Сабақтың тақырыбы: «Заттың санын білдіретін сөздер Үш би»
Сабақ мақсаты: Сан есім туралы түсінік алады, сұрақ қоюды меңгереді. Мәнерлеп оқуы, көркем жазуы шыңдалады.
Оқу нәтижесі: Сан есімді біледі, меңгереді, күрделі сан есім сөздерінің бөлек жазылатынын ұғады.
Сабаққа қажетті ресурстар: А-4 парақтары, маркерлер, интерактивті тақта
Сабақта қолданылатын әдістер: СТО стратегиялары (Сөздер банкі, Т кестесі, Сәйкестіндіру)
Сабақ кезеңдері
1.Ұйымдастыру( 5минут).
Амандасу
Оқушыларды топқа бөлу
Психологиялық кезең «Мақтаншақтар» ойыны
Әрбір топ өздерін мақтап шығады. М/ы: 1-топ «Біз білімдіміз, ойымыз ұшқыр» 2-топ «Бүгін біз сабаққа жақсы дайынбыз бес аламыз.»
2. Өтілгенді пысықтау
Тұсаукесер СТО «Сөздер банкісі» стр(5 минут).
Жұмысты оқушылар топпен орындайды. Бір-бірін салыстыра тыңдайды.
(Қол шапалақтап марапаттап отырады.)
3.Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс (Дәптерлерін ауыстыру, күн жадын жаздыру)
Көркем жазу минуты
Батыр қол бастар,
Шешен сөз бастар.
Көркем жазу жұмысы жұптық жұмыс Екеуара бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
1-тапсырма Топтық жұмыс 136-жаттығу ( 7 -8мин)
11, 12, 13, 14, 15 (Әрбір топқа бір саннан тақтада жаздыру)
-Берілген сандарды сөзбен жазады.
-Екі таңбалы сандардың бөлек жазылатынын есте сақтайды.
Он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес
Сергіту сәті «Ақбұлақ» видеосымен бірге би қимылын жасау
2-тапсырма 138-жаттығу Топтық жұмыс Сәйкестендіру (/7-8 минут)
Дүйсенбі 3- күн
Сейсенбі 4- күн
Сәрсенбі 1- күн
Бейсенбі 5- күн
Жұма 7-күн
Сенбі 2- күн
Жексенбі 6- күн
(Күн атауларын сәйкес сандық атауларға сызықпен қосады)
3-тапсырма «Үш би» өлеңін оқу
-
Оқушылар өлеңді іштей оқиды.
-
Өлеңнің кімдержайында екенін айтады.
-
Үш би суретімен таныстыру, өлең мағынасын ашу.
Үш би (Н. Оразалин)
Ойдың қозғап жасынын
Қайта туған ғасырым.
Төле би мен Қазыбек,
Әйтеке би асылым.
Айбын болған еліме,
Айдын болған көліме.
Айналайын үш биім,
Пана болған жеріме.
Елдік туын ұстаған,
Ел намысын ұштаған.
Қалың қазақ пір тұтар,
Қасиетті үш бабам.
4. Қорытындылау
Т кестесі арқылы сабақты қорыту
елу елу бес
он он жеті
отыз отыз төрт
Бір сөзбен айтылатын сандармен, екі сөзді сандардың жазылуын меңгереді.
Үйге тапсырма беру
«Үш би» өлеңін жүргізіп оқу, 138-жаттығуды жазып келу
Бағалау
Мұғалім бағасы
Бірін бірі бағалау
Кері байланыс
Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.
Бағдаршам арқылы сабаққа түсіну деңгейін байқатады.