Пәні: Сауат ашу | Сырым аудандық білім беру бөлімінің «Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Күні:09.02.2017ж Сынып: 1 | Қатысқандар саны: 6 Қатыспағандар саны:2 |
Сабақтың тақырыбы | «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы білуге тиісті: Әріпті тануды, ажыратуды және оны дыбыспен сәйкестендіруді. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратуды және дұрыс дыбыстауды. Көбі білуге тиісті: Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқуды) қолдану. Кейбірі білуге тиісті: Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу. |
Жетістік критерийлері | Білім алушы Әріптерді таниды және ажыратады. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды |
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, жауапкершілік, өмір бойы білім алу, шығармашылық |
Пәнаралық байланыс | Музыка, дүниетану, бейнелеу, математика, |
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым, қалыптастырушы бағалау жұмыстары, музыка, бейнеролик |
Алдыңғы білімдер: | «әріптер» әдісі арқылы өздері білетін әріпке сай, сөз ойлап, оны музыкамен орындайды. Сындарлы оқыту:«б» дыбысын қорытындылап, «х» дыбысын бастау. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут | Ширату жаттығуы Ыстық лебіз шеңберге жиналып ,бір- біріне жылы лебіз ,тілек айту. – Балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік, өзімізге сәттілік! | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 25 минут | СЖ«Шеңбер» әдісі. Балалар шеңберде тұрады. «Әліппе» ойыны Мақсаты: алдыңғы білімдерін жаңа біліммен ұштастыру. Әр оқушының қолында бір бір әріптен болады. Әрбір әріпті атап «дауыссыз, дауысты» екендерін дәлелдейді. Осы әріпке байланысты сөз ойлап, оны музыка ырғағымен орындайды. Әр әріпті шатыстырмай өз орнына қояды. Сындарлы оқыту: өткен «б» әрпі туралы білімдерін «ұтып ал» әдісі арқылы қорытындылау. (ЖЖ) ҚБ: Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. Тапсырма Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңыз. Сөздерді оқыңыз. | «Шеңбер» әдісі Ынтымақтастық құндылығы Кішкене доп Қалыптастырушы бағалау |
| Бүгінгі сабағымызда «бір белгісіз елге саяхатқа» шығамыз. «Т» әдісі. Мақсаты: суреттерді зерделей отырып, жаңа әріпті табу. Неге олай деп ойлайсыз? «Лездеме» ойыны. Мақсаты: сөйлемді дәл тауып, сипаттау С.Ж: Әріпті дыбыстау Ж.Ж: х дыбысына ереже құрастыру. Буын құрастыру, х дыбысының сөз ішіндегі орны туралы ереже шығарады. Сонымен «Х»елінен бізге хат келіп тұр. Хат туралы білімдерін анықтау, толықтыру, пысықтау. Бүгінде хат жазыла ма? Ертеде хаттың қандай қызметі болды деп ойлайсыз? Олай қалай жеткізілді? Қанша уақытта? Тақтамен жұмыс: «Хат» сөзіне дыбыстық талдау Ендеше, бүгінгі хатта тегін емес, онда тапсырмалар салынған: Т.Ж. оқу түрлері: №1 Оқылым. Мақсаты: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу. Хат, халат, хабар, хайуан, хайуанат, шахмат, хабар. Түсініп оқуда: хайуан, хайуанат | суреттер Хаттардың түрлері оқулықпен жұмыс «білім алу» құндылығы |
Қызықты тапсырма 2 мин | «Ұқсастықты тап» ойыны Мақсаты: тақтаға шыққан оқушылардың ұқсастығын табу, ереже құрастыру. Мұхаммед, Бахытжан, Әділхан ( адамның аты) Дарханұлы (фамилиясы) Жәңгірханұлы (әкесінің аты) | |
5 мин | Дарындылармен жұмыс.Тыңдалым Мақсаты: Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және Жазу Бейнеролик: «мекеме атаулары» бойынша Ереже: сөздерге хана жұрнағын қосу арқылы, жаңа сөздер шығаруға болады. Мадақтау: от шашу | Таныстырылым «адамгершілік және жауапкершілік», «шығармашылық» құндылықтарын дамыту Интерактивті тақта |
Сергіту сәті 2 минут | Ой, сергек! Видеодағы әуен арқылы билеу | бейнеролик |
Сабақтың аяқталуы 6 минут | Жазылым дағдысы: «Температураны өлшеу» әдісі Мақсаты: оқушының әріпті әдемі және каллиграфияға сай жазуына ықпал ету. Хх бастыру және жазу Дәл қатармен жазу | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. «Аралдар» әдісі | | | Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді | Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды) қолданады. | Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу. | Кері байланыс: Не себепті екінші аралда қалдың? Қай тапсырма қиындық келтірді? Бүгінгі сабақта қандай тапсырма сізге оңай әрі ұнады? Бүгінгі сабақта қандай құндылықтарды қайталадық? | Жардағы смайликтер бойынша оқушы өзін бағалайды |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Арман, Миржанға көңіл бөлу | Әріпті меңгергені бойынша дескриптор: Білім алушы - көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды; - сөздерді қатесіз оқиды. | Жазу кезінде дене бітімдерін түзу ұстау. |
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?ДҰРЫС қойылған деп есептеймін. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді. Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? САБАҚТА саралау әдісі жүргізілді. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Ауытқулар болды, оқушылар тапсырмаларды тез орындағандықтан уақыт қалып қосымша тапсырмалар саралау әдісімен беріліп ,орындатылды, оқушылар қызығушылықпен орындады. |
Жалпы қорытынды: | Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:Лездеме ойыны,ұтып ал ойыны Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.Оқушылардың белсенділігі,ұйымшылдығы сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізді |