|
Сабақтың тақырыбы: | Заңдылықтар (1) | Мектеп: №10 |
Күні : | Пәні: Математика | Мұғалімнің есімі: Абдуахитова Лена Абдигалимовна |
Сынып: 1 «В» | Қатысқандар саны: 26 | Қатыспағандар саны: 0 |
| Сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбектерін заңдылыққа бағына отырып құрайды; 100 көлеміндегі сан, сурет, фигура,түсті моншақтар, символдан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды; Заңдылыққа сүйене отырып, өмірден мысалдар келтіріп айта алады; |
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
Ресурстар: | әр түрлі ұсақ заттар, фигуралар, кілемшелер түрлі түсті қарындаштар; моншақтар, жеміс сүйектері |
Тірек сөздер | Заңдылық, заңдылыққа сүйене отырып құрастыру |
Оқу мақсаты: | Заңдылық ұғымы және қарапайым заңдылықты сақтай отырып, қатарларды жалғастыру. |
| Сабақтың барысы: |
Ұжымдық жұмыс. Психологиялық дайындық: Топпен жұмыс: Ширату: Топтық жұмыс: | Аспанға қарап ай көрдім, Төмен қарап жер көрдім, Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім 1-топ:Сапқа тұру (бойларына қарап заңдылықты бұзбау) 2-топ:Жыл мезгілдерін атау (қыс, көктем, .....) 3-топ:Апта күндерін атау (дүйсенбі, сейсенбі, .......) 4-топ:Дөңгелек сандармен тура санау (10, 20, 30, .......) 5-топ:Кемпірқосақ түсін айтқызу (қызыл, қызыл сары, сары, .......) (Әр топқа тапсырма бере отырып, оқу мақсатын шығару) Заңдылық дегеніміз — кез келген заттардың немесе сандардың белгілі бір ретпен орналасу ережесі. Берілген тапсырма бойынша заңдылықты жалғастыру үшін оның қандай ережемен құрылғанын анықтап алу қажет. Алдарындағы заттар көмегімен заңдылықты сақтай отырып құрастыру (моншақтар, жеміс сүйегі, кеңістік фигуралары) |
Жұппен жұмыс: | |
|
|
Сергіту сәті: | Топ оқушылары заңдылықты сақтай отырып,көше бойындағы үйлердің номерін айта отырып, жазады. Көшенің қарсы бетіндегі үйлердің нөмірі қандай болады? 18 16 13 11 |
Жұптық жұмыс | Алашаны тоқы. Жолақтарын көрсетілген ретпен боя. Алашаның шетінде қандай жолақ болады. |
Жеке жұмыс | Сандар тізбегін оңға және солға қарай жалғастыр. ..., ..., 5, 7, 9, ..., ..., ..., ..., . |
| |
| |
| |
Рефлексия: Кері байланыс: Еркін микрофон: | -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Не үйрендіңдер? -Не білдіңдер? -Заңдылық деген не? -Заңдылыққа мысалдар келтір. |
Қалыптастырушы бағалау: | Оқушылар сабақ соңында: Берілген заңдылықтарды анықтап, оларды жалғастыруды меңгереді; Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігі туралы бағдаршам арқылы өздерін бағалайды |