Кіріспе: Топқа бөлу: 1 минут Психолог. дайындық: 2 минут Негізгі кезең: 5 минут Топтық жұмыс: 5 минут Қорыт.: 2 минут | Мұғалім: Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер! Жиналған ата-аналармен кітапханаға саяхатқа шығу. Оқушыларға арналған мүмкіндіктермен таныстыру. Жиналған ата-аналарды КОНФЕТ арқылы 6 топқа бөліп орналастыру. Кіріспе: «Қар қиыршықтары» Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз. Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз. Талдау: Кімде бірдей қар қиындысы шықты? Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар? Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар? Мұғалім сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. «Баға-еңбек жемісі» Тапсырма: Ата-аналар, сіздер қазір көбелектің суретін саласыздар. 5 минут қана уақыт беріледі, алдарыңыздағы бояудың сан түрін пайдаланып, әдемі көбелектің суретін бейнелеңіздер. ---критерий арқылы бағалау ---топтық бағалау. Көбелек суретіне қойылатын критерий: 1. Суреттің бетте орналасуы. 2. суреттің көлемі 3. бояуының қанықтығы, дұрыс боялуы 4. қанаттарының симметриялы болуы. 5. барлық мүшелерінің болуы. Ата-аналар,сіздердің салған суреттеріңіздің ішінен ең жақсы бағаға лайығын тауып, өз бағаларыңызды беріңіздер. Ал мұғалім үшін де оқушы еңбегін, жұмысын бағалау өте қиын іс. Барлық талапқа сай келсе ғана оқушы жақсы баға алады. Дегенмен кейбір кеткен кемшіліктер үшін де оқушы еңбегіне сай бағаланады. Баға бала көңіліне әсер етеді. Осыны жеңудің жолы қандай? Көбінесе жақсы баға қоймаған мұғалімді кінәлап жатамыз. Ал оқушыны қалай тәрбиелеу керек? /пікіралмасу/ 1 жарты жылдықтың қорытындысы: Міндетті деңгей- 23 оқушы Міндетті деңгейден төмен -4 оқушы ІІІ тоқсан - Диктант: «2» - 2 оқушы «3»- 2 оқушы «4» - 12 оқушы «5» - 12 оқушы Тұмаудан сақтану. Баяндама: Сагдолдина Гүлім 4 .Ағымдағы мәселелер: /қауіпсіздік, үй аралау, сабақтан кешікпеу, екі аяқ киім,ақ бантик, дене киімі, мектеп формасы, тазалық, қорытынды баға- бақылау, диктант, лицей болып аталу , театр – 05.02./
«Жан жүрек сыры» Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу тапсырылады.(айналайын, ботам, жұлдызым, т.б.) Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен? Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады. «Жас көңіл тың жер тәрізді, Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады. Қаулы: 1. Баланың сабаққа дайындығын бағалау және қадағалау ата-ана мен сынып жетекшісіне міндеттелсін; 2. Демалыс кезіндегі баланың өмірі мен қауіпсіздігін қадағалау ата-аналарға міндеттелсін; 3. | Кітапханамен танысады. Конфет таңдап, топқа бөлінеді Қағазды бүктеп, жыртып, нәтижесін байқайды, қорытынды шығарады. Көбелектің суретін салады. Бағалайды. Қорытынды шығарады. Қорытындымен танысады. Тұмаудың алдын алу жолдарымен танысады. Ағымдағы жұмыстарды шешу жолдарын табады. Еркелету сөзін жүрекшеге жазып, тақтаға оқып, іледі. Қаулымен танысады. |