kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып,оқушыларды шығармашылыққа баулу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып,оқушыларды шығармашылыққа баулу» және т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып,оқушыларды шығармашылыққа баулу»»

«Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып,оқушыларды шығармашылыққа баулу»

Алимова Ильмира Абдуллаевна

Қайназар ауылындағы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қайназар ауылы, Жерұйық 2 «А»

E-mail:AlimovaIlmira@mail.ru



Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балалардың ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.

Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттің стандартқа сай, жан - жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір - бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез - келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Әр ойынның өз реті, жөні бар. Сондықтан әр бір сабақ процесінде қандай ойын қолдануға болатыны сабақ мазмұнына, тіпті сабақты пысықтау, қорытындылау кезінде де ойын элементінің мәні зор. Себебі: бала ойнай отырып, бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады. 
Технологияның біз үшін ерекшелігі мен құндылығы сол, оқушылардың білім 
сапасын едәуір арттыруға, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық 
оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етуге көмектеседі. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Қазақ тілісабағында ойын формаларын енгізу барысында интербелсенді тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты - ойын технологиясы арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. 
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. 

Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. 
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. 
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. 
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан 
бастауыш сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. 
Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 
күрделеніп отырады. Мысалы, бірінші сыныптарда қарапайым ғана ойын 
түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай 
болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. 
Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: бастауыш сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға 
болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері тақырыпқа сай алынған, 
тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы: сабақта жаңа дыбыстармен танысуда, «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға жұлдызшалар беріледі.. Кім көп жұлдыз жинайды, 
сол жеңеді.Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады.

Өз тәжірибеме тоқталар болсам, сауат ашу кезеңінде Ә дыбысы мен әрпін 
өткенде, «Сен жалғастыр» ойынын ойнаттым.
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке 
баулу. Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды. 
Мысалы: Ә-КЕ , Ә-ЖЕ, Ә-КЕЛ, Ә -ДЕ-МІ т.б. 
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді айту, буындарға бөлу 
тақырыбын ашу үшін, «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргіземіз. 
Мұғалім бір оқушының алдына сақина қояды да «кі» - деп дауыстайды . 
Сақинаны алған оқушы «тап»- деп дауыстайды. Сонымен кітап сөзі шығады. 
Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек. Мысалы: тақ-та, мек-теп, ал-ма. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар». Төрт қорап дайындап, әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды. 
Қазақ тілі үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын оқушылардың 
сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.  
Ойын оқушыларының тілді үйренуге деген сенімдерін оятады. Рөлдік ойындарда рөл барлық балаларға бірдей тиімді. Бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі, өздерін және бір-бірін бағалайды. Ал мұғалім тек бағыттаушы болады. 
Мысалы: бастауыш сыныптарда , «Телефон арқылы сөйлесу», «Дәрігердің 
қабылдауында», «Танысу», «Кітапханада», «Қонақта», «Дүкенде», «Базарда» 
деген рөлдік ойындарды жаңа сабақты қорыту, үй тапсырмасын және сөздікті тексеру үшін қолдануға болады. 
Мысалы: «Базарда» рөлдік ойын

(2-сыныпта «Жидектер. Жемістер. Көкөністер».тақырыбы): 
- Сәлеметсіз бе! 
- Картоп, сәбіз, пияз қанша тұрады? 
- Картоп 70 теңге,сәбіз 50 теңге, пияз 45 теңге. 
- Мына жеміс-жидектер де сіздікі ме? 
- Иә, менікі. 
- Алма, алмұрт қанша тұрады? 
- Алма 180 теңге, алмұрт 200 теңге. 
- Қымбат екен. 
- Базардың бағасы –осы. 
- Маған алмадан -2кг, алмұрттан-1кг. 
-Міне, алыңыз. 
- Рақмет! 

Рөлдік ойындар баланың Жақын Арадағы Даму Аймағын қалыптастырады.Бала ойнай отырып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Сондай ақ бастауыш сыныптарда қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарын тіл дамыту сабақтарында,ойын шарттарын өзгертіп қолданамын. Мысалы: «Түйілген орамал», «Жүзік салмақ», «Ақ сандық, Көк сандық».Бұл ойындар баланың тілге деген қызығушылығын арттырады. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір- бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді. 
Ойын технологисында жетістікке жетудің негізгі факторлары: мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, әр түрлі ойын элементтерін тиімді пайдалану, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету. Аталған технология оқушының белсенділігін арттырады, өзара көмек көрсету, жауапкершілік, яғни тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. 
Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізу керек. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі.
Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулу керек. Бүгінгі күн талабы да мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден – бір жолы – сабақ процесінде ойын технологиясын тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштастырып, ой - өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді. Ойын технологиясын бір жүйеде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізген дұрыс. «Ойын» технологиясының мақсаты – оқушыларға жаңа білім - білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Себебі ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, қана қоймай ойлау қабілетін арттырады. Сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды және өтілген тақырыптарды меңгеруге үлкен әсер етеді.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу - жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру және тілдік қорын дамыту. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл – ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер етеді.
Сабақта грамматикалық ойын түрлерін, дыбыстарды меңгерту мақсатында жиі қолдануға болады. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Фонетика саласын оқытқанда әрбір жаңа тақырыпты өткізу барысында тақырыпқа сай әр түрлі әдіс – тәсілдермен шеберлікпен грамматикалық ойындарды ойнатуға болады. Фонетика саласы бойынша жүргізуге болатын ойын түрлері өте көп. Мысалы:

а). «Адасқан әріптер» ойыны
1. р, ш, а (шар)
2. е, т, е, р, к (терек)
3. м, қ, а, л, а (қалам)
4. ө, з, к (көз)
5. м, і, л, і, б (білім)
6. о, қ, л (қол)
7. қ, с, а, б, а (сабақ)

ә). «Кім шапшаң?» ойыны
1. А әрпінен басталатын қала аттарын ойла. /Мысалы: Ақтау, Астана. б/
2. Б әрпінен басталатын тағам атаулары. /Мысалы: бауырсақ, бөлке, балмұздақ т. б./

б). «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылар дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.

в). «Ойлан тап» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.

г). «Сөзді тап» ойыны. Ойынның мақсаты, оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
К К
К К
К К
(Жауабы; қызық, қазақ, қалақ, қырық, кесек, кезек,, кебек)

«Буын» тақырыбына мынадай ойын түрін қолдануға болады:
«Ойлан, тап»
1. Бір буынды, тұйық буынға мысал келтір.(ет, жап, шөп, хат)
2. «ла» буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла. (айла, ойла)
3. «А» әрпінен басталып, «А» әрпінен аяқталатын бір буынды сөз ойла. (ала, ана)
4. «Т» әрпінен басталып, «Т» әрпінен аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір.(торт, тат, төрт)

Лексика саласы бойынша:
1. «Кім тапқыр?» ойыны ішінде антоним сөздері бар мақал - мәтелдерді тауып жазу.
1. Үйдің......-..... қыс түскенде білерсің.(ыстық - суығын)
Кімнің..... -...... іс түскенде білерсің. (дос - қасын)
2. Ашу -......, ақыл -.....(дұшпан, дос)
2. «Жұбыңды тап» ойыны
(мақал - мәтел тақырыбында қолданылады)
Әртүрлі қағаздарда мақалдар беріледі. Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады. Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден мақал құрастыру керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады. Дәл, нақты, дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады.
Сонымен қатар, сабақта түрлі кестелерді пайдалануға да болады. Кестелер арқылы «Кім жүйрік?» ойынын жүргізуге болады. Оқушылар септіктермен танысқан кезде, сұрақтарын, жалғауларын еске сақтап, мысалдар келтіріп қалай меңгергендігін көрсете алады.
1. Сөздің әрбір әріпінен сөз тудыру ойыны. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:
Әсем қандай қыз?
Ә – әдемі, әдепті.
С – сұлу, сүйкімді.
Е – еңбекқор, елгезек, епті.
М – мейірімді, мәдениетті.

Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға болады. Мысалы: оқушылар“Әсем”деп ат қойып мәтінді құрастырады.
“Әсем”
Әсем әдемі, әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.
Осы жұмыстан кейін оқушыларға тағы да өз бетінше мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қою т. б. жұмыстарды беруге болады.
Оқушының тақырыпты түсінігін бағалау мақсатында әдеби формада жүргізілетін шығармашылық рефлексия. Синквейн француздың “5”деген сөзінен шыққан. Бұл тақпақ ереже бойынша 5 жолдан тұрады:
1 жол – тақырып не пән (зат есім);
2 жол – тақырып не пәнді суреттеу (2 сын есім);
3 жол – іс - әрекетті суреттеу (үш етістік);
4 жол – тақырыпқа не пәнге байланысты фраза; /4 сөзден тұратын сөйлем/
5 жол – тақырыпты не пәнді кеңейтетін, әсерлейтін синоним, 1 сөз.
Оқушылардың қарапайым түрде орындай алмаған тапсырманы ойын түрінде 60 пайыздан астамы орындайды.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады. Ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін - бірі қолдау, жолдастық сезім, сондай - ақ бірқатар психикалық үдерістердің: есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау т. б. дамуына әсер етеді. Ойын бастауыш сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін тигізеді. Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарылайды.

Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап  тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу -әр ұстаздың міндеті.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.







Пайдаланған әдебиеттер:


1.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж.

3.Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж.

4.Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана 2012ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Алимова Ильмира Абдуллаевна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379204

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Дене шыны?тыру п?нінде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру."
    ["seo_title"] => string(95) "dienieshynyktyrupnindiezhanainnovatsiialyktiekhnologhiialardypaidalanaotyrypbilimsapasynarttyru"
    ["file_id"] => string(6) "304024"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457631730"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "?асым Аманжолов ?мірі мен шы?армашылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(46) "k-asym-amanzholov-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "188230"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426630458"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ЫНДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІ ЖА?ТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(93) "dienie-t-rbiiesi-sabag-ynda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-iengizudin-tiimdi-zhak-tary-1"
    ["file_id"] => string(6) "125939"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415098531"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "«Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру»"
    ["seo_title"] => string(80) "zhan_a_piedaghoghikalyk_tiekhnologhiia_eliemienttierin_k_oldana_otyryp_bilim_sap"
    ["file_id"] => string(6) "366207"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480965579"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства