kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері. Ақ бұзау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жуан, жіңішке дыбыстар және олардың әріптері туралы түсінік. Бұзаудың пайдасы жайлы мағлұмат беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері. Ақ бұзау.»

Пәні: Сауат ашу

Сыныбы: 1 «Б»

Сабақтың тақырыбы.: Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері. Ақ бұзау.

Сабақтың мақсаты.:  а) Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы сиыр, оның төлі бұзау туралы мағлұмат беру, Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету. Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту;

ә) Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: төрт түлік суреттері,шаблондар, төрт түлік пірлерінің суреттері, парақшалар, кеспе әріптер, слайд, Ж. Смақов.

Сабақ барысы :

Сабақ кезеңі

Сабақтың мазмұны

Бағдарлама матер. меңгеру деңгейі

І. Ұйымдастыру кезеңі









ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру























IІІ. Мақсат қою кезеңі



ІҮ.Жаңа сабақ:



















































































Ү. Сабақты бекіту













Ү. Үйге тапсырма:



ҮІ. Бағалау


Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


-Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?
-Жақсы.Олай болса, үй тапсырмасына бәріміз әзірміз бе?

Балалардың жауаптары тыңдалады
Үйге: «Боз бие» өлеңін жатқа оқу.
- Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
- Төрт түлік.
- Төрт түлікке нелер жатады?
-Осы 4 түлік аталары қалай аталады?

Сауалнама жүргізу
- Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар
арқылы көрсетеді.
1. Дауысты дыбыстар қатарын тап:
а) б, в, г
+ ә) а, ә, е
2. «К» қандай дыбыс?
+ а) дауыссыз
ә) дауысты
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а) 40 әріп
+ ә) 42 әріп
4.Жуан дауыстыларды тап;
а)ы,і,ә,о,ұ, е.
ә)а,о,ұ,ы.
5. Қазақ алфавитінде неше дыбыс бар?
а) 40 әріп
+ ә) 42 әріп


  1. Ой ашар: «Ойлан тап» кестесімен танысу.

  2. - Енді балалар мына кестеге қарайық. Бізге мысалдар берілген. Осы мысалдарды орындап, жанындағы әріпті, мысалдың жауабы қанша шықса, сол номердегі тор көзге апарып жазамыз.Соңында бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз шығады.

 Міне біз «Ойлан тап» кестесінің сырын таптық.

- Тіл дыбыстары қалай жасалады?
- Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
- Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
- Өкпе, ауыз қуысы, оның ішіндегі тіл, таңдай, ерін және мұрын қуысы.
а) Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі
- Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у

Дауысты дыбыстар түрлері

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

Жуан

Жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

а, о, ы, ұ, у

ә, ө, і, ү, е, и, э, у

а, ә, е, о, ө, э

ы, и, і, у, ұ, ү

о, ө, у, ұ,ү

а, ә, е, э, ы, і, и


- М: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)
ә) Жаттығу жұмыстары


Оқулықпен жұмыс.

  1. 28 — жаттығу: көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.

  1. Сергіту сәті. «Ортеке» әні. Домбырамен сүйемелденеді.

  1. Үнтаспадан жұмбақтар тыңдап, шешуін дәптерге жазу.

  1. Дәптермен жұмыс.

Жұмбақтың шешуін таба отырып көркем жазу минутын өткізу. Есту диктанты: КІТАП, ДОМБЫРА, СИЫР.

Жұмбақтар:

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар

Бір желпуіш сияғы бар.      (сиыр)       

- жұмбағымыздың шешуі сиырдың атасы кім еді?

—   Зеңгібаба

—  Олай болса «Зеңгібабаның» құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып жіберейікші — деп 3-4 оқушыға тізбектетіп оқытамын.

Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов.
СМАҚОВ Жақан (1932-1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ-бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады. Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. өзі оқыған «Ынталы» орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.
Алдағы уақытта оқулықтан, газет-журналдардан оқып танысасыздар

Ал балалар осы төрт түліктің бірі сиыр малының қандай пайдасы бар?

—  Еті, сүті тағам. Оның сүтінен әр түрлі тағамдар алынады. Атап айтар болсақ құрт, май , айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік.

— Сонымен, жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін    «Жуан-жіңішке» деп аталатын ойын ойнайық. Жуан айтылатын сөз айтқанда орнымыздан тұрамыз. Ал жіңішке айтылатын сөз айтқанда отырамыз.

Бас – бес

Қасық – ісік


—   Сонымен  қандай дыбыспен таныстық?

—   Қандай өлең оқыдық?  Бұзау ненің төлі?

—   Сиырдың атасы кім?

—   Енді үйге тапсырма алайық.

29 — жаттығуды жазып келу.

«Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Сабаққа  жақсы   қатынасқан оқушыларды  мадақтау, бағалау.

 Деңгейлік тапсырма.

I топ
Көп нүктенің орнына дауысты дыбысты қойып көшіру.
От... н, ж... ңіс, т..., бат... р, ард... гер, ерл... к.
II топ
Оқу - білім тақырыбына
3 мақал - мәтел жазу. Дауысты дыбыстың астын сызу.
III топ
Шығармашылық жұмыс. «Достық» тақырыбында мәтін құрастыру немесе өлең шығару.




Мүмкіндік деңгей












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері. Ақ бұзау.

Автор: Ещанова Алтынай Кайратовна

Дата: 29.11.2016

Номер свидетельства: 363841

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Саба? жоспары. Ана тілі "
    ["seo_title"] => string(25) "sabak-zhospary-ana-tili-1"
    ["file_id"] => string(6) "172447"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423823431"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Дауыссыз дыбыстар.?ата? дауыссыздар "
    ["seo_title"] => string(36) "dauyssyz-dybystar-k-atan-dauyssyzdar"
    ["file_id"] => string(6) "179308"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424971853"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Саба?ты? та?ырыбы:«?лди, ?лди» ?ле?і. Жі?ішке айтылатын с?здер. "
    ["seo_title"] => string(65) "sabak-tyn-tak-yryby-ldi-ldi-olien-i-zhin-ishkie-aitylatyn-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "194558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427792051"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Дауысты дыбыстарды ?айталау "
    ["seo_title"] => string(28) "dauysty-dybystardy-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "156639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421467864"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "И, й әріптерінің жазылуы"
    ["seo_title"] => string(24) "i_i_riptierinin_zhazyluy"
    ["file_id"] => string(6) "356311"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478530252"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства