Сабақтың тақырыбы: а+8, а-8, а+1, а-1 өрнектері.
Сабақтың мақсаты: Әріпті өрнектердің мәнін табуды меңгеру;
Санға 1-ді қосу, саннан 1-ді азайту қабілеттерін қалыптастыру;
Бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу;
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлемдесу, Бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр, сендер қонақтарға нені үйренгендеріңді, қалай жұмыс істейтіндеріңді байқайды.
-Мұғалімдермен бірге сендерге тағы да қонақтар келді, олар жануарлар (қоян, аю, кірпі, күшік, есек) олардың суреттері тақтада ілініп тұр.
-Кәне не келді? Атап шығыңдар, олардың тапсырмаларын орындай отырып, өткенді қайталаймыз.
«Ауызша санау»
-сандарды өсу ретімен атап шық,
- кему ретімен санау
«Ойланайық»
-3 пен 5 арасындағы сан
-ең жақсы баға
- ең кішкентай сан
-7-нің алдындағы сан
-8-ден кейін тұратын сан
Дәптерге бүгінгі күнді жазу, көркем жазу 1,
ІІІ. Жаңа сабақ.
№1 қоянның тапсырмасы. а+8 а-8
Кесте бойынша әріпті өрнектің мәнін табу, тақтаға оқушылар шығып кестені кезектесіп толтырады.
№2 аюдың тапсырмасы.
а+1 а-1
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар санға 1-ді қосқанда келесі сан шығатынын түсінеді.
Карточкалардағы өрнектердің мәнін табу керек.
5+1 10-1 7+1 7-1 6+1 9-1 8+1 8-1 6-1 9+1 0
Сергіту сәті.
№3 есектің тапсырмасы. Мәтін есеп шығару.
Есек 8 алма әкеле жатыр еді. 2 алмасы түсіп қалды. Есектің неше алмасы қалды?
№4 күшіктің тапсырмасы.
8 саны мен а-ның қосындысын жаз. а=0; а=2; деп алып, өрнектің мәнін табу.
№5 кірпінің тапсырмасы, кірпі жылап отыр, есептерін шығара алмай, біз оған көмектесеміз.
VІ. Қорытынды. Біз нені үйрендік?
Не білдік?