ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жұман Есіркепов атындағы жалпы орта мектеп
Пәні: Математика
Сыныбы: 1
Тақырыбы: 9 саны мен цифры
Бастауыш сынып мұғалімі: Абикенова Айман
Шымкент 2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 9 саны мен цифры жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 9 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1-9 көлеміндегі сандарды қосып , азайтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, ауызша есептеу дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұлттық дүниетанымын дамыта отырып, ата –дәстүрін білуге, ұқыптылық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, перфокарта, оқулық
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой-қозғау, дидактикалық ойындар
Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан оқыту
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
3. Ертегі «Түлкі мен тауық»
ІІ. Өткенді қайталау
Сұрақ –жауап
Жеті ата
Кел, ойнайық!
ІІІ. Жаңа сабақ
9 санының құпиясы
9 санының құрамы
оқулықпен жұмыс
дәптермен жұмыс
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Қорыту
Сабақтың жүру барысы
І – Ұйымдастыру кезеңі
Математика оқулығын, дәптер, қаламсаптарыңызды алып, сабаққа дайындалыңыздар.
Психологиялық дайындық
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Сәлеметсіздер ме, 1 «Ж» сыныбының оқушылары, менің достарым! Мен «Сандар» әлемінің тауығымын. Мен сіздерден көмек сұрағалы отырмын. Айлакер түлкі балапандарымды ұстап алды, енді
жемекші. Әр балапанымды құтқару үшін түлкінің бір тапсырмасын орындап отыру қажет. Сол тапсырмаларды орындауға маған көмектесесіңдер ме? -депті.
-Балалар, тауық бізден көмек сұрап отыр. Көмектесеміз бе, балалар? Онда сіздерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Түлкінің 1 –ші тапсырмасы: Сұрақ –жауап
- 5 саны қандай сандардың қосындысы?
- 6 саны қай сандардан артық?
- 7 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?
- Міне, балалар біз тауықтың бір балапанын құтқардық.
Түлкінің 2 –ші тапсырмасы: Жеті ата
Түлкінің 3 –ші тапсырмасы: Кел, ойнайық!
Ө 2+2-2= т
4+3+2= з
3+0+3= ғ
3+2+0= о
4+2+1= ы
рнектердің мәндерін өсу ретімен орналастырып, Түлкінің жасырған сөзін тап:
Балалар түлкінің бізден жасырған сөзі «тоғыз» екен.
ІІІ. Жаңа сабақ
9 санының құпиясы
Балалар, мен бүгін сендерге 9 санының қасиетті, киелі сан екендігі туралы 9 құпия сыр ашқым келіп отыр. Олар:
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідеі түсінік бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі.
9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер
9 - ды бақыттылар саны дейді.
ІІІ. Түлкінің 4–ші тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс №1
1) Қандай сандардың қосындысы 9-ға тең?
9 9 9
6 2 4
2) Теңдіктер құру. 8+1=9 9-6=3 9-1=8
7+2=9 9-5=4 9-2=7
6+3=9 9-4=5 9-3=6
-Балалар біз тауықтың үш балапанын құтқарып бердік.
Сергіту сәті. «Бейнетаспа» «Қара жорға биі»
Түлкінің 5 –ші тапсырмасы:
№2 Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
см см * см
см
Түлкінің 6 –ші тапсырмасы: №3 Қалып қойған сандарды ата:
Түлкінің 7 –ші тапсырмасы: №4 Салыстыр.
Тақтамен жұмыс:
9см 6 cм 9см
06 9=9
Түлкінің 8 –ші тапсырмасы: «Перфокартамен жұмыс»
ІҮ. Түлкінің 9 –ші тапсырмасы:
№5 Кесінділердің ұзындығын өлше. Теңдіктер құр.
Дәптермен жұмыс:
см
см см
7см + 2 см = см
см + см = см
9см – 2 см = см
см - см = см
Ү. -Балалар, біз тауықтың қанша балапанын құтқардық?
-Тауықтың сендерге айтар алғысы шексіз, жарайсыңдар!
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
ҮІ. Үйге тапсырма. 9 цифрын жазу