ?йытып, ірімшік, ??рт кептіруден бастап, бот?а пісіруге дейін осы бір керемет ?нім пайдаланылады. Ал с?т ?осып дайындал?ан та?ам ?те д?мді болады. Оны? ?стіне с?т ?німдеріні? д?рулік ?асиеті бар.

ІІІ. Негізгі б?лім

3.1. ??ртты? – адам а?засына пайдасы

 Адам денсаулы?ына аса пайдалы­лы?ыны? д?лелі, ??рт – кальцийді? к?зі. «??рт» с?зі «??р?атыл?ан, кептіріл­ген с?т» деген ма?ынаны береді. Сон­дай-а? ??рт а?уыз?а ?те бай. Сон­ды?­тан ол ??­нар­лы, то? та?ам болып есепте­леді. Оны? ??рамында А, В, С д?румендері, мыс, мырыш, к?міс, темір, кремний, маг­ний, кальций, алюминий микроэлемент­тері жетерлік.  ?ылыми зеттеулер к?рсеткендей, сиырды? ??рамында, 100 грам?а ша??анда?ы а?уызды? м?лшері 22, 85 – 34, 52% болса, ?аза? ірімшігіндегі а?уызды? м?лшері 40 – 42% екен. Сыр ??рамында к?міртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам а?засында?ы с?йек ?лпаларыны? мы?ты болуы ?шін е? ?ажет элемент фосфор болса, д?ст?рлі ?діспен жасал?ан ірімшік ??рамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% м?лшерінде кездеседі екен. Ал ?уаттылы?ына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 – 401, 38 ?уат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 ?уат береді. ??ртымыз да химиялы? ??рамы мен калориясы жа?ынан ?ала д?кендеріндегі с?збені (творог) он орап алады. С?збеде а?уыз м?лшері 14, 5 – 18, 6% болса, ?аза? ??рты а?уыз?а ?те бай – 52, 6%. Ал 100 грам с?збе 87 – 227 – ге дейін ?уат берсе, ??рттан 370, 1 ?уат алу?а болады

?ос ?ркешті «ш?л кемесі» т?йе жануары беретін ш?батты? ж?ні б?лек. ??рамыны? элементтерге байлы?ынан ш?бат ?ымыздан да асып т?седі. М?селен, ?ымыз ??рамында?ы а?уыз м?лшері 2, 3 – 2, 9% болса, ш?батта?ы а?уыз 2, 91 – 4, 93% м?лшерінде. ?ымызды? майлылы?ы 1, 3 – 2, 5% болса, ш?бат одан да майлыра? ? 8 – 9%. Ш?батты? ??рамында С д?румені де молыра?. Т?йе с?тіні? ??рамында кальций (0, 13 – 0, 21%) мен фосфор (0, 05 – 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Біра? ??рамында?ы к?міртегі жа?ынан ш?баттан (1, 07 – 1, 78%) г?рі ?ымыз (3, 6 – 7, 3%) бай. Осылармен ?атар ш?батта А, В, С д?румендері, мыс, мырыш, к?міс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Сон­дай-а? «кепкен ??ртты м?жі­ген баланы? тісі сау, с?йегі берік бола­ды» дейді д?рі­герлер. Химия, медицина ?ылымдары пайда болмай т?рып – а? алдында?ы асын тани білген ?аза? на?ыз данышпан. Асылы, аузынан а? ажырама?ан хал?ымыз ?ымызын ішіп, ??ртын жеп отырып – а? осы к?нгі к?п кеселді? алдын ал?ан. Атам ?аза?ты? ??мыры атты? жалында, атанны? ?омында ?тсе де, д?ниеге небір алып т?л?алы, батыр да дана перзенттер ?келген тылсым сырыны? де бірі осы болса керек.Сондай-а? с?йекті? ?атаюына,к?зді? к?руіне, тісті? т?зу ж?не ?айратты,азулы ?суіне,ас?азанны? ас ?орыту с?лін ?алыпты б?ліп шы?аруда ?те пайдасы зор.Ал іркіттен б?лініп алын?ан сарысуды? да адам пайдасына  ?осары  мол. Мысалы сізді? ?андай да бір малы?ызды? ысты?ы к?терілсе сарысуды  ш?берекке малып алып  ауыр?ан жануарды орап тастаса ысты?ы бірден т?седі.Шашы?ды сабынмен жумас б?рын сарысу?а батырып,одан со? 10 минуттай ?стай т?р?ан со? сусабынмен жуса?ыз, к?лемін ?л?айтып ж?не шашты? т?бі бекіп,жылтырай т?седі.Ал 3 мезгіл беті?ізді сарысумен шайса?ыз ?жімденуден арылып, жасара т?сесіз. ??йма??а (блины) с?тке араластыра ?осса?ыз, ??йма?ы?ыз?а ерекше д?м береді.Сонды?тан сарысуды бетімен ысырап ?ылдыру?а болмайды.

??ртты?  жасалу жолы ж?не  т?рлері

??рт - малды? с?тінен дайындалатын, ?за? уа?ыт са?тау?а арнал?ан та?ам.  Саба?а айран, с?тті жинап саба тол?ан мезетте пісіп, пісуі жеткен кезде майын ?ал?ып алады да т?здап ?арын?а салады.  ?ал?ан іркітін ?азан?а ??йып, ?айнатады.  ??рт ?айнап жат?ан кезде ?азанны? т?бін, ернеуін ?ырып, ?лісін - ?лісін араластырып отырады.  ??рт ?айнап ?бден ?оюлан?ан кезде, оны сал?ындатып алып ?ап?а  (дорба?а)  ??йып, керегені? басына немесе аша?а іліп, сары суын а?ызып с?зеді. ??рт ?апта бір т?улік т?р?ан со? суы ?бден сар?ылып ??р?айды.  Б?дан кейін ??ртты ?аптан алып, б?ліп, ?реге жайып кептіреді.  ??рт іркітті? сапасына ?арай ащы ??рт, ежігей ??рт ж?не ?аты? ??рт деп ?ш т?рге б?лінеді. 
??рт сырт?ы т?ріне ?арай  жарма ??рт, к?лше ??рт, сы?па ??рт  ж?не ш?йірмек  ??рт болып б?лінеді. 

3.2. ?аза?станны? ?лтты? бренді – ??рт.

Мамандар «?зге ?лтты? ?кілдері тамсана жейтін же?сік асымыз ?лтты? брендіге с?ранып-а? т?р» дейді. Расында да, Т?ркияны? пахлавасы, ?ндіні? шайы секілді ?аза?ты? ??рты да – халы?аралы? де?гейге шы?у?а лайы?-а? та?ам. Жол?а ?за? са?талуы, адам а?засына пайдалылы?ы жа?ынан да ?лтты? брендіге айналу?а лайы? та?амны? ?зіміз ?адірін білмей отыр?анымыз ?кінішті. ??ртты? ?арын тойдыратын ?ана емес, ?ша?та ж?ректі басу?а да таптырмас та?ам екені белгілі. Осы орайда б?гінде ?ша?та таратылатын к?мпит орнына ?лтты? та?амымыз – ??ртты таратса?, ж?ректі басып ?ана ?оймай, бас?а елден келіп-кетушілерге, туристерге ?лтты? та?амымызды танытуды? бір жолы болар еді.
?бдім?лік Айымбетов, та?амтанушы:
– Ке?ес уа?ытында бір рет ?аза?ты? ??рты ?арыш?а ?шып бара жат?ан ?арышкерлерге берілген. Кейін ?айта орал?ан ?арышкерлер ??рт?а деген та?даныстарын жасырма?ан. Расында да, ??ртты? адам а?засына пайдасы болмаса зияны жо?. Ендеше, на?ыз ?арышты? та?ам?а айналар ??ртымызды? ескерусіз ?алып отыр?аны ?кінішті. Тіпті ??ртты туристік кластерді? бір ба?ыты ретінде дамытып, туристерге ?сынып, шекарадан алып шы?атын та?ам ретінде танытса?, ол еліміздегі мал шаруашылы?ыны? дамып, ?лтты? та?амымызды? ке? танылуына м?мкіндік берер еді. ?зге ?лттарды? еш?айсысы ?реге ??рт жаймайды. Егер біз ?йы?тап ж?ре берсек, ?ымызымыз бен ш?батымыз секілді ?редегі ??ртымызды да  ?згелер ?рлап кетуі ?бден м?мкін. ?йткені ??рт секілді ерекше та?амымыз бас?аларды? ?ызы?ушылы?ын тудырмауы м?мкін емес. Сонды?тан барымыз?а ертерек ?зіміз ие болуымыз керек,- деген пікір айтты.
?лтты? брендті ??ру – ?аза?станны? ?зекті м?селесі. М?дениет, тарих ?айраткерлері ж?не бизнес - ??рылым ?кілдері де осы м?селе бойынша ізденісте. ?сыныстар ?те к?п. Біреулер ?лтты? бренд домбыра, ?обыз сия?ты музыкалы? аспаптар десе, екіншілері ?ымыз ж?не ш?бат сусындары деп санайды, ал ?шіншілері киіз ?йді жа?тайды. Келешекте ?аза?станны? атын шы?аратын не екені белгісіз. Та?дау ?иын, ?лтты? с?ні – кешке киетін с?нді киім емес. Ал, Алматылы? Айдар Шалбарбаев уа?ытын текке ?ткізіп ж?рген жо?.Айдар Шалбарбаев 20 жылдан астам бойы ??рт?а ?лтты? бренд м?ртебесін беруге ат салысуда.

3.3.Сыныптас достар пікірі

?зімізді? зерттеу ж?мысымызда сыныптастарымызбен де ой б?ліскіміз келді.Осы ма?сатта  ?стазым ?шеуіміз мектептегі 2-сыныпта о?итын о?ушылардан  жабы? анкета алды?.О?ушыларды? жауаптарын сараптап,  мынандай кесте ??рды?.

?аза?ты? ?лтты? та?амын ??ртты ?натып жейсіз бе?-деген с?ра?ты 2-сынып о?ушыларынан с?ра?анда:

2 «А»сынып -21 «и?», 2 «?»-23 «и?»,  2 «Б»-23 «и?» барлы?ы «и?»деп жауап берді. Я?ни, 2 сынып о?ушыларыны? барлы?ы да ??ртты ?натып жейді. Осы жабы? анкета барысында ??ртты м?лдем жеп к?рмеген о?ушы болмады.

IV. ?орытынды

??рт – адам денсаулы?ына ?ажетті ??ндылы? екеніне к?з жеткіздім. Б?л та?амны? емдік  пайдасы бар.?азіргі заманда жастарды? к?бі осы та?амды, оны? денсаулы??а пайдалы екенін білмейді. ?з сыныптастарымызды жобамызбен  таныстырды?. Олар?а ??ртты?  пайдалы ?рі  ма?ызды  та?ам екенін т?сіндіре алды? деп ойлаймыз. ?з отбасымызды  да, достарымызды  да осы?ан к?з жеткіздік.Айдар Шалбарбаев ??ртты? ?лтты? бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Біз осы зерттеушіні? с?здеріне  толы? ?осыламыз. ?азір ??ртты тек ?аза? хал?ы біледі, ал егер осы та?ам ?лтты? бренд болса, оны тек шетелдер ?ана емес, ?з елімізді? барлы? т?р?ыны д?мін татып, ба?алайды.
?орыта айт?анда, ?аза?ты? ?лтты? та?амы – ??рт адам денсаулы?ына ?ажетті та?ам. Біз, ?аза?станны? жастары осы ??нды та?амны? жойылуына жол бермеуіміз керек.
?сыныс:

  • ??ртты? емдік ?асиеттерін ?азіргі медицина саласында пайдалану;
  • ??рт шы?аратын арнайы цехтер ашу;
  • Болаша?та ??ртты ?лемдік нары??а шы?ара отырып, шетелдерге таныту;
  • Мектептерде технология п?нінде ??ртты? жасалу жолдарын о?ушылар?а ?йрету.

V. Пайдаланыл?ан  ?дебиеттер тізімі:
1. Кенжеахмет?лы С., ?аза?ты? дар?ан дастар?аны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылы?, Просвещение 2002 ж.
3.Бастауыш мектеп. «О?ушыларды? ?ылыми – зерттеу ж?мысыны?  жазылу  реті» А.А?сабаева 7, 2009 жыл

4.Мектептегі сыныптан тыс ж?мыстар,  «?лтты? та?ам- ?лт ма?танышы»Г.М?рынова.  4. 2003 жыл

5.Мектептегі сыныптан тыс ж?мыстар.

«?аза?ымны? д?ст?рлері -ай»С.Хуатай.-11, 2010 жыл

6.Сен білесі? бе энциклопедиясы  «Ыдыс- ая? жасау ?нері»Алматы  :

«Аруна баспасы»       

7.Хрестоматия. «?арлы?аш о?у – ?дістемелік кешені»-Астана:«Арман -ПВ»баспасы,2011 жыл.

8.Ана тілі. Алматыкітап баспасы -2012. Малта. 133 бет.

9.Интернет желісі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жобаны? та?ырыбы: "?аза?ты? ?лтты? та?амы-??рт"»

2 Мәртөк мектеп-гимназиясы





Ғылыми жоба тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамы – құрт»



Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану



Секция: Биология



Орындағандар: Хасенов Нурхан мен Маханбетова Айгерим

2 сынып оқушылары



Жетекшісі: Бекова Райгуль Косымбаевна

Бастауыш класс мұғалімі











 



 

2014жыл

Мазмұны
І. Аңдатпа
ІІ. Кіріспе

ІІІ.Негізгі бөлім
3.1. Құрттың – адам ағзасына пайдасы

3.2.Құрттың жасалу жолы мен түрлері
3.3. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт

3.4.Сыныптас достар пікірі
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




























І. Аңдатпа

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ұлттық дастарқанымыздың ас мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген. Бір тағамның бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясының мұқият сақталып, жасалу түріне қарай бірнеше атау берілуінің өзі аналарымыздың тамақтың бабын жақсы білгенін аңғартады. Осы орайда біз бүгін төрт түліктен табиғи жолмен алынып, барынша құнарын сақтай отырып жасалатын, соған сай адам денсаулығына да аса пайдалы құрт туралы айтпақпыз. Жобамызда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кетеміз.























Аннотация

Этот проект посвящен исследованию курта - казахского национального блюда.Курт - национальное блюдо, сделанное из молока, конкретнее из сухого молока. Этот продукт очень полезен для здоровья, так как содержит огромное количество белков. Казахский народ имеет разнаобразную, богатую кухню. В народное меню входит изделия, которые сделаны из мяса, молока, рыбы и муки. Наши предки имея вот такой богатый дастархан, которые сделаны исключительно из экологическо-натуральных продуктов, всегда предотвращали появление разных болезней. Знание нескольких вариантов приготовления одного продукта, это уже означает, что наши бабушки очень хорошо знали всю суть еды. В данном проекте будем рассказывать о чистом, экологическом и натуральном продукте и как можно внести в мировой рынок в качестве Казахстанского национального бренда.

























Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Қазақтың ұлттық тағамын - құртты зерттей отырып, оның адам ағзасына пайдасы бар екеніне көз жеткізу.Құрт жайлы ұғымдарымызды кеңейту.Шығармашылық ойларымызды дамыту. Жұмысты талдай білуге үйрену. Ұлттық тағамдарымыздың құндылығын біле отыра,қастерлеп пайдалануға үйрену.

Ғылыми жобамыздың гипотезасы: Қазіргі заманда қазақтың байырғы тағамы - құрттың ұмытылып қалмауы, оның емдік қасиетін пайдалану, кеңінен насихаттау.

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

1.Қазақтың ұлттық тағамы - құрттың пайдасы бар екенін дәлелдейтін мәліметтер жинастырдық.

2. Құрттың түрлерімен таныстық.

3.Құрттың жасалу жолдарын білдік.

4. Құртты зерттеп жүрген Айдар Шалбарбаев пен Әбдімәлік Айымбетов тағамтанушының пікірімен таныстық.

5. Жинаған мәліметтерімізді талдадық.

6.Сыныптастарымыздан анкета алдық.

7.Өзіндік пікір,тұжырым жасадық.

Ғылыми жобамыздың зерттеу әдісі: Тақырыбымызды ашу барысында интернет желісіне сонымен қатар әдебиеттерге шолу жасалды.Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Қазіргі заманда неше түрлі шығып жатқан тағамдарынан бөлек, бұрынғы ұлттық тағамымызды пайдалануға, сонымен қоса оның емдік қасиеті бар екеніне өзіміздің пікірімізді айтпақпыз.Ұлттық тағамымыздан алшақтамауға, оны құрметтеуге шақырамыз.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде құрттың мол пайдасы бар екеніне көз жеткіздік.Өзімізбен қатар оқушылардың құрт жайлы ойлары белгілі болды.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:. Тақырып негізінде жинақталған материалдар әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында да пайдалануға болады.



































ІІ. Кіріспе

«Астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің ретін таба білген. Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті қыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, мақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар.





ІІІ. Негізгі бөлім

3.1. Құрттың – адам ағзасына пайдасы

 

 Адам денсаулығына аса пайдалы­лығының дәлелі, құрт – кальцийдің көзі. «Құрт» сөзі «құрғатылған, кептіріл­ген сүт» деген мағынаны береді. Сон­дай-ақ құрт ақуызға өте бай. Сон­дық­тан ол құ­нар­лы, тоқ тағам болып есепте­леді. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, маг­ний, кальций, алюминий микроэлемент­тері жетерлік. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 – 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 – 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 – 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 – 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 – 227 – ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.

Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 – 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу – тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы ашылған.

Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 – 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 – 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 – 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 – 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 – 0, 21%) мен фосфор (0, 05 – 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 – 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 – 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Сон­дай-ақ «кепкен құртты мүжі­ген баланың тісі сау, сүйегі берік бола­ды» дейді дәрі­герлер. Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып – ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып – ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының де бірі осы болса керек.Сондай-ақ сүйектің қатаюына,көздің көруіне, тістің түзу және қайратты,азулы өсуіне ,асқазанның ас қорыту сөлін қалыпты бөліп шығаруда өте пайдасы зор.Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам пайдасына  қосары  мол. Мысалы сіздің қандай да бір малыңыздың ыстығы көтерілсе сарысуды  шүберекке малып алып  ауырған жануарды орап тастаса ыстығы бірден түседі.Шашыңды сабынмен жумас бұрын сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрған соң сусабынмен жусаңыз, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп,жылтырай түседі.Ал 3 мезгіл бетіңізді сарысумен шайсаңыз әжімденуден арылып , жасара түсесіз. Құймаққа (блины) сүтке араластыра қоссаңыз, құймағыңызға ерекше дәм береді.Сондықтан сарысуды бетімен ысырап қылдыруға болмайды.

Құрттың жасалу жолы және түрлері

Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.  Сабаға айран, сүтті жинап саба толған мезетте пісіп, пісуі жеткен кезде майын қалқып алады да тұздап қарынға салады.  Қалған іркітін қазанға құйып, қайнатады.  Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлісін - әлісін араластырып отырады.  Құрт қайнап әбден қоюланған кезде, оны салқындатып алып қапқа  (дорбаға)  құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызып сүзеді. Құрт қапта бір тәулік тұрған соң суы әбден сарқылып құрғайды.  Бұдан кейін құртты қаптан алып, бөліп, өреге жайып кептіреді.  Құрт іркіттің сапасына қарай ащы құрт, ежігей құрт және қатық құрт деп үш түрге бөлінеді. 
Құрт сыртқы түріне қарай  жарма құрт, күлше құрт, сықпа құрт және шүйірмек құрт болып бөлінеді. 


Жарма құрт - сары суы сарқылған құртты қаптан алып , қолмен бөліп, жармалап өреге кептіреді.  Оның белгілі формасы жоқ, үлкендігі шамамен баланың қос жұдырығындай болады.  
Күлше құрт - құртты уысқа сыйатынтай етіп домалақтайды.  Одан соң оң қолдың басбармағы мен төрт саусағының арасына қысып, бүйірін жұқартып дөңгелек формаға келтіреді.  Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады.  Кейде күлшені бүйірін тесіп,моншақ сияқты жіпке тізіп керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді.  Оны көп кептіру керек.  Әйтпесе іші көгеріп кетеді.  «Күлшелі бала сүймекке жақсы» дегендей күлше көбінде балалардың сыбағасы. 
Сықпа құрт - құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды.  
Шүйірмек құрт - шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады.  Шүйірмек жасағанда екі саусақтың бүгуіне салып екінші жағын басқа қолдың басбармағымен батыра қысады.  
Күлше мен жарманы қыста жеу үшін, сықпа мен шүйірмекті жазда, күзде шайға салу үшін дайындайды. 
Қайнатқан құрт екі түрлі болады.  Бірі ақ құрт.  Ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майын әбден алған іркіттен қайнатылады.  Екінші, қара құрт. Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады.  Құрттың осы түрін қыста езіп,дәмді құрт көже даярлайды.  
Көбік – қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті, майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беріледі. 
Жас құрт – сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды.  Бұл тісі өтпейтін кәрілер үшін абзал тамақ.  
Ыстық құрт – қайнап жатқан құрттан құйып алып, май қосып сапырып ішеді.  Бұл суық тиіп ауырған науқастарға, өкпе ауыруына ем ретінде пайдаланылған.   
Малта - кәдімгі езген құрттың жұқарған майда түйіршіктері.  Аса дәмді әрі жеуге жұмсақ тағам.  Ауызға салып жүрсең шөл қандырар да қасиеті бар. 
Ащы құрт 


Мұны кейде «қара құрт» деп те атайды.  Себебі, ашыған іркіттен қайнатқан әрі майы жартылай алынған құрт кепкен кезде майы сыртына шығып, жылтырап тұрады.  Ащы құрт кеппей тұрғанда аздап тұз сепкені болмаса, оған тұз салынбайды.  Себебі, бұл құртты қыста езіп ішу үшін дайындайды.   Езген құрттың қуаты күшті болу үшін әрі тастай болып қатып қалмауы үшін көбіне пісіп, майын алмайды.  Құртты езіп ішу үшін екі ـ үш сағат ыстық суға не сорпаға салып қояды. Содан соң астауға салып, қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен үгуге болады.  Езілген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады.  Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам.  Құртты қазақ шипалы тағам ретінде де пайдаланған. 
Ежігей құрт
 
Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді.  Бірақ ол ашымаған іркіттен жасалады.  Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт (бие сүті болса тіпті жақсы)  қосып қайнатылып дайындалады.  Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жайып кептіріп алады.  Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сияқты тас болып қатып қалмайды.  Үгітіліп тұрады.  Әбден кептірген ежігей жазда да, қыста да дәмді де, түсі де озгермейді.  Ежігейді кептірмей ـ ақ үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады.  Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді.   Кей жерлерде ірімшік қосқан сықпа құртты да осылай дайындайды.

Езген құрт


Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтатылады .Езген құрт — ұлттық тағамдардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.                  

Қатық құрт
Қатықты дорбаға құйып, сарысуын әбден ағызып алғаннан кейін, оны астауға салып, тұз қосып араластырады.  Сонан соң кішкене шар сияқты домалақтап немесе күлше сияқты дөңгелектеп, өреге жаяды (мұны сүзбе құрт депте атайды) . Бұларға тұз араластырылғандықтан, көгеріп бүліне бермейді, адам жеуге оңай болу үшін көп кептірмейді.  Опырылып оңай бөлінетін деңгейге келген құба ـ құрғақ кезінде өреден түсіріп алады. 
Өреге жайылатын құрт ـ ірімшікті бірдей кептіру үшін жиі ـ жиі араластырып отыруға тура келеді. Бетін жұқа ақ дәкемен жауып қойған жөн.   



3.2. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.

Мамандар «өзге ұлттың өкілдері тамсана жейтін жеңсік асымыз ұлттық брендіге сұранып-ақ тұр» дейді. Расында да, Түркияның пахлавасы, үндінің шайы секілді қазақтың құрты да – халықаралық деңгейге шығуға лайық-ақ тағам. Жолға ұзақ сақталуы, адам ағзасына пайдалылығы жағынан да ұлттық брендіге айналуға лайық тағамның өзіміз қадірін білмей отырғанымыз өкінішті. Құрттың қарын тойдыратын ғана емес, ұшақта жүректі басуға да таптырмас тағам екені белгілі. Осы орайда бүгінде ұшақта таратылатын кәмпит орнына ұлттық тағамымыз – құртты таратсақ, жүректі басып қана қоймай, басқа елден келіп-кетушілерге, туристерге ұлттық тағамымызды танытудың бір жолы болар еді.
Әбдімәлік Айымбетов, 
тағамтанушы:
– Кеңес уақытында бір рет қазақтың құрты ғарышқа ұшып бара жатқан ғарышкерлерге берілген. Кейін қайта оралған ғарышкерлер құртқа деген таңданыстарын жасырмаған. Расында да, құрттың адам ағзасына пайдасы болмаса зияны жоқ. Ендеше, нағыз ғарыштық тағамға айналар құртымыздың ескерусіз қалып отырғаны өкінішті. Тіпті құртты туристік кластердің бір бағыты ретінде дамытып, туристерге ұсынып, шекарадан алып шығатын тағам ретінде танытсақ, ол еліміздегі мал шаруашылығының дамып, ұлттық тағамымыздың кең танылуына мүмкіндік берер еді. Өзге ұлттардың ешқайсысы өреге құрт жаймайды. Егер біз ұйықтап жүре берсек, қымызымыз бен шұбатымыз секілді өредегі құртымызды да  өзгелер ұрлап кетуі әбден мүмкін. Өйткені құрт секілді ерекше тағамымыз басқалардың қызығушылығын тудырмауы мүмкін емес. Сондықтан барымызға ертерек өзіміз ие болуымыз керек,- деген пікір айтты.
Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес - құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес. Ал, Алматылық Айдар Шалбарбаев уақытын текке өткізіп жүрген жоқ.Айдар Шалбарбаев 20 жылдан астам бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда.
– Ұлттық бренд туралы сөз қозғалған кезде, мен тыс қала алмаймын, – деп Айдар Шалбарбаев атап кетті. – Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құр көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім.
1990 жылы Айдар Шалбарбаев құрт және оның мәртебесі туралы күрделі ойлай бастады.
– Менің алғашқы білімім – мүсінші - суретші, сондықтан бастапқыда, суретші ретінде, мені құрттың мүсіні қызықтырды. Және мен сыйға тартатын құрт құру бойынша жұмыс істей бастадым, - деп жалғастырды. – Ол кезде тағамның құрамы мен сапасы туралы, оның жасалу технологиясы туралы ойлаған жоқпын. Менің бірінші ойлап шығарған құртым үшбұрышты болды. Әр бұрышы үш жүзді білдірген. Осы бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі – киіз үй, қойлар, жылқылар, түйелер. Сонымен қатар, сыйлық ою түрінде де әзірленген. Бұл Қазақстанға келген әр шетел азаматына өте жақсы сыйлық.
Басқа шетелде демалыста болып, сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу – бұрынғы туристік дәстүр. Түркиядан біз әлемге әйгілі пахлавасын, Үнді елінен шайларын әкелеміз. Әр елде достарына сый ретінде әкелуге болатын, ерекше тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына алады? Жылдар бойы құрт тақырыбын зерттеген Айдар Шалбарбаев тұзды домалақтардан ерекше тауар шығаруын біледі.
– Егер мен бастапқыда тек мүсіні туралы ойласам, кейін мені құрттың дайындалу технологиясы қызықтырды, – дейді Айдар Шалбарбаев – Мен ұлттық ащы сүт өнімдерінің өндірісін зерделедім. 2004 жылы осы зерттеуіме патент алдым. Осы патент қазіргі заман технологияларын қолданып, шетелдерге мақтанышпен шығарылатын сапалы құрт шығаруға мүмкіндік береді. Мен біздің құрт голландықтардың ірімшіктері, түркілердің йогурті сияқты әлемдік асханада өзіне лайық орын алуы қажет деп ойлаймын.
Айдар Шалбарбаев құртты өндірудің үш бағытын ойлап шығарды.

Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколадпен қапталған және жаңғақ қосылған.
Екінші бағыт – етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата - бабаларының әдісі бойынша жасалады.

Үшіншісі – балық құрт. Осы құрт балықтың әр түрінен жасалып, балық мүсінінде болады.
Айдар Шалбарбаев өз зерттеулерімен көптеген жерлерге барып, көмек сұрады, бірақ жолы болмай жүр. Ол премьер - министр Кәрім Мәсімовтың блогі туралы біліп, премьер - министрге ұлттық брендті құрғаны туралы хат жазды.

– Мен, өзім де құртты өндіретін цех ашар едім, – дейді зерттеуші. – Бірақ, қазақтың байырғы тағамын ұлттық бренд бола алмас еді. Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет.
Қазақ халқында ұлттық тағамдарды дайындаудың технологиясы қалыптасқан. Осы жасалу технологиясын сақтап отырғанда ғана ұлттық тағамымыздың даңқы асқақтап, адам денсаулығына пайдалы қасиеті сақталмақ. Өкінішке қарай, соңғы кездері басқа ұлттық тағамдарымыз секілді құрттың да жасалу технологиясы сақталмайтын болды. Бүгінгі күні базарларда сатылып жүрген жеңсік астың дәмі бұзылған. Сыртына қарап аузыңнан сілекейің шұбырғанымен, оның дәмі тіл үйірмейді. «Жұмыртқадан жүн қырқып», бір уыс  сүзбеден қыруар пайда тапқысы келгендер сүзбеге ұн, құрғақ сүт, тіпті әкке дейін қосып сататын көрінеді. Өнімнің мөлшерін арттыратын мұндай қоспалар, шын мәнінде, құрттың дәмін бұзатыны сөзсіз. Осылайша, шын мәнінде, адам денсаулығына аса пайдалы ұлттық тағамымыз өзінің қасиетінен айырылып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда ұлттық өнімімізді жасалу технологиясы мен құрамын сақтай отырып шығаратын арнайы цехтардың қажеттілігі артып тұр.

3.3.Сыныптас достар пікірі

Өзіміздің зерттеу жұмысымызда сыныптастарымызбен де ой бөліскіміз келді.Осы мақсатта ұстазым үшеуіміз мектептегі 2-сыныпта оқитын оқушылардан жабық анкета алдық.Оқушылардың жауаптарын сараптап, мынандай кесте құрдық.



Сұрақ

Оқушылар саны

Қазақтың ұлттық тағамын құртты ұнатып жейсіз бе?

иә

жоқ

жеп көрген емеспін

иә

жоқ

жеп көрген емеспін

иә

жоқ

жеп көрген емеспін

21

-

-

23

-

-

23

-

-



Қазақтың ұлттық тағамын құртты ұнатып жейсіз бе?-деген сұрақты 2-сынып оқушыларынан сұрағанда:

2 «А»сынып -21 «иә», 2 «Ә»-23 «иә», 2 «Б»-23 «иә» барлығы «иә»деп жауап берді. Яғни, 2 сынып оқушыларының барлығы да құртты ұнатып жейді. Осы жабық анкета барысында құртты мүлдем жеп көрмеген оқушы болмады.

IV. Қорытынды

Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік пайдасы бар.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымызды жобамызбен таныстырдық. Оларға құрттың пайдалы әрі маңызды тағам екенін түсіндіре алдық деп ойлаймыз. Өз отбасымызды да, достарымызды да осыған көз жеткіздік.Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Біз осы зерттеушінің сөздеріне толық қосыламыз. Қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.


Ұсыныс:

  • Құрттың емдік қасиеттерін қазіргі медицина саласында пайдалану;

  • Құрт шығаратын арнайы цехтер ашу;

  • Болашақта құртты әлемдік нарыққа шығара отырып, шетелдерге таныту;

  • Мектептерде технология пәнінде құрттың жасалу жолдарын оқушыларға үйрету.













V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3.Бастауыш мектеп. «Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысының  жазылу  реті» А.Аңсабаева 7, 2009 жыл

4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар,  «Ұлттық тағам- ұлт мақтанышы»Г.Мұрынова.  4. 2003 жыл

5.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.

«Қазағымның дәстүрлері -ай»С.Хуатай.-11, 2010 жыл

6.Сен білесің бе энциклопедиясы  «Ыдыс- аяқ жасау өнері»Алматы  :

«Аруна баспасы»       

7.Хрестоматия. «Қарлығаш оқу – әдістемелік кешені»-Астана:«Арман -ПВ»баспасы,2011 жыл.

8.Ана тілі . Алматыкітап баспасы -2012 . Малта. 133 бет.

9.Интернет желісі.











 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ылыми жобаны? та?ырыбы: "?аза?ты? ?лтты? та?амы-??рт"

Автор: Бекова Райгуль Косымбаевна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 248049


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства