Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Сабақ тақырыбы : Жақсылық жасай білейік»
Өзін-өзі тану
Сәлемдесу
Ұйымдастыру кезеңі
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді-өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
“Мен қандаймын?” деп ойла.
Өзіңді-өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
“Өзіңді тану” пайдасы.
Тыныштық сәті:
Дария тамшысы жақсылық
Дария жақсылық
тамшысы
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!»
Ы. Алтынсарин
Сабақ тақырыбы:
«Жақсылық жасай білейік»
Жақсылық пен жамандық
(eртегі)
Бейне жазбаға
назар аудару.
“Серпілген сауал”
1.Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?2.Жақсылық жасау деген не?3.Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?4.Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?5.Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?
Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
Оқулықпен жұмыс
Сұрақтар:1.«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың»деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
2.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
3.Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Сергіту сәті
Мақал: « Кісідегінің кілті - аспанда »
Топпен жұмыс
1 топ
Дыбыстар сөйлейді?
Ж-
А-
Қ-
С-
Ы-
Л-
Ы-
Қ-
2 топ
“Арыстан мен тышқан”
Ертегіні көрініс ретінде көрсету
3 топ
Жақсылық үйін құрастыру
Жақсылық гүлін құрастыру.
Қорытынды.
1.Дұрыс сөйлеу, жақсы сөз адамға қалай әсер етеді?
2.Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
3.Жақсы сөз, шынайы тілек адамғақалайәсер етеді?
4.Біреуге жақсы сөз айтыпқуанатын кездеріңболды ма?