Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 1- оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. 2- оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету. 3- ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі, |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5Т» ұстанамыз. «Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» 1. Тыныштық сәті. Орманға саяхат (4 мин) 2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).(5 мин) Қадыр Мырза Әли «Адамның артықшылығы» өлеңін мәнерлеп оқу. – Адамдар табиғаттан нені үйрене алады? – Табиғат адамға не үшін қажет? - Адамның табиғаттқа пайдасы? 3. Видеоролик «Асанқайғының жерұйықты іздеуі»(5 мин) Асанқайғының ең бірінші арманы не болды? Асанқайғы өз мақсатына жете алдыма?
3. Міне, қызық! (2 мин) Шәйнектің қайнауына қарап, паравозды ойлап тапқан. Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан. Бұлбұлдан ән айтуды үренген. Үңгірлерге қарап адамдар үйлерге тұра бастаған. | Сабақ барысын талдау:
Оқулық 120бет
Осы видеоролик арқылы оқушылар қазақ жерінің әсем табиғатымен таныса алады.
Қызықты ақпарат алады. |
4. Дәйексөз. (6 мин) Р. Сәттімбеков «Табиғатым аң-құсымен ажарлы... » -Табиғатқа қандай көмек жасауға болады? Табиғатқа көрік беріп тұрған нелер? | Оқулық |
5. Әңгімелеу. (Мұғалімнің сыйы) (8 мин) Екі түп алма ағашы» (аңыз әңгіме) Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі: -Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екіншісі болса: -Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, түптеу де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, дейді. Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді.Адамдардар да оған аса мән беріп қарай бермейді. Сұрақ-жауап: -Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз? -Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді? -Адам өсімдіктерге қамқор болуы керек пе? | Интернет желісі |
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.(7 мин) 1.Менің қиялымдағы табиғат. (сурет салу) 2.Менің қаламның табиғаты (шағын шығарма) 3.Егер мен күннің нұры болсам...(жалғастыр) 4.Өлең жолдарын мәнерлеп оқу Табиғатым - аманатым Табиғатым, тіршілігім, ырысым, Сенсіз менің тарылады тынысым. Биік - биік тауларыңа қарасам, Алшаң басып, түзеледі жүрісім. Сенсің менің тазалығым, тұнығым, Сенсіз менің үзіледі үмітім, Сен бар жерде жыр тұнады көңілге, Сен бар кезде құлшынамын өмірге. О, адамзат аялашы, қорғашы, Өзің туып, өзің өскен ортаны. Келе жатыр талай сәби өмірге, Ең болмаса соның жайын ойлашы
| Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
|
7. Топпен ән айту.(4 мин) Бал балалық, балдырған шақ сан арман Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жарлған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атмекен-қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.
| Оқушылар қөңілді ән айтады. |
8. Үй тапсырмасы. С. Байшуақұлы «Наурызгүл» мәтінін оқу (2 мин) | 120 бет. |
Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин) Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! | Оқушылар сабақтан алған жақсы әсерлерін жүректеріне түйіп алады. |