Просмотр содержимого документа
«7 санын қосу және азайту»
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Мақсаты:
1. Он көлемдегі сандар қатарын пайдаланып жеті санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура, кері санау дағдыларын бекіту.
2 . Логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3 . Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, математикалық тілде сөйлеуге, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелу.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік қонақтарға , Ілтипатпен біз.
II. Үй тапсырмасы 132 беттегі мысал. №4
4+2+3= 7-5+1= 5+4+1= 9-2-2= 10+0-7= 4-3+8=
Өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастырып, Наурызбайдың жасырған сөзін тап.
7 + 1 = Т
6 + 3 = I
9 – 7 = Ж
10 – 4 = E
Қызығушылықты ояту:“Мақтақыз бен мысық” ертегісі
Cиырдың тапсырмасы - жұмбақ шешу. Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді. ( ……..)
Алма бағы жайнаған, Қызыл алма айналам . Алдым үзіп бесеуін. Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? ( 5+2= )