Киіз ?йді? тарихы Б?гінгі та?да киіз ?йді? 2 мы? жылдан астам тарихы бар екенін ?алымдар д?лелдеп отыр. К?шпелі са?тар б?дан 2 жарым - 3 мы? жыл б?рын ?мір с?ргендігі белгілі.Са?тарда ?лкен арбаны? ?стіне орнат?ан киіз жамыл?ылы, жиналмалы шоша? ?йлері бол?ан. Б.з.д. І мы?жылды?ты? со?ында ??ндар мен ?йсіндерде уы?ты, ша?ыра?ты, киізбен жабыл?ан ?йді? бол?анды?ы д?лелденіп отыр. ??ламалар айтып кеткендей,осы киіз ?йден осы ?аза? хал?ыны? аспан ?леміне,есептеу ж?йесіне,экономикалы? біліктігі,м?дениет пен ?нердегі тал?амы-жалпы ?мір т?жірибесіндегі іске бейімділігі а??арылады.Ал XII-XIII ?асырларда?ы мемлекеттерді? Алтын орда,А? орда,К?к орда деп аталуыны? ?зі осы киіз ?йге байланысты екенін Ш.У?лиханов айт?ан.Та?ы бір ерекше айта кетерлік жай:бізді? киіз ?йіміз тек баспана ?ана емес,ол с?улет,??рылыс,сурет,?ол?нер сия?ты бірнеше ?нерді? басын ??райтын ?ажайып туынды десек те болады. Бас?а елдердегідей емес, б?л а?аш, киіз, ши, ішінара к?містен ??растырылады, ?рі к?шпелі ??рылыс т?ріне жатады. Дала т?р?ындарыны? тап?ырлы? шешімін осы т?р?ыдан ?арап ба?ала?ан ?лем ?ылымы, м?дениеті мен ?неріні? білімпаз сарапшылары д?ниеж?зілік, халы?арлы? этнографиялы? к?рмелерде ?аза?ты? осы ?неріне ?р?ашан жо?ары ба?а беріп отыр?ан. 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Д?ниеж?зілік этнографиялы? к?рмеге киіз ?й апарып, еуропалы?тарды та? ?алдырып, б?йге ал?ан. 1876 жылы Мейрам ?ажы Жанайдар?лы Петербургке, 1890 жылы Ибрайм ?ділов ?азанда?ы к?рмеге киіз ?й апарып ?аза? м?дениетін Еуропа?а паш еткен. 1827 жылы Б?кей ордасыны? ханы Ж??гір Ресей патшасы I Николай?а киіз ?й сыйлап, патша а?зам о?ан ?те риза бол?ан. Майнда?ы Франкфурт ?алаларында?ы м?ражайларда да ?аза? киіз ?йлері де бар. ?аза?ты? осындай байлы?ы мен с?н-салтанатыны? ку?сі бол?ан киіз ?йлер т?ркілеу, со?ыс, ашты?, колхоздастыру сия?ты жауызды? ?рекет салдарынан ??рып кетті. С?йтіп, XX ?асырда ?аза? м?дениетіні? ба?а жетпес м?расы- киіз ?йді? ??ны мен ма?ызы т?мендеді. Осы ?асырды? 90 жылдары ?аза? мемлекетіні? жеке шы?уы ?лт м?дениетін, оны? ішінде киіз ?йді? ?адірі мен орны ?з д?режесінде ?айта д?ріптелуі, олар?а лайы?ты ас пен тойларды? ?ткізілуі ж?не со?ан с?йкес ?лтты? м?дениет р?ліні? артуы киіз ?йге деген к?з?арасты ай?ындады. Той- думанда тігілген киіз ?й с?н- с?улетімен, ?нер шеберлерімен, ?лтты? д?улетімен, т?рлі спорт жарыстарымен, д?режеленетін болды. Ерекше атап айтар болса? халы?ты та? ?алдыр?ан Тор?ай ордасы ж?ртты? ?лі есінде. Ал?аш рет К?кшедегі 1991 жыл?ы Абылай хан асында тігілген б?л орда басында 12 ?анат, кейін 18 ?анат болып к?лемі ?л?айтылды. 1992 жылы ?аза?тарды? Д?ниеж?зілік ??рылтайында, 1993 жылы Есет батыр, Ша?ша? Ж?нібек батыр асында, 1995 жылы Абай тойында тігіліп, бірнеше ж?лделі б?йгелерге ие болды. Б?л орда бір ауылды? емес, б?кіл ?аза? елі м?дениетіні?, ?неріні? ?лкен табысы деп ба?аланды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Юрта (научные работа)»
Амангелді атындағы орта мектеп
Тақырыбы:Киіз үй
Ғылыми жобаның қорғаушысы
3 «Б» сынып оқушысы
Жолсейіт Айару Маратқызы
Зерттеу
объектім
Киіз үй
Кіріспе
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі –
киіз үй.
Киіз үйдің тарихы Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Көшпелі сақтар бұдан 2 жарым - 3 мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі.Сақтарда үлкен арбаның үстіне орнатқан киіз жамылғылы, жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр. Ғұламалар айтып кеткендей,осы киіз үйден осы қазақ халқының аспан әлеміне,есептеу жүйесіне,экономикалық біліктігі,мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.Ал XII-XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда,Ақ орда,Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.Тағы бір ерекше айта кетерлік жай:біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес,ол сәулет,құрылыс,сурет,қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықарлық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибрайм Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы I Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған өте риза болған. Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері де бар. Қазақтың осындай байлығы мен сән-салтанатының куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық, колхоздастыру сияқты жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Сөйтіп, XX ғасырда қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы- киіз үйдің құны мен маңызы төмендеді. Осы ғасырдың 90 жылдары қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәрежесінде қайта дәріптелуі, оларға лайықты ас пен тойлардың өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениет рөлінің артуы киіз үйге деген көзқарасты айқындады. Той- думанда тігілген киіз үй сән- сәулетімен, өнер шеберлерімен, ұлттық дәулетімен, түрлі спорт жарыстарымен, дәрежеленетін болды. Ерекше атап айтар болсақ халықты таң қалдырған Торғай ордасы жұрттың әлі есінде. Алғаш рет Көкшедегі 1991 жылғы Абылай хан асында тігілген бұл орда басында 12 қанат, кейін 18 қанат болып көлемі ұлғайтылды. 1992 жылы қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайында, 1993 жылы Есет батыр, Шақшақ Жәнібек батыр асында, 1995 жылы Абай тойында тігіліп, бірнеше жүлделі бәйгелерге ие болды. Бұл орда бір ауылдың емес, бүкіл қазақ елі мәдениетінің, өнерінің үлкен табысы деп бағаланды.
Киіз үй Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын, өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын, өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.
Киіз үйдің құрылысы Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және баушадан тұрады. Үйдің ағаш саймандары 4 бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі - қанат деп аталады.
Уық – шаңырақ пен керегенің арасында дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Ол "үй","әулет" мағынасына да пайдаланылады. Оны "қара шаңырақ" деп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте, шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді.
Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі.Ашып - жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атаған. Бұл есік 2 жармалы болады. Оны өрнектеп, әшекейлеп жасайды.
Киіз үй тез жиналып,тез құрылады.
Сонан соң уықтарды шаншыған. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құрмен шалмалап таңады.
Осыдан кейін үйдің киізін жауып, бақанның көмегімен үзік
пен түндікті жабады.Бауы арқылы керегені уыққа бекімдеп байлайды.
Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы:
қара үй (3 қанат)
қоңыр үй (4 қанат)
боз үй (5 қанат)
ақ үй (6 қанат)
ақ ала орда (8 қанат)
ақ орда (12 қанат)
ақ шаңқақ (18 қанат)
алтын үздік (24 қанат)
алтын орда (30 қанат)
Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл- киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер мұнда отырмайды.
Сол жақ(кіргенде оң жақ)- үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Оң жақта(кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. Қазақ атам келіндерін алғаш осы оң жаққа түсіріп, қара шаңырақ иесін осы босағада тәрбиелеген.
От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазан асылады.
Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су өтпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады. Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдің саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, қасиетті қара шаңырақтың киесі, мүмкін осындай ұлылардың көкірегіне нұрлы сәулесін құйған болар.
Киіз үйге байланысты ұғымдар. Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату- ежелгі халық жоралғысы, “Шаңырағың биік болсын” деп бата берсе, “Шаңырағың ортасына түсссін” деген қарғыстың ең ауыры да болған. Тыныш отыр, шамаңды біл дегенді білдіру үшін: “Шаңыраққа қара!” –деп, ескерту жасайды. “Керегең кең болсын” деп бата берсе, ұятқа қалған адамды “Керегеге таңылды” деген. Туырлыққа байланысты мал семіз болса: “Іш майы туырлықтай туырылып түсті ”,- деп мақтайды. Махамбет батырдың: “Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім. Керегесін кескілеп, отын етсем деп едім”,- дегені- кегімді алсам, дұшпанымды жеңсем дегені. Бақан арқылы қазақ мықтылықты меңзейді. “Бақандай бес жігіт” дегені қарулы мықтылықты ұқтырса, “барымды киіп, бақанымды таянып” дегені әзірленіп, күтініп отырмын дегенін білдіреді. Түндікке байланысты “түндігің түтінді болсын” деп бата береді. Жас әйел түндігін ерте ашса шаруақор,пысық екенігі, басқа үлкен үйдің түндігін ашса, әдептілігі көрінеді. Ал “түндігі ашылмай қалды” деген сөз сол үйдің адамдарының барлығының қайтыс болғандығын білдіреді. Есікке келсек әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді.”Есік көрген” деп күйеуден қайтып келген әйелді айтса, күйеудің алғаш келуін “есік көре келді” деп “босаға аттар” деген ырымын жасаған.”Табалдырық аттады” деген өте жақсы сөз “келін болып түсті” дегенді сыпайылап, құрметтеп айтқаны. Босағаны керме, табалдырықты баспа,- деген тыйымдар әдептілікке шақырады. Кіріп келген бала табалдырыққа сүрініп жығылса, оны жақсы ырым деп жориды. Шиге байланысты: “Ши жүгіртті” деп түртпектеді, одан әрі ұшындырды дегенді білдірсе, “шыққан қыз шиден тысқары” деп тұрмысқа кеткен қыздың өз үйіне көп келе бермегені жөн екенін ескертеді. Қазақта үй сабау- жаман ырым, жаман әдет. Өші кеткендер үй сабайды. Бұл өш алудың немесе дауға, ұрысқа шақырудың белгісі. Дәулетті адамдар ұлы үйленгенде немесе қызын ұзатқанда ақ отау тігіп шығарады. Бұл- құрмет әрі сый белгісі. Сол сияқты отбасында, ошақ қасында, үй орнындай, кереге бойында, есік пен төрдей, от орнындай теңеулері мен сөз тіркестері бар. Ордабасы, Керегетас, Ақотау, Шаңырақ, Босаға, Қызылорда сияқты Қазақстанның жер атаулары да бар.
Ғылыми жобаның қорғаушысы: Жолсейіт Айару Маратқызы