Қазақ тілі | Уақыты: | Сабақ: | Мұғалім: Жанабаева К.М. |
Сабақтың атауы | Жалаң және жайылма сөйлем . 115-120 жаттығулар. |
Жалпы мақсаттар | Білімділік - Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы білімдерін кеңейту және бекіту, сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдауды меңгерту Дамытушылық: Танымдық , шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сауаттылығын, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру, ұйымшылдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: микрофон, видеопроектр , слайдтар, ребус, Венн диаграммасы, қима қағаздар. Сабақтың түрі: бекіту сабақ Сабақтың әдісі: СТО элементтері, “ыстық микрофон” сұрақ –жауап әдісі, жеке, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, “Миға шабуыл” стратегиясы, «Алма теру» ойыны, Венн диаграммасы, “кір жайғыш” әдісі, “Бас бармақ” әдісі |
Оқыту нәтижесі |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасы | Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін! | Қайырлы таң, достым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын. |
Топқа бөлу | Түс таңдау арқылы топтарға бөлу. 1 – топ: «Бастауыш» 2 – топ: «Баяндауыш» 3 – топ: «Тұрлаусыз мүше» |
Үй тапсырмасын сұрау | 113 – жаттығу. Суреттер бойынша әңгіме құрау. | Сұрақтарға ұтқыр сөзбен, ұтымды оймен жауап береді. |
Қызығушылықты ояту | Экранға назар аударайық. Тәуекел, елтаңба, сіздер, белдік. Асты сызылған буындар жиынтығынан еліміздің алда келе жатқан ұлттық мерекесінің атын құрауға болады. Ол қандай сөз екен? Тәуелсіздік. Тәуелсіздік күні қай күн? Еліміз тәуелсіздігін қай жылы алды? Биыл тәуелсіздікке неше жыл? Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері өсіп –өркендеуде, дүниетану пәнінен өткен едік, әлемде теңгесі жоқ бас қаламыз Астана біздің мақтанышымыз «Әлем Қаласы» деген атаққа ие болды. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз елімізді дүние жүзіндегі ең алдыңғы 50 елдің қатарына қосып, ең ірі елдермен терезесін теңестіруге ұмтылуда. 2017 жылдың қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын жолдады. | Сұрақтарға ұтқыр сөзбен, ұтымды оймен жауап береді. |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу | Балалар қазір қыс мезгілі. «Қар атыспақ» ойынын ойнаймыз. Әрқайсысы қағазға жалаң мен жайылма сөйлем жазады. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем». Күн жадын жазамыз. Көркем жазу минуты. Ққ Ққ Ққ Ққ жадын жазамыз. Оқулықпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. 115-жаттығу. «Миға шабуыл» стратегиясы Топтық жұмыс. 116-жаттығу. Ребус шешу. 118-жаттығу. «Сәйкестендіру» әдісі | Ққ әріпін бір қатарға көркем етіп жазады. 1 топ 1 сөйлемді, 2 топ 2 сөйлемді, 3 топ 3 сөйлемді оқып, 3 сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. 1 топ: Ребусты шешеді. 2 топ: Жай сөйлемнің түрін табады. 3 топ: Сөйлем мүшелеріне талдайды. Жазған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. |
Сергіту сәті «Биле, биле» | | Оқушылар сергіп алады |
Ой толғаныс | Венн диаграммасы. «Кір жайғыш» әдісі. Жалаң Жайылма | Сөйлемді түрлеріне қарай ажыратып жазу арқылы ой түйіндиді. |
Үй тапсырмасы | 117 – жаттығу. Суретке қарап, әңгіме құрау. | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады. |
Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |