-Балалар, ертегі еліне саяхат жасау ?шін бізге е? алдымен си?ырлы тая?ша ж?не карта керек. Бізде міне си?ырлы тая?ша да, карта да бар, біра? сендер ойлайсы?дар б?л си?ырлы тая?ша емес, ал ендеше ?ара?дар (?ш рет тая?шаны ж?ргіземін, музыка естіледі)
-Міне, балалар, осы си?ырлы тая?ша к?мегімен музыка да естілді, осы музыкамен біз ертегі еліне саяхат жасаймыз
-Балалар, ертегі елінде к?птеген тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды орындау?а, сендер о?ы?ан ертегілері? к?мектеседі.
-Ал, енді жол ж?рейік!
1-тапсырма: «Бауырса? жинау»
-Балалар, сендер ?андай ертегіде:
«Мен ападан ?аштым,
Мен атадан ?аштым
Мен сенен де ?ашамын».-дегенді о?ыды?дар.
-Д?рыс, ал, енді сендерге келесі тапсырманы орындау ?шін ?рбір сыныптан бір о?ушы шы?ады. Мен оларды? к?сін жабамын, ал олар ?стелдегі бауырса?тарды жинайды. ?анша бауырса? жинаса?дар, сонша ?пай аласы?дар. Сендер барлы?тары? бауырса?ты жа?сы к?ресі?дер ме?
-Жарайсы?дар, ал к?некей келесі тапсырманы орындап к?рейік.
2-тапсырма «Кім тап?ыр?»
-Мен ?азір сендерге с?ра?тар ?оямын, ал сендер д?рыс жауап бересі?дер.
1.?андай ертегіде оны? кейіпкері атадан, апасынан ?ашып, т?лкіге тама? болды.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Ертегі еліне саяхат" »
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың ертегі бойынша ойын, сұрақтар арқылы, ой өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
Көрнекі құралдар.: Плакат, сөзжұбақ, суреттер.
Өту барысы
1. Бастаушы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, қонақттар, оқушылар. Бүгін ертеңгілікке келгеніңіздерге көп – көп рахмет. Ертеңгілікте 1-4 сынып арасында жарыс жүргізіледі.
-Ең алдымен әділ – қазылар алқасын сайлайық.
-Ал, сүйікті оқушыларымыз, бііз саяхат жасаймыз! Бірақ қай жерге баратынымызды білу үшін мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
(Сөзжұмбақ шешу)
-Сонымен балалар мында қандай сөз шықты?
-Дұрыс «ертегі» деген сөз шықты, сонымен бүгін біз «Ертегі» еліне саяхат жасаймыз.
-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді жақсы көресіңдер№
-Балалар, ертегі еліне саяхат жасау үшін бізге ең алдымен сиқырлы таяқша және карта керек. Бізде міне сиқырлы таяқша да, карта да бар, бірақ сендер ойлайсыңдар бұл сиқырлы таяқша емес, ал ендеше қараңдар (үш рет таяқшаны жүргіземін, музыка естіледі)
-Міне, балалар, осы сиқырлы таяқша көмегімен музыка да естілді, осы музыкамен біз ертегі еліне саяхат жасаймыз
-Балалар, ертегі елінде көптеген тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды орындауға, сендер оқыған ертегілерің көмектеседі.
-Ал, енді жол жүрейік!
1-тапсырма: «Бауырсақ жинау»
-Балалар, сендер қандай ертегіде:
«Мен ападан қаштым,
Мен атадан қаштым
Мен сенен де қашамын».-дегенді оқыдыңдар.
-Дұрыс, ал, енді сендерге келесі тапсырманы орындау үшін әрбір сыныптан бір оқушы шығады. Мен олардың көсін жабамын, ал олар үстелдегі бауырсақтарды жинайды. Қанша бауырсақ жинасаңдар, сонша ұпай аласыңдар. Сендер барлықтарың бауырсақты жақсы көресіңдер ме?
-Жарайсыңдар, ал кәнекей келесі тапсырманы орындап көрейік.
2-тапсырма «Кім тапқыр?»
-Мен қазір сендерге сұрақтар қоямын, ал сендер дұрыс жауап бересіңдер.
1.Қандай ертегіде оның кейіпкері атадан, апасынан қашып, түлкіге тамақ болды.
2.Қандай ертегі жолдастық, бірлік қасиеттерін көрсетеді (шалқан)
3.Қандай ертегіде мысық қыздың қатығын төгеді, ал қыз мысықтың құйрығын кесіп алады? (Мақта қыз бен мысық)
4.Қай ертегіде қасқырдың қарыны жарылып кетеді де, ішінен лақтар шығады. (Қасқыр мен лақтар)
5.Бұл ертегіде дәрігер жануарларды емдейді және оларға көмек көрсетеді? (Айболит)
6.Қай ертегіде хайуандар жиналып, тышқан жыл басы болады.? (Жыл басына таласқан хайуандар)
7.Қандай еретігде қыз қызыл түсті бас киімді киеді.? (Қызыл телпек)
-Жарайсыңдар, ал енді әділ қазылар алқасына сөз берейін.
3-тапсырма «Кім шапшаң?»
-Қазір, балалар, сендер оқыған ертегілерді еске түсіріп, оны бір парақ қағазға жазасыңдар. Бір минут беріледі, қай сынып көп жазса, сонша ұпай алады.
4-тапсырма
-Балалар, сендер білесіңер ертегі дәстүрлі түрде «Ерте, ерте , ертеде» немесе
Ертек, ертек, ертек екен
Екші жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,-деп басталады.
-Ал, сендерге тапсырма: осы төрт жолды
1 сынып оқушылары – күліп айту
2 сынып оқушылары-жылап айту
3 сынып оқушылары-қорқып айту
4 сынып оқушылары-ұрысып айту.
-Жарайсыңдар , ал енді әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
5-тапсырма «Кім шешен?»
-Балалар, мен ертегінің басын айтамын, ал сендер аяқтайсыңдар (5 минут)
1 сынып. Ерте, ерте заманда қасқыр мен түлкі дос болыпты. Бір күні қасқыр түлкіні қонаққа шақырады.....
2 сынып. Ертеде түлкі деген аң болыпты. Бір күні келе жатқанда қоянды көреді. Сонда түлкі айтты: «Қоян, қоян мен сені жеп қоямын....»
3сынып. Бұрынғы өткен заманда бір шалдың төрт болыпты. Бір күні шал балаларын шақырып, былай деді....
4сынып. Бұрынғы өткен заманда Жақсылық пен Жамандық екі адам болыпты....
6-тапсырма «Ойлан, тап»
-Балалар, қазір мына суреттерге қарап, бұл қандай ертегі екенін айтыңдар.
7-тапсырма. Үй тапсырмасы.
-Балалар, сендер қазір ертегінің көрінісін көресіңдер. Кім жақсы ертегіні көрсетіп берсе, сол сынып бес ұпаймен бағаланады.
Қорытынды.
-Міне, балалар, ертегі еліне саяхат жасадық. Оның көптеген тапсырмаларын орындап кім жеңді екенін білу үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
(Әділ-қазылардың сөзі)
-Міне, жеңімпаздар да бар. Бірақ қоштасатын уақытымызда келіп қалды. Осымен сабақ аяқталды.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар сіздер келгеніңіздерге көп-көп рахмет! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!