kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз- жыл басы. Ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты

Наурыз – жыл басы

     Ма?саты: Хал?ымызды? тарихына шолу. Ата-бабамыздан бері ?рпа?тан-?рпа??а жеткен халы?ты? салт-д?ст?ріміз, ?дет-??рпымыз жайлы ма?л?мат беру.

     Міндеті: 1. Хал?ымызды? салт-д?ст?рін д?ріптеу;

                     2. Балаларды? с?йлеу ?уезділігін дамыту;

                     3. ?лтжандылы??а, салт-д?ст?рін с?юге баулу.

     К?рнекілігі: интерактивті та?та, теледидар мен видеомагнитофон, кейіпкерлер киімі, салт-д?ст?рге байланысты суреттер, ?нтаспа.

     ?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, т?сіндіру, танымды?, ойын.

     1. ?йымдастыру кезе?і:

         а) амандасу;

         ?) сыныптан тыс іс-шараны? ма?саты мен міндеттерімен таныстыру.

     І. Кіріспе б?лім: «Наурыз» ?ні орындалып т?рады (Р. Рымбаеваны? орындауында).

     О?ушылар сынып?а кіріп, амандасып, т?с ?а?ысып, бір-бірін мерекемен ??тты?тап, жылы с?здер айтады.

    -  Наурыз тойы ??тты болсын!

    -  ?лыс о? болсын, а? мол болсын!

    -  Ба? берсін, ?ыдыр дарысын!

    -  Т?рт т?лік а?ты болсын!

 

    1-о?ушы

  К?н менен т?н те?елді,

  Жер шуа??а кенелді,

  Соны тойлар ел енді.

 

  Наурыз тойы – салтымыз,

  «К?герсін» деп хал?ымыз,

  К?шеге тал егеміз.

 

          2-о?ушы

    Жар?ырап т?р к?німіз,

    Жай?алсын жас г?ліміз,

    Ба?та б?лб?л сайрасын.

 

 

   С?нді к?ктем н?рымен,

   Наурыз тойы жырымен,

   К??іл г?лдей жайнасын.

    М??алімні? кіріспе с?зі (видеокассетадан наурыз жайлы сюжет ?осылып т?рады):

     ?лыс к?ні к?рі-жас,

??ша?тасып к?ріскен.

Жа?а а?ыт?ан ?озыдай,

Жамырасып ?ріскен.

Шалдар бата беріскен,

«Са?тай г?р» деп терістен.

«Д?улет пен ба? кел» десіп,

«Кем тілек бер» десіп,

«К?ш ?айра?ан, к?ш» десіп,

«К?з к?рместей ?ш» десіп,

?лысты? ?лы к?нінде,

??л ??тылар ??ры?тан,

К?н т?тылар сыры?тан,

Кетік ыдыс ш?мішті?,

Буы кетер б?р?ырап.

  • Міне, балалар, Наурыз «жа?а к?н» дегенді білдіреді екен. Наурыз-жыл басы. Наурызда к?н мен т?н те?еледі. Наурызда таби?ат жа?арып, тіршілікті? б?рі оянады. Наурыз – ?лкен мереке. Наурызды? ?з жорал?ылары бар екен.

??ша?тасып к?рісу.

Т?с ?а?ыстыру.

?ыдыр атаны? енуі.

Саумалы? айту.

Наурыз к?же.

Селт еткізер.

А?аш отыр?ызу.

     ІІ. Негізгі б?лім (с?ра?-жауап):

  • Наурыз туралы та?ы кім не біледі? (балаларды? ?олдарында ?р т?рлі суреттер, сол суретке байланысты кезекпен ??гімелейді).
  1. Наурыз – те?дік к?ні: к?н мен т?н те?еледі, ?л мен ??л те?еледі, ?ыз бен к?? те?еледі. ?лы? пен кішік жанасады, бай мен жарлы жарасады.
  2. ?ыдыр ата б?кіл халы?ты? ?ам?оры, олар?а жа?сылы? жасаушы, ырыс, ??т, несібе ?келуші, ба?ыт, береке, ?мір сыйлаушы ?асиет иесі, кеме?гер, ?улие, к?ріпкел, жарыл?аушы ?арт. Ол ?лысты? ?лы к?нінде ?р елге келіп, ?р ша?ыра??а со?ып бата береді.
  3. Наурыз тойы. Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауы?, той басы. Б?л к?ні ?лкен болсын, кіші болсын осы мейрам?а келіп, к??ілді ойын-сауы?тар жасалады. ?лтты? ойындар ойналады: ?ыз ?уу, Алтыба?ан, А? с?йек, К?кпар, Б?йге.
  4. Наурыз есім. Наурыз к?ні ту?андарды халы? ба?ытты, ерекше адамдар деп ??ын?ан. Сондай себеппен олар?а Наурыз есімін беретін бол?ан. Мысалы, ?аза? хал?ында Наурызбай ??тпан?лы (1700-1781), Наурызбай ?асым?лы (1822-1847) атты ?йгілі батырлар бол?ан.
  5. Наурыз к?же. Наурыз тойына ?ана т?н мерекелік та?ам. Наурыз к?же жеті т?рлі та?амнан дайындалады. Жеті саны ?аза?та киелі сан.

     2-о?ушы

-   Д?рыс айтасы?, к?же, негізінен, бидай, тары, к?ріш, ет, а?, су, т?з та?амдарынан жасалады да, ?р ?й ?з отбасынан д?м тат?ызады. Б??ан ?ыстан шы??ан ?азы, ш?жы?, с?рленген ет сия?ты сыйлы, сыба?алы м?шелер ?осылады.

 

1-о?ушы

-   И?, наурыз к?жені тойып ішсе?, жыл бойы ?арны? то? болып ж?реді, я?ни то?шылы? болады деген сенім бар.

М??алім:

  • И?, д?рыс айтасы?дар, сонды?тан да балалар, аналары? наурыз к?же жаса?анда, тоя ішіп алы?дар.

-   Жа?сы балалар, Наурыз – жыл басы дедік, ал е? бірінші жылды ?андай жыл дейміз?

  • Тыш?ан жылы.

 

1-о?ушы

     -  Ендеше, ал?аш?ы жыл ?алайша тыш?ан жылы аталды екен, к?ріп, тамашалайы? (жан-жануарларды? жыл басына таласынан ?зінді).

     2-о?ушы

     -   Жыл?ы, т?йе, сиыр, ?ой, тауы?, тыш?ан ж?не та?ы бас?а жануарлар жыл басы болу?а таласыпты.

Жыл?ы айтты:

  • Мен жыл басы болуым керек, неге десе? мені? адам?а берерім к?п, олар мені к?лік ретінде пайдаланады, с?тімді ішеді, етімді жейді, ?ылымнан да ар?ан еседі.

Т?йе айтты:

  • Жо?, мына мен сендер к?тере алмайтын заттарды к?теріп, алыс жерлерге барамын, тама? та?дамаймын, ш?лге де шыдамдымын, жыл басы болу ма?ан лайы?.

Сол кезде сиыр айтады:

  • Адам мені? с?тімді ішеді, одан ??рт, май, ірімшік жасайды, жыл басы болу мені? ж?нім.

О?ан ?ой к?нбей, мынадай с?з айтты:

  • Мен болмасам, ?аза? не істер еді? Ж?німді алып, киіз басады, ар?ан, жіп еседі, етімді жейді, жыл басы мен болуым керек.

Б?дан кейін ит бір-екі ?ріп алып, былай деді:

  • Мен сендерді? б?рі?ні? ба?ташы?мын, мен болмасам ?айтер еді?дер?

Мен жыл басы болуым керек.

Тауы? айтты:

  • Мен болмасам, кісі ерте т?рып ж?мыс?а бармай, ?йы?тап ?алар еді. Кеш болса, демалар кез болды деп та?ы да ша?ырамын. Жыл басы болу?а мен лайы?пын.

Тыш?ан не дерін білмей т?рды. Ішінен ?улы? ойлап, былай деді:

  • Б?л таластан еште?е ?нбейді, жылды ?арап т?райы? та, кім оны б?рын

к?рсе, сол жыл басы болсын.

Т?йе ?зіні? бойына сеніп, менен б?рын кім к?реді деп ойлады да, тыш?анны? с?зін ?остады. Б?рі жылды ?арап т?рды. Біраздан со? тыш?ан жор?алап т?йені? ?ркешіні? басына шы?ып отырды. Тыш?ан осылайша жылды б?рінен б?рын к?ріп, жыл басы болыпты. «Т?йе бойына сеніп жылдан ??р ?алды» деген с?з осыдан ?ал?ан екен.

М??алім:

  • Сонымен, балалар, біз жылды? басы ?ай жануар екенін білдік, біз ?шін ?ай жыл болса да, ?р жылды ерекше к??ілмен ??ша? жая ?арсы аламыз.

     ІІІ. ?орытынды б?лім:

1-о?ушы

?лыс к?ні ?азан толса,

Ол жылы а? мол болар.

?лы? кісіден бата алса?,

Сонда олжалы жол болар-деп, орта?а ?ыдыр атамызды ша?ырып, батасын алайы?.

Бата:

?озы?а толсын к?гені?,

Т?лпар болсын ??лыны?.

?рісті болсын жайлауы?,

Ырысты болсын ?ыстауы?.

Арыстандай болсын ?айраты?,

Аюдай болсын айбаты?,

Г?лге толсын ??ірі?,

К??ілді ?тсін ?мірі?.

Ас?а толсын таба?ы?,

Ашы? болсын ?аба?ы?.

?лысы? о? болсын,

А? мол болсын,

?айда барса? жол болсын!

?лыс ба?ты болсын,

Т?рт т?лік а?ты болсын,

?лыс береке берсін,

Б?ле-жала жерге енсін.

?умин!

М??алім:

          Айран менен ірімшік, сары майды,

          Жемей мені? тама?ым жарымайды.

          Сары уыз?а к?ктемде тойып алсам,

          Ала жаздай бір кесел дарымайды.

          Со?ым сойып, ет ?а?тап ж?ндемейсі?,

          ?азы турап, «ал желік, кел» демейсі?.

          Жемеген со?, ?рине, ш?лдемейсі?,

          ?айма? ?ат?ан шай ішіп терлемейсі?.

-  Сонымен ??рметті о?ушылар, б?гінгі т?рбие са?атымызда ?р адам ?з хал?ыны? тарихын, м?дениетін, салт-д?ст?рін білуі керектігін білдік. Б?л д?ст?рлер ?рпа?тан-?рпа??а жал?асып отыру керек.

-   Ендеше, елімізді? болаша?ы сендерді? ?олдары?да,- дегім келеді!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз- жыл басы. Ашы? т?рбие са?аты »

Тәрбие сағаты


Наурыз – жыл басы


Мақсаты: Халқымыздың тарихына шолу. Ата-бабамыздан бері ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халықтық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жайлы мағлұмат беру.


Міндеті: 1. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу;

2. Балалардың сөйлеу әуезділігін дамыту;

3. Ұлтжандылыққа, салт-дәстүрін сүюге баулу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, теледидар мен видеомагнитофон, кейіпкерлер киімі, салт-дәстүрге байланысты суреттер, үнтаспа.


Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, танымдық, ойын.


1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу;

ә) сыныптан тыс іс-шараның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.


І. Кіріспе бөлім: «Наурыз» әні орындалып тұрады (Р. Рымбаеваның орындауында).

Оқушылар сыныпқа кіріп, амандасып, төс қағысып, бір-бірін мерекемен құттықтап, жылы сөздер айтады.

- Наурыз тойы құтты болсын!

- Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

- Бақ берсін, қыдыр дарысын!

- Төрт түлік ақты болсын!


1-оқушы

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.


Наурыз тойы – салтымыз,

«Көгерсін» деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.


2-оқушы

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз,

Бақта бұлбұл сайрасын.



Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.


Мұғалімнің кіріспе сөзі (видеокассетадан наурыз жайлы сюжет қосылып тұрады):

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Шалдар бата беріскен,

«Сақтай гөр» деп терістен.

«Дәулет пен бақ кел» десіп,

«Кем тілек бер» десіп,

«Көш қайрақан, көш» десіп,

«Көз көрместей өш» десіп,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Құл құтылар құрықтан,

Күн тұтылар сырықтан,

Кетік ыдыс шөміштің,

Буы кетер бұрқырап.

  • Міне, балалар, Наурыз «жаңа күн» дегенді білдіреді екен. Наурыз-жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледі. Наурызда табиғат жаңарып, тіршіліктің бәрі оянады. Наурыз – үлкен мереке. Наурыздың өз жоралғылары бар екен.

Құшақтасып көрісу.

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Селт еткізер.

Ағаш отырғызу.


ІІ. Негізгі бөлім (сұрақ-жауап):

  • Наурыз туралы тағы кім не біледі? (балалардың қолдарында әр түрлі суреттер, сол суретке байланысты кезекпен әңгімелейді).

  1. Наурыз – теңдік күні: күн мен түн теңеледі, ұл мен құл теңеледі, қыз бен күң теңеледі. Ұлық пен кішік жанасады, бай мен жарлы жарасады.

  2. Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

  3. Наурыз тойы. Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауық, той басы. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Ұлттық ойындар ойналады: Қыз қуу, Алтыбақан, Ақ сүйек, Көкпар, Бәйге.

  4. Наурыз есім. Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы, қазақ халқында Наурызбай Құтпанұлы (1700-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі батырлар болған.

  5. Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән мерекелік тағам. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан дайындалады. Жеті саны қазақта киелі сан.

2-оқушы

- Дұрыс айтасың, көже, негізінен, бидай, тары, күріш, ет, ақ, су, тұз тағамдарынан жасалады да, әр үй өз отбасынан дәм татқызады. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүрленген ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер қосылады.


1-оқушы

- Иә, наурыз көжені тойып ішсең, жыл бойы қарның тоқ болып жүреді, яғни тоқшылық болады деген сенім бар.

Мұғалім:

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, сондықтан да балалар, аналарың наурыз көже жасағанда, тоя ішіп алыңдар.

- Жақсы балалар, Наурыз – жыл басы дедік, ал ең бірінші жылды қандай жыл дейміз?

  • Тышқан жылы.


1-оқушы

- Ендеше, алғашқы жыл қалайша тышқан жылы аталды екен, көріп, тамашалайық (жан-жануарлардың жыл басына таласынан үзінді).


2-оқушы

- Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және тағы басқа жануарлар жыл басы болуға таласыпты.

Жылқы айтты:

  • Мен жыл басы болуым керек, неге десең менің адамға берерім көп, олар мені көлік ретінде пайдаланады, сүтімді ішеді, етімді жейді, қылымнан да арқан еседі.

Түйе айтты:

  • Жоқ, мына мен сендер көтере алмайтын заттарды көтеріп, алыс жерлерге барамын, тамақ таңдамаймын, шөлге де шыдамдымын, жыл басы болу маған лайық.

Сол кезде сиыр айтады:

  • Адам менің сүтімді ішеді, одан құрт, май, ірімшік жасайды, жыл басы болу менің жөнім.

Оған қой көнбей, мынадай сөз айтты:

  • Мен болмасам, қазақ не істер еді? Жүнімді алып, киіз басады, арқан, жіп еседі, етімді жейді, жыл басы мен болуым керек.

Бұдан кейін ит бір-екі үріп алып, былай деді:

  • Мен сендердің бәріңнің бақташыңмын, мен болмасам қайтер едіңдер?

Мен жыл басы болуым керек.

Тауық айтты:

  • Мен болмасам, кісі ерте тұрып жұмысқа бармай, ұйықтап қалар еді. Кеш болса, демалар кез болды деп тағы да шақырамын. Жыл басы болуға мен лайықпын.

Тышқан не дерін білмей тұрды. Ішінен қулық ойлап, былай деді:

  • Бұл таластан ештеңе өнбейді, жылды қарап тұрайық та, кім оны бұрын

көрсе, сол жыл басы болсын.

Түйе өзінің бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп ойлады да, тышқанның сөзін қостады. Бәрі жылды қарап тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің өркешінің басына шығып отырды. Тышқан осылайша жылды бәрінен бұрын көріп, жыл басы болыпты. «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.


Мұғалім:

  • Сонымен, балалар, біз жылдың басы қай жануар екенін білдік, біз үшін қай жыл болса да, әр жылды ерекше көңілмен құшақ жая қарсы аламыз.


ІІІ. Қорытынды бөлім:


1-оқушы

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлық кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар-деп, ортаға Қыдыр атамызды шақырып, батасын алайық.

Бата:

Қозыға толсын көгенің,

Тұлпар болсын құлының.

Өрісті болсын жайлауың,

Ырысты болсын қыстауың.

Арыстандай болсын қайратың,

Аюдай болсын айбатың,

Гүлге толсын өңірің,

Көңілді өтсін өмірің.

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың.

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін.

Әумин!


Мұғалім:

Айран менен ірімшік, сары майды,

Жемей менің тамағым жарымайды.

Сары уызға көктемде тойып алсам,

Ала жаздай бір кесел дарымайды.

Соғым сойып, ет қақтап жөндемейсің,

Қазы турап, «ал желік, кел» демейсің.

Жемеген соң, әрине, шөлдемейсің,

Қаймақ қатқан шай ішіп терлемейсің.

- Сонымен құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әр адам өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білуі керектігін білдік. Бұл дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыру керек.

- Ендеше, еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда,- дегім келеді!



































Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Наурыз – жыл басы








Пәні: қазақ тілі

Сыныбы 5 «В»









Нуспекова Назгүл Мұратбекқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі









1-оқушы

- Ендеше, алғашқы жыл қалайша тышқан жылы аталды екен, көріп, тамашалайық (жан-жануарлардың жыл басына таласынан үзінді).


2-оқушы

- Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және тағы басқа жануарлар жыл басы болуға таласыпты.

Жылқы айтты:

  • Мен жыл басы болуым керек, неге десең менің адамға берерім көп, олар мені көлік ретінде пайдаланады, сүтімді ішеді, етімді жейді, қылымнан да арқан еседі.

Түйе айтты:

  • Жоқ, мына мен сендер көтере алмайтын заттарды көтеріп, алыс жерлерге барамын, тамақ таңдамаймын, шөлге де шыдамдымын, жыл басы болу маған лайық.

Сол кезде сиыр айтады:

  • Адам менің сүтімді ішеді, одан құрт, май, ірімшік жасайды, жыл басы болу менің жөнім.

Оған қой көнбей, мынадай сөз айтты:

  • Мен болмасам, қазақ не істер еді? Жүнімді алып, киіз басады, арқан, жіп еседі, етімді жейді, жыл басы мен болуым керек.

Бұдан кейін ит бір-екі үріп алып, былай деді:

  • Мен сендердің бәріңнің бақташыңмын, мен болмасам қайтер едіңдер?

Мен жыл басы болуым керек.

Тауық айтты:

  • Мен болмасам, кісі ерте тұрып жұмысқа бармай, ұйықтап қалар еді. Кеш болса, демалар кез болды деп тағы да шақырамын. Жыл басы болуға мен лайықпын.

Тышқан не дерін білмей тұрды. Ішінен қулық ойлап, былай деді:

  • Бұл таластан ештеңе өнбейді, жылды қарап тұрайық та, кім оны бұрын

көрсе, сол жыл басы болсын.

Түйе өзінің бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп ойлады да, тышқанның сөзін қостады. Бәрі жылды қарап тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің өркешінің басына шығып отырды. Тышқан осылайша жылды бәрінен бұрын көріп, жыл басы болыпты. «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.


Мұғалім:

  • Сонымен, балалар, біз жылдың басы қай жануар екенін білдік, біз үшін қай жыл болса да, әр жылды ерекше көңілмен құшақ жая қарсы аламыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Наурыз- жыл басы. Ашы? т?рбие са?аты

Автор: Нуспекова Назгуль Муратбековна

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 185795


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства