kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз жыл басы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, 
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
 Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз жыл басы»

Тақырыбы:  Армысың, әз Наруыз!
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Түрі: тәрбие сағаты
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .
Тәрбие сағатының жүрісі:
І.Бөлім Наурыздағы салт-дәстүрлер 
ІІ.Ән, би.
ІІІ.Сұрақ – тапсырмалар
1-жүргізуші. 
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, 
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, ел боп қарсы алайық - дей келе келесі сөз кезегін наурыз қызға берейік.
Жансұлу: Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір тұр,
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.
Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,
Бұл күн біле білгендерге ғажап тым!
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,
Наурыз күні- білгендерге ғажап тым!

Жүргізуші:Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
(Әже шығып шашу шашады) 

Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз, 
                       Салтанатты сәніміз.
                       Ән салып жас-кәріміз.
                       Би билейміз бәріміз. Дей отырып ортаға оқушыларымызды шақырамыз.
Әсия:
: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Диляра: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Жасмин: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Досұлан: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Дамиля:

Нұрислам: Наурыз– шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Берік: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.

Айсұлу: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

Жүргізуші:
-Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда өз ұлтымыздың салт-дәстурін айтпай кетпеске болмас. Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ. Тәрбие дәстүрі.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.
1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4 .Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

5) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

6) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

7) Асату (дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Бізге қонақ келіпті қане тұсау кесер рәсімін жасайық

Жүргізуші:

Балалар мен ұмытып кетіппін ғой Қыдыр бабамыз сіздерге бірнеше тапсырмалар беріп жіберді. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).

Сұрақтар :
1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?
 (Наурыз төлі)
2) Наурыз көже қалай жасалады?
 (7 немесе 9  тағам түрі)
3) Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар
4) Сүттен жасалатын тағамды ата?
(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)
5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)
6) Наурыз айында бірінші өсетін  өсімдік? (бәйшешек)
Тапсырмалар:
1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?(уыз)
3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)
 4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
5) Наурызнама – деген не?(шат – шадыман, ойын-сауық )
 6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

Мұғалім: Ал енді ортаға биші қыздарымызды шақырайық.Қамажай

Жүргізуші:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға толтырып жатыр міне маңайды.

Мал біткеннен бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Құтты болсын ұлыстың Ұлы күні,

Шаттандырған елімді Тәңір нұры.

Табиғатты түлеткен нұрландырып,

Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақта Наурыз тойы салтыңды елім! Енді ортаға айтыскерлерімізді шақырайық.

Ильдар: – Сізді көріп сермеді жыр құлашын,
Кеудемде бір қамданып тұрды лашын.
Наурызда жөн сұрау айып емес,
Амансың ба? Атың кім Құрбыласым!


Нұрислам: – Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген,
Жөн сұрайтын бар екен адам бізден.

Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,
Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.


Ильдар: – Не десең де теңсіңдер, еріктерің,
Сый жинауға алаңға келіп пе едің?
Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып,
Өзің маған сыйлықты беріп пе едің?

Нұрбақыт: – Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік,
Қозы келсе болар ма Баян да ерік.
Ұйқың әлі, жігітім, ашлымаса,
Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?!


Ильдар-: – Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген,
Ендігіде жөніммен дұрыс келем.
Наурызың, құрбылас, құтты болсын,
Танысармыз «бір көрген біліс» – деген…

жүргізуші: Уа халқым!Қазір өздеріңізге ақ батасын беріп, өнегелі өсиетттірін айту үшін ел басына күн туып, ерлер етігімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған алмағайып заманда халықтың бірлігімен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп, түнектен шығар жол нұсқап көшбасшысы болған өз бабаларымыз асу бермес Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ үнді     Әйтеке билеріміз келіп отыр сол билерімізге сөз кезегін береміз. 

Әділет:Төле би-:  Сұрасаң бата берейін,
                Үстем болсын мерейің!
                Ықыласпен қол жайсаң,
                Ақ тілекті төгейін,
                Дастарханың мол болсын,
                Абыройың зор болсын!
Рамазан:Қазыбек би- : Өрендерің ер болсын,
                      Көре алмаған бағыңды,
                      Сындыра алмаған сағыңды
                      Бетін басып жер болсын!

Жачангер:Әйтеке би-к:   Жарылқа Алла қабыл ет,
                      Жарылқаудың қамын ет!
                      Ізет, абырой, бақ-дәулет
                      Қызыр қарап, бақ қонып 
                      Жақсылық үшін қызмет ет!

Жүргізуші: Берген баталарыңыз қабыл болсын!Төрге шығып наурыз көжеден дәм татыңыздар

Жүргізуші:
                     Наурыз құтты болсын, 
                     Дендеріміз сау мықты болсын!
                     Наурыз тойы келе берсін,
                     Барлық халық бақытты бола берсін!
                     Еліміздің несібесі көп болсын.
                     Халқымыз көбейіп тоқ болсын!
                     Қош сау болыңыздар халайық, 
                     Көріскенше күн жарық болсын!

Жүргізуші: Осымен « Армысың әз Наурыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!




















0

№52 негізгі мектеп









Армысың,әз Наурыз!







2018 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Наурыз жыл басы

Автор: Канафиева Агила Сердалиевна

Дата: 17.05.2018

Номер свидетельства: 469968

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Наурыз- жыл басы. Ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "nauryz-zhyl-basy-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "185795"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426242570"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«Наурыз-жыл басы»"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryz_zhyl_basy"
    ["file_id"] => string(6) "364857"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480652128"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Наурыз – жыл басы!"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz_zhyl_basy_1"
    ["file_id"] => string(6) "394232"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487668847"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "ЗАТТЫ? ?ИМЫЛЫН БІЛДІРЕТІН С?ЗДЕР.                    НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ"
    ["seo_title"] => string(45) "zattynkimylynbildirietinsozdiernauryzzhylbasy"
    ["file_id"] => string(6) "323532"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461930639"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства