Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы»
Мақсаты:
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Оқушыларға ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіру.Ұлттық тәрбие бере отырып,өз елінің салт дәстүрін,құндылықтарын дәріптей білетін азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Түрі: мерекелік шара
Көрнекілігі:бейнежазба «Наурыз тойы», «Тұсау кесер», «Наурыз-жыл басы» слайд топтамасы,нақыл сөздер,шарлар,тақырып.
Жүрісі:
Мұғалім:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды!
Көрген де арманда,
Көрмеген де арманда.
Ақерке:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз тойын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Аяулым:
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер.
Шақырамыз бәріңізді
Ұлыстың ұлы күніне!
Мұғалім:
Қымбатты қонақтар, баршаларыңызды жақсылықтың лебізіндей жыл құсымен бірге келер Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.
Наурыз күнінің бір есте қаларлық салтанаты бұл күн көрісуден басталады. Ол жай амандасу емес, адамдар бір-бірін құттықтап қана қоймай, бір-біріне деген өкпелерінде кешірген. Қане, бәріміз құшақтасып, амандасып өкпемізді ұмытайық.
Еркебұлан:
Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.
Әселім:
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сендер үшін Наурыз той шашулары.
Мұғалім:
Шашу! Шашу! Көптеп шашу шашыңдар,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Шашу! Шашу! Шашу!(шашу шашылады)
-Ардақты ағайын! Қадірменді қауым!
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз тойын ашу үшін сөз кезегін шашу шашқан Жамиға әжейге беріледі.
Мұғалім:
Ендігі кезекте «Наурыз тойы» бейнежазбаға зер салайық!
Мұғалім:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек.
Гүлсезім:
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Ерназ:
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі. Көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.
Перизат:
Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Дінмұхаммед:
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс қосып пісірген. Наурыз көжені мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
Асылбек:
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен тараған. Онда бата беруші адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкенқонақ беруі тиіс.
Ибраһим:
Аунату-қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған.
Думан:
Байғазы беру-үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.
Азат:
Ерулік беру-ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
Нұрдәулет:
Қазан шегелеу- жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі.
Сүндет:
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйел адамдары шашуынала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді анаға адамға тапсырылады.
Абзал:
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіпаттамасындегенұғымнаншыққан. Солжіппенбаланыңаяғынтұсап, оны жүріс-тұрысыширақадамға қидырады.
Мұғалім:
-Келесі кезекте «Тұсау кесер» туралы бейнежазбаға назар аударайық.
-Олай болса,«Тұсау кесер» дәстүрінен көрініс көрсету үшін Ақеркенің әжесін ортаға шақырамыз.
Мұғалім:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық!
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден шашу шашайық!
Енді кезекті «Аққу» биіне береміз.Сыныбымыздың жас бишісі Әлібек Ақеркенің орындауында қабыл алыңыздар!
Мұғалім:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата-аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
Мұғалім:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем-дей келе ортаға «Бүркіт» ойынын ойнауға ұлдарды шақырамыз. (Шыққан соң шарты айтылады. Бұл ойында икемді, епті бала жеңіске жетеді. Себебі жүресінен отырып, екі қолын қанатша жайып, еңкейіп, жердегі тақияны аузымен іліп алу керек. Екінің бірі орындар оңай әрекет емес).
Айсана:
Наурыз тойын тойлайық қане, ағайын,
Амандықпен туа берсін күн сайын.
Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға
Мерекені бүгінгі мен жабайын.
Айзада:
Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
Бейбітшілік нық болсын елімізде.
Достықпенен жайнай берсін отанымыз
Желбіресін қазақ туы көгімізде!
Мұғалім:
Жиналған құрметті қауым! Келесі Наурызда да төрт көз түгел, уайым-қайғысыз, амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын!
«Наурыз –жыл басы» шарасының жүру бағдарламасы
І.Шараны ашу
ІІ.Әдеби монтаж
ІІІ.Шашу
ІV.Мерекелік құттықтау сөз ( ата-ана Жамиға әжей)
V.«Наурыз тойы» бейнежазба
VІ.Әдеби монтаж «Салт дәстүрлер»
VІІ.Бейнежазба «Тұсау кесер»
VІІІ.Көрініс «Тұсау кесер» ( Ата-ана Ильясова Света)
ІХ. «Аққу» биі. (Әлібек Ақерке)
Х.«Ұшқыр ой» (Ата-аналарға арналған сұрақтар)
ХІ.Ұлттық ойын «Бүркіт»
ХІІ.Қорытынды
№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Бағыты: «Ұлттық тәрбие»
Тақырыбы:
«Наурыз-жыл басы»
Сыныбы:1 «б»
Өткізген:Жолдыбаева Құндыз Батырқызы