kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?УШЫЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУЫН ЛОГИКАЛЫ? ЕСЕПТЕР АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

?АЗА?СТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

?ызылopдa ?aлaсы

 ?лия Молда??лова атында?ы  №173

   орта мектебіні?  бастауыш сынып м??aлімі

Саматова Т?рсынк?л Алібек?ызы

 

Баяндама

О?УШЫЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУЫН ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ЖАТТЫ?УЛАР АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ

               ?азіргі уа?ытты?  негізгі талаптарыны? бірі – білімді ?лемні? б?тіндей бейнесін ?абылдай алатын, логикалы? ойлауы дамы?ан жа?аша, т?уелсіз ойлай алатын шы?армашыл адам?а айналдыру.Мектептегі о?ыту ?рдісіні? негізгі  ма?саттары – баланы? білімді игеру кезінде ойлау ?абілетін ?алыптастыру, сол ар?ылы таным ?рекетін белсендіріп, жан-жа?ты жеке т?л?аны т?рбиелеу. О?ытуды? ма?саты о?ушылар?а білім беру ?ана емес, сонымен бірге оларды? ойлау ?абілетін дамыту ж?не белсендіру о?ушыларды? білімді, да?дыны ме?геру ?шін, болаша?та танымды? ж?не т?жірибелік іс-?рекетке о?ушыларды дайындау ?ажетті шарт болып табылады.Ойлау дегеніміз – а?и?ат д?ниені ?зара барлы? байланыс ?атынастарымен с?улелендіретін, миымызда жалпылай ж?не жанама т?рде с?з ар?ылы бейнеленетін процесс [ 2,182].

Балаларды? ойлауын дамыту туралы М.Ж?мабаевты? с?зімен алса?: «Ойлау жанны? ?те бір ?иын, тере? ісі.Жас бала?а ойлау тым ауыр, сонды?тан бас?ыштап іс істеу керек. О?улы?та?ы берілген тапсырмалар, суреттер баланы? жанына д?рыс ?сер ететіндей, о?ушыны? о?у?а, білімге деген ынта – ы?ыласы, ??штарлы?ы болуы керек».

               О?у материалын балаларды? ойлау ?абілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ?йымдастырса ?ана, оны? ойлау ?абілетіні? дамуына м?мкіндік туады.Сонды?тан да м??алім балаларды ?немі ойланып о?у?а ба?ыттауы тиіс, б??ан о?у ?рдісін ж?йелі ?йымдастыру, саба?та бала логикасын д?рыс дамыта алатын м?мкіндіктерді мол пайдалану ар?ылы жетуге болады. Д?рыс ойлауды? формалары мен за?дары туралы ?ылым логика деп, ал ой ?орытындыларыны? обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалы? ойлау деп аталады. Логикалы? ойлауды? ерекшелігі – ?орытындыларды? ?исындылы?ында, оларды? шынды??а сай келуінде. Логика?а т?скен ??былыс т?сіндіріледі, себептері мен салдарлары ?атесіз аны?талады. ??ымдар арасында?ы байланыстар мен ?атынастар логикалы? ойлау жолымен ашылады. Б?л байланыстар мен ?атынастарды? д?рысты?ын теріске шы?ару?а болмайтыны пікірлерде к?рсетіледі.

               Психолог – ?алымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалы? ойлау» ??ымына на?ты аны?тама берген. Оларды? пікірінше «логикалы? ойлау»  дегеніміз логика за?дылы?тарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, т?жырымдарды ?олдану?а негізделген ойлауды? бір т?рі.

О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту ж?нінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская е?бектері жары? к?рді. Жо?арыда?ы авторларды?  пікірлерінше «Логикалы? ойлауды дамыту» дегеніміз:

барлы? логикалы? ойлау операцияларын (талдау, жина?тау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы ж?йелі т?рде ?алыптастыру;

ойлау белсенділігін, ?збеттілігін дамыту.

«Логикалы? ойлау – логикалы? с?йлеуді? негізі, ал м?ны –

логикалы? с?йлеуді ?стаз дамыту?а тиіс», деп к?рсетті К.Д.Ушинский.

               Бастауыш сынып баланы? логикалы? ойлауын дамытуды?  негізгі кезе?і деп есептеледі. ?йткені логикалы? ойлау кейінірек бейнелік ойлауды? негізінде ?алыптасады, ау?ымы ке?ірек м?селелерді шешуге ?ылыми білімдерді ме?геруге  м?мкіндік береді.?йтседе б?л баланы ?айткенде де, не??рлым ертерек логикалы? «жол?а» шы?ару дегенді к?рсетпейді. Біріншіден, ойлауды? логикалы? формаларын игеруді?  ?зі ойлауды? логикалы? жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толы? ??нсыз к?йде ?алып отырады. Дамы?ан к?рнекі схемалы? ойлау  баланы логика табалдыры?ына жеткізеді. Екіншіден, логикалы? ойлауды игеріп бол?аннан  кейін, бейнелік ойлау ?зіні? м?нін ешбір жо?алтпайды.

Т?жірибе барысында жас?спірімдерде ой т?тасты?ыны? са?талмауы бай?алады. М?ндай ?ателерді болдырмау ?шін о?ушыны?  ой  ж?йелігіні?  ?ажеттігін сезінуіне к?з жеткізуді? амал – т?сілдерін тауып, орны?ты ой т?йіндеуге жетелеу ?ажет.

               Ал о?ушыларды? ойлауын дамытып, д?рыс ой т?йіп, ?здігінен сапалы, д?лелді шешімдер ?абылдай білуге ?йрету – математика саба?ыны? міндеті.

               Жа?а буын математика о?улы?ыны?  басты ерекшеліктеріні? бірі – оны? ?рбір саба??а  лайы?тал?ан  материалы, негізінен ал?анда, т?рт текті жатты?уларды? тобынан  т?рады.  Соларды? бірі — балаларды? шы?арамашылы? іс-?рекетке бейімдеу ма?сатын к?здейтін, о?улы?та жасыл т?сті ?оршау?а алын?ан шы?арамашылы? жатты?улар. Б?рын?ы о?улы?тарды? еш?айсысында жатты?уларды? осындай тобы ?арастырылма?анды?тан, ?азіргі мектеп т?жірибесінде шы?армашылы? жатты?уларды орындаумен байланысты  о?ушыларды? іс-?рекетін ?йымдастыруда ?лкен ?иынды?тар туындап отыр. О?ушыларды? шы?арамашылы? жатты?уларды орындау икемділігін ба?дарлама талаптары де?гейінде ?алыптастыруда айтарлы?тай кемшіліктер мен ол?ылы?тар орын алуда.

               Математиканы о?ыту процесінде жатты?уларды? алатын орны ерекше. Жатты?у дегеніміз не? Жалпы ал?анда, ?ылым мен т?рмысты?  ?р алуан салаларында, «жатты?у» термині ?р т?рлі м?нде ?олданылады. Ал, педагогикалы? ?дебиетте жатты?у ??ымы о?ытуды? ?дісі ж?ніндегі д?ст?рлі т?сінікпен  іштей байланысты ма?ынада аны?талады. Аны?тамаларды? к?пшілігі, жатты?у дегеніміз білімді бекітуді? ж?не білік пен да?дыларды ?алыптастыруды?, сондай –а? о?ушыларды? ойлау ?абілетін дамытуды? негігі ?дістеріні? бірі дегенге ?кеп саяды.

               Математикалы? білімді жатты?улар орындау негізінде игеру м?селесіне ?ылым тарихында ?лы жа?алы?тар аш?ан ата?ты ?алымдар да жо?ары ба?а берген.М?селен, ?лы а?ылшын ?алымы И.Ньютон  жатты?уларды? теория?а ?ара?анда, к?п н?рсеге ?йрететіндігіне назар аудар?ан.

Жатты?улар алуан т?рлі болады ж?не олар, е? алдымен, о?у п?ніні? ерекшелігіне байланысты ажыратылады.

Ке? ма?ынада ал?анда,  математикалы? жатты?у деп кез келген математикалы? мазм?нда?ы тапсырмаларды т?сінеміз. Бас?аша айт?анда, математикалы? жатты?уларды ??рылысы жа?ынан мысалдар, есептер, логикалы? жатты?улар, есеп ??растырумен байланысты жатты?улар, т.с.с. деп б?луге болады.

               ?аза?стан Республикасы бастауыш білімні? мемлекеттік стандартына с?йкес, математикалы? білімні? жа?а мазм?ны  біртекті емес ж?не ?р т?рлі екі де?гейді ?амтиды. Олар міндетті ж?не м?мкін де?гейлер.

«Міндетті  де?гейге бастауыш мектеп к?леміндегі берік игерілуі тиісті  материалдар жатады. …

Ал, м?мкін де?гейге, мазм?ны т?р?ысынан ал?анда, негізгі м?селемен ?йлесетін, алайда о?ушыны?  математикалы?  ой-?рісін ке?ейтуге ба?ытталатын, ?йреншікті емес   т?рде ?сынылатын ж?не де оны орындау шы?армашылы? іс-?рекетпен  ?штасатын  ж?не де оны орындау шы?армашылы? іс-?рекетпен ?штасатын материалдар жатады. М?ны? б?рі міндетті де?гейді? материалымен ке?ейте ж?не тере?дете т?суге ?ызмет етеді, математиканы? ж?йелі курстарыны? аса ма?ызды тарауларын ілгеріде  о?ытып – ?йретуді? негізін ?алайды. Сондай-а? балаларды? дамуына ?серін тгізеді ж?не негізгі материалды тере? ме?геріп  алу?а к?мектеседі».

               Жа?а буын о?улы?тарында бастауыш математикалы? білім мазм?ныны? м?мкін де?гейін ?амтамасыз ету ма?сатында ?сынылып отыр?ан  жатты?улар ерекше назар аудартады. Олар бір сарынды іс-?рекеттер орындаудан бас тарта отырып, ?згермелі ?р т?рлі ба?ытта?ы ізденістер тудыру ар?ылы о?ушыны  шы?армашылы? ?рекет жа?дайына  енгізуге м?мкіндік  жасайды. Шы?арамашылы?  жатты?улар ?сыныл?анда, о?ушыны? алдында  ма?сат?а  ?зіне м?лім ?рекет т?сілімен жете  алмайтын  проблемалы?  жа?даят пайда болып, ол о?ушыны?  интеллектуалды? ?иналуын ту?ызуы м?мкін. Осыны? барысында  о?ушы жа?а ?рекет т?сілін іздестіру ба?ытында?ы шы?армашылы? сипатта?ы іс -?рекеттер  орындау?а талпынады.Осы т?р?ыдан ал?анда  математикалы? жатты?уларды, бізді? пікірімізше, шы?армашылы? жатты?улар деп ата?ан орынды сия?ты.

Шы?армашылы? жатты?у – б?л на?ты м?ні берілмеген, есепті шартты математикалы? за?дылы?тар ар?ылы орындау. Шы?армашылы? тапсырмалар о?ушыларды?  жа?а бір н?рсені ашуы, я?ни о?ушы ?зін белгілі бір жа?алы?тарды? авторы ретінде сезінеді. Б?л о?ан белгілі бір п?н т??ірегіндегі ?ызы?ушылы?ын ж?зеге асыру?а м?мкіндік береді. Я?ни, о?ушыны ?зіне тарта, баули т?седі. О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін дамыту?а ба?ыттал?ан стандартты емес тапсырмаларды шы?армашылы? жатты?улар деп атаймыз. Сонды?тан шы?армашылы? жатты?уды ?дайы ж?ргізе отырып біз о?ушыларды? тек п?нге деген ?ызы?ушылы?ын ?ана емес, логикалы? ойлауын да дамыта аламыз.

Мектеп т?жірибесінде шы?армашылы? жатты?улар ?здіксіз орындалмай жат?анды?ы белгілі. Кейбір м??алімдер шы?армашылы? жатты?у міндетті де?гейге жатпайтынды?тан оны орындамайды,  орында?анымен саба? со?ында асы?ыс шешуін  о?ушылар?а жалпылама айт?ыза салады, я?ни талдау ж?ргізілмейді. Балаларда ой операиялары толы? ж?ргізілмегендіктен  логикалы? ойлауды? даму де?гейі т?мен болады. Ал о?ушыларды? логикалы? ойлауын дамытуды?  бір жолы — шы?армашылы? жатты?уды ж?йелі орындату.

Сыныпта?ы  о?ушыларды? білім де?гейі бірдей емес. Оларды? ішінде математиканы с?йіп о?итын, о?ан деген ынтасы зор о?ушылар да бар. Оларды же?іл, біры??ай жатты?улар орындау жалы?тырады. Сонды?тан м??алім  о?ушылар?а  міндетті емес тапсырмаларды ?немі орындатып отыруы тиіс. О?ушыларды? логикалы? ойлауын  дамыту ?шін:

есепті, жатты?уларды талдай білу іскерліктерін ?алыптастыру;

сызба графиктік модель бойынша есеп объектілеріні? арасында?ы байланыстарды т?сіндіру;

Есептегі на?ты заттарды оны? моделімен ауыстыру;

П?нге деген ?ызы?ушылы?ын, с?йіспеншілігін арттыру;

Сынып?а д?рыс психологиялы? жа?дай орнату?а м?мкіндік ту?ызу.

О?у процесіндегі  осындай іс-?рекеттерді?  ар?асында  ?о?ам талап етіп отыр?ан шы?армашылы? ?абілеті жо?ары, ?з ойын ж?йелі де ашы? айта алатын, ?о?ам?а еркін сі?етін, ?ндіріске белсене араласатын азамат ?алыптасады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?УШЫЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУЫН ЛОГИКАЛЫ? ЕСЕПТЕР АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ»

Тәжірибе жинақтау

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.2015ж


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

Әлия Молдағұлова атындағы №173

орта мектебінің бастауыш сынып мұғaлімі

Саматова Тұрсынкүл Алібекқызы







Баяндама

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ


Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс [ 2,182].

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді. Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:

барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –

логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге  мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің  өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау  баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан  кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.

Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының  ой  жүйелігінің  қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.

Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті.

Жаңа буын математика оқулығының  басты ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа  лайықталған  материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан  тұрады.  Солардың бірі — балалардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықта жасыл түсті қоршауға алынған шығарамашылық жаттығулар. Бұрынғы оқулықтардың ешқайсысында жаттығулардың осындай тобы қарастырылмағандықтан, қазіргі мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығуларды орындаумен байланысты  оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар туындап отыр. Оқушылардың шығарамашылық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыруда айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда.

Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың  әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен  іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды.

Математикалық білімді жаттығулар орындау негізінде игеру мәселесіне ғылым тарихында ұлы жаңалықтар ашқан атақты ғалымдар да жоғары баға берген.Мәселен, ұлы ағылшын ғалымы И.Ньютон  жаттығулардың теорияға қарағанда, көп нәрсеге үйрететіндігіне назар аударған.

Жаттығулар алуан түрлі болады және олар, ең алдымен, оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты ажыратылады.

Кең мағынада алғанда,  математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша айтқанда, математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар, есептер, логикалық жаттығулар, есеп құрастырумен байланысты жаттығулар, т.с.с. деп бөлуге болады.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны  біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер.

«Міндетті  деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті  материалдар жатады. …

Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының  математикалық  ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес   түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен  ұштасатын  және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде  оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тгізеді және негізгі материалды терең меңгеріп  алуға көмектеседі».

Жаңа буын оқулықтарында бастауыш математикалық білім мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отырған  жаттығулар ерекше назар аудартады. Олар бір сарынды іс-әрекеттер орындаудан бас тарта отырып, өзгермелі әр түрлі бағыттағы ізденістер тудыру арқылы оқушыны  шығармашылық әрекет жағдайына  енгізуге мүмкіндік  жасайды. Шығарамашылық  жаттығулар ұсынылғанда, оқушының алдында  мақсатқа  өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете  алмайтын  проблемалық  жағдаят пайда болып, ол оқушының  интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында  оқушы жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс -әрекеттер  орындауға талпынады.Осы тұрғыдан алғанда  математикалық жаттығуларды, біздің пікірімізше, шығармашылық жаттығулар деп атаған орынды сияқты.

Шығармашылық жаттығу – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың  жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.

Мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Кейбір мұғалімдер шығармашылық жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды,  орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін  оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау жүргізілмейді. Балаларда ой операиялары толық жүргізілмегендіктен  логикалық ойлаудың даму деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың  бір жолы — шығармашылық жаттығуды жүйелі орындату.

Сыныптағы  оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім  оқушыларға  міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс. Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін:

есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;

сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;

Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;

Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;

Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Оқу процесіндегі  осындай іс-әрекеттердің  арқасында  қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

Математика
Пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ойлауға арналған тапсырмалар (2, 3, 4 сыныптар)

2-сынып

1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1


7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?

2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.
№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.

1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.


3-сынып

1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.

2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3-тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
10. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?

3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40-тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5-тің көбейтіндісін 36-ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8-дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6-ның бөліндісін 37-ге арттыр.

4-сынып

1 тапсырма
1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл.ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6-шы разрядта, 3 бірл. 5-ші разрядта, 2 бірл. 3-ші разрядта және 9 бірл. 1-ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000-ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5-тің кубын тап.6. Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11-ге тең. Егер бөлгіш те 11-ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40-қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.
№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13-ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.










Әдебиеттер

  1. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы,  2005. —  72 бет

  2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 285 б.

  3. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді даярлаудың теориялық негіздері: п.ғ.д…. дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. — 278 с.






3



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?УШЫЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУЫН ЛОГИКАЛЫ? ЕСЕПТЕР АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ

Автор: Саматова Т?рсынк?л Алібек?ызы

Дата: 21.03.2016

Номер свидетельства: 308244


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства