kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Павлодар қаласы

Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру.

Аутаева Құралай Серікқызы биология пәніннің мұғалімі

Академик Қаныш Сәтбаев атындағы

мектеп – балабақша оқу – тәрбие кешені

            Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу  қызметін  ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту. Білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» - деп көрсетілген.

            Инновация (латын тілінен аударғанда) – жаңару, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу - тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе  жаңа техологиларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлікте  жетілдірудің жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды еңгізу, жаңарту нысаны болып табылады. Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық; тарату және жойылу.

            Жаңа педагогикалық  технологиларды еңгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге еңдіру, 4 кезең – дамыту. [1,4-б]

Қазіргі заманғы педагогикалық  оқыту технологияларының критерийлері толық және нақты анықталған. Бұларға технологияның: концептуальдылығы, басқарушылығы, жүйелілігі, тиімділігі, пайдалануға қолайлылығы жатады.

Педогогикалық технология концептуальдылығы – оқыту технологиясының белгілі бір философиялық ғылыми концепцияға негізделуі.

Жүйелігі – білім беру технологиясының жүйелі, әр бөлімнің бір – бірімен тығыз байланыста болуы.

Басқарушылығы – басқару мүмкіндігінің болуы – оқыту технологиясы оқу процесін мақсатқа сәйкес жоспарлауға, оның әр кезеңінде материалды қабылдау деңгейін анықтап, қажет болса, түзетулер енгізу мүмкіндігінің болуы.

Тиімділігі – оқыту технологияларының қазіргі нарықтық жағдайға, бәсекелестік талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандартына сай жоғары болуы.

Пайдалануға қолайлылығы – технологияға сәйкес тәжірибені қайта зерттеу нәтижесінде оны пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы. [2,92-б]

Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі – оқытудың жаңа технологиясын орынды қолдану болып табылады.

Жас ұрпақты – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі сондықтан оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру әр мұғалімнің басты міндеті. Ол жан – жақты жетілген, білімді, әр түрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істей алатын шеберлік иесі болу тиіс.

Оқыту әдістемесі – жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі процесс. Бір жағынан ол алған білімін кез келген сәттерде жеңіс, әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Оқытудан мен қатар маңызды процесс бар, ол білім, яғни оқушылардың білімді жеңіл меңгерудің, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.

Сабақ берудің көкейтесті мәселесі әрбір оқушыда оқу кезінде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі ғана ақыл – ойдың тереңдігін, икемділігін, тұрақтылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы Конститутциясына  «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам, адам өмірі, құқықтары мен  бостандықтары»,- делінген.

Блім берудегі жетілдіру идеясы әр оқушыға  өзіндік ойы бар, белсенді жұмыс істей алатын, интелект, ақыл  - ой иесі ретінде қараудан туған. Сондықтан білім беруді жетілдіруде «оқушы – тұлға» ретінде басты орын алады. [4, 126-б]

Биология сабағы  - жас ұрпақ бойына қасиеттерді тәрбиелеудің, жетілдіре түсудің бірден – бір басты құралы. Қай сабақ болмасын, «мынау оның білімділік жағы, мынау тәрбиелік жағы» - деп оқытуды тәрбиеден бөліп алуға болмайды. Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие  берілуі керек.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деп, адамда адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толықтыра алмайтынын айтады «Шын  мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат. Жас ұрпақты білім нәріне қандыру да, адамгершіліке баулу да – педагогтың парызы»-дейді. 

Ш.А.Амонашвили ол үшін ұстаз ұстанатын мінез-құлық сапасының                      4 деңгейін көрсетеді:

  1. Ұстаз балаларды алаламай, бәрін бірдей жақсы көруге тиіс.
  2. Оларды әр түрлі жағдайда түсіне білу керек
  3. Өз ісіне сенімді болуы, қиындықты жеңудің әдістемелік, тиімді жолдарын іздестіре білуі керек
  4. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру. [4,175-б]

Мұғалім мен оқушы-әр түрлі екі субъект. Жетілдірудегі мақсат-осы екі түрлі рухани дүниені бірлестіру. Ол үшін мұғалім мен оқушы арасындағы ізгілікті қарым – қатынасы арқылы оқушының оқуға деген қызығушылығын, құлшынысын арттыра алатынына тоқталып өтсем

  1. Оқушыға оқуға деген қызығушылығы оқулықтағы материалдармен ғана емес, оқытушымен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Егер мұғалім оқушы орындаған тапсырмаға зейін қойып, оны жақсы бағалап отырса, ол оқушының оқуға деген сүйіспеншілігі артады.
  2. Оқытушы әр оқушыға сенім білдіруі керек. Оқушы сана-сезіміне қандай да болмасын кемшіліктер болғанына қарамастан, оның өзінің мүмкіншілігін көрсете білуіне жағдай туғызукерек. Оның оқудағы қиыншылықтарды жеңе білетініне сендіру керек. «Сенің қолыннан бәрі келеді», «Сен өзің орындай аласың», «ештеңе етпейді, келесі жолы бәрі дұрыс болады».
  3. Оқушының жетістіктеріне қуана білу, мақтай білу. Мысалы, қиын тапсырма беріліп, оны өте жақсы орындап келсе, оған өзінің қуанышын білдіріп, мақтап отыру.

Сонымен  бірге баланың өзгелермен қарым-қатынасы, өзіндік әрекеттері, өзгелермен бірлесіп жұмыс істеуі оның өзіндік көзқарасын, сенімі мен көңіл-күйін дамытып, жеке басының кісілік қасиеттерін өзгертуге жағдай жасайды. Ол үшін сабақ үстінде жеке, жұп болып, топ болып, ұжым болып жұмыс атқарудың маңызы зор. Сабақ кезінде оқушы қиналмай, оқуға ұмтылады, игерген білімін өзі бағалайды. Оқу ісінде табысқа жету жолындағы күйінішін, білмегенін білуге, икемсіздіктен іскерлікке талпыну жолындағы қуанышын сезінеді.

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында былай делінген: «Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім беруші педагогтің орнына жаңа педагогикалық технологияларды, ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісті.   [6, 10-б]

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру»»


Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп – балабақша

оқу - тәрбие кешені








Павлодар қаласында

биология және химия секциясы бойынша

облыстық семинары




Тақырыбы: «Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру»



Аутаева Құралай Серікқызы











Павлодар қаласы

Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру.


Аутаева Құралай Серікқызы биология пәніннің мұғалімі

Академик Қаныш Сәтбаев атындағы

мектеп – балабақша оқу – тәрбие кешені


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметін ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту. Білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» - деп көрсетілген.

Инновация (латын тілінен аударғанда) – жаңару, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу - тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа техологиларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды еңгізу, жаңарту нысаны болып табылады. Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық; тарату және жойылу.

Жаңа педагогикалық технологиларды еңгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге еңдіру, 4 кезең – дамыту. [1,4-б]

Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларының критерийлері толық және нақты анықталған. Бұларға технологияның: концептуальдылығы, басқарушылығы, жүйелілігі, тиімділігі, пайдалануға қолайлылығы жатады.

Педогогикалық технология концептуальдылығы – оқыту технологиясының белгілі бір философиялық ғылыми концепцияға негізделуі.

Жүйелігі – білім беру технологиясының жүйелі, әр бөлімнің бір – бірімен тығыз байланыста болуы.

Басқарушылығы – басқару мүмкіндігінің болуы – оқыту технологиясы оқу процесін мақсатқа сәйкес жоспарлауға, оның әр кезеңінде материалды қабылдау деңгейін анықтап, қажет болса, түзетулер енгізу мүмкіндігінің болуы.

Тиімділігі – оқыту технологияларының қазіргі нарықтық жағдайға, бәсекелестік талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандартына сай жоғары болуы.

Пайдалануға қолайлылығы – технологияға сәйкес тәжірибені қайта зерттеу нәтижесінде оны пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы. [2,92-б]

Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі – оқытудың жаңа технологиясын орынды қолдану болып табылады.

Жас ұрпақты – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі сондықтан оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру әр мұғалімнің басты міндеті. Ол жан – жақты жетілген, білімді, әр түрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істей алатын шеберлік иесі болу тиіс.

Оқыту әдістемесі – жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі процесс. Бір жағынан ол алған білімін кез келген сәттерде жеңіс, әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Оқытудан мен қатар маңызды процесс бар, ол білім, яғни оқушылардың білімді жеңіл меңгерудің, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.

Сабақ берудің көкейтесті мәселесі әрбір оқушыда оқу кезінде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі ғана ақыл – ойдың тереңдігін, икемділігін, тұрақтылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы Конститутциясына «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,- делінген.

Блім берудегі жетілдіру идеясы әр оқушыға өзіндік ойы бар, белсенді жұмыс істей алатын, интелект, ақыл - ой иесі ретінде қараудан туған. Сондықтан білім беруді жетілдіруде «оқушы – тұлға» ретінде басты орын алады. [4, 126-б]

Биология сабағы - жас ұрпақ бойына қасиеттерді тәрбиелеудің, жетілдіре түсудің бірден – бір басты құралы. Қай сабақ болмасын, «мынау оның білімділік жағы, мынау тәрбиелік жағы» - деп оқытуды тәрбиеден бөліп алуға болмайды. Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деп, адамда адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толықтыра алмайтынын айтады «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат. Жас ұрпақты білім нәріне қандыру да, адамгершіліке баулу да – педагогтың парызы»-дейді.

Ш.А.Амонашвили ол үшін ұстаз ұстанатын мінез-құлық сапасының 4 деңгейін көрсетеді:

  1. Ұстаз балаларды алаламай, бәрін бірдей жақсы көруге тиіс.

  2. Оларды әр түрлі жағдайда түсіне білу керек

  3. Өз ісіне сенімді болуы, қиындықты жеңудің әдістемелік, тиімді жолдарын іздестіре білуі керек

  4. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру. [4,175-б]

Мұғалім мен оқушы-әр түрлі екі субъект. Жетілдірудегі мақсат-осы екі түрлі рухани дүниені бірлестіру. Ол үшін мұғалім мен оқушы арасындағы ізгілікті қарым – қатынасы арқылы оқушының оқуға деген қызығушылығын, құлшынысын арттыра алатынына тоқталып өтсем

  1. Оқушыға оқуға деген қызығушылығы оқулықтағы материалдармен ғана емес, оқытушымен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Егер мұғалім оқушы орындаған тапсырмаға зейін қойып, оны жақсы бағалап отырса, ол оқушының оқуға деген сүйіспеншілігі артады.

  2. Оқытушы әр оқушыға сенім білдіруі керек. Оқушы сана-сезіміне қандай да болмасын кемшіліктер болғанына қарамастан, оның өзінің мүмкіншілігін көрсете білуіне жағдай туғызукерек. Оның оқудағы қиыншылықтарды жеңе білетініне сендіру керек. «Сенің қолыннан бәрі келеді», «Сен өзің орындай аласың», «ештеңе етпейді, келесі жолы бәрі дұрыс болады».

  3. Оқушының жетістіктеріне қуана білу, мақтай білу. Мысалы, қиын тапсырма беріліп, оны өте жақсы орындап келсе, оған өзінің қуанышын білдіріп, мақтап отыру.

Сонымен бірге баланың өзгелермен қарым-қатынасы, өзіндік әрекеттері, өзгелермен бірлесіп жұмыс істеуі оның өзіндік көзқарасын, сенімі мен көңіл-күйін дамытып, жеке басының кісілік қасиеттерін өзгертуге жағдай жасайды. Ол үшін сабақ үстінде жеке, жұп болып, топ болып, ұжым болып жұмыс атқарудың маңызы зор. Сабақ кезінде оқушы қиналмай, оқуға ұмтылады, игерген білімін өзі бағалайды. Оқу ісінде табысқа жету жолындағы күйінішін, білмегенін білуге, икемсіздіктен іскерлікке талпыну жолындағы қуанышын сезінеді.

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында былай делінген: «Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім беруші педагогтің орнына жаңа педагогикалық технологияларды, ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісті. [6, 10-б]

Бүгінгі Қазақстан - дүние жүзілік саяси әлеуметтік, экономикалық ықпалдас шараларына белсене араласатын демократиялық және зайырлы мемлекет, сондықтан қазіргі заман мектебінің алдына қойылатын талап өте жоғары. Бүгінгі жастардан жаттанды білімді ғана емес, өте көп ақпаратты қабылдау оны сұрыптау интеграциялауды қолдана білуді талап етеді. Дайын білімді ұғып алу, қағып алу ғана емес, оны қажетіне асыруға үйрену үшін мектепте оқушы интеллектуалдық, шығармашылық деңгейлерін арттырудың рөлі үлкен.

Еліміздің Президенті Н. Назарбаев «.. біз құрып жатқан қоғамының жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр..»- деді. Олай болса еркін ойлау қабілеті мен өз бетінше әрекет жасай алатын, жан-жақты білімді жеке тұлғаны қалыптастыруда шығармашылық ізденіс жұмыстарын жетілдіре беру негізгі міндет [8].


Жаңа ақпараттық технологияларды биология пәнін оқытуда пайдалану


Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек.

«Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болды.

Тәнтану пәнін оқытуда жаңа коммуникациалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді [9].

Болашақтың адамы тек қана сауатты емес, сонымен қатар оның «екінші» компьютерлік сауаттылығы да болуы керек.

Қашықтан оқыту, мультимедия құралдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.

Оқушының сабақта көзделетін нысандары, құбылыстары туралы өз бетінше оқу-тәрбие процесінде ақпаратты жинауы, өңдеуі, оны жүзеге асыра білуі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың даму өрісіне байланысты.

Білім саласында компыотер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдында қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Қорыта келгенде үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру, компыотерлік технологияларды осы мақсатта пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі, екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады, үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерінен алынатын білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады деген ұсыныс айтқым келеді [10].


Биология сабағында оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі


Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде «интерактивті әдістер», «интерактивті оқыту» терминдерімен жиі кездесеміз. Интерактивті әдістер- оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал интерактивті оқытуды өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінсек болады. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді [11].

Демек, дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа технологияның оқу процесіне ендірілуі оқу процесінің тиімділігіне оңды жағдай жасайтындығы сөзсіз. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану оқытушыларды шеберлік жағынан шыңдайды деп ойлаймын.

Қазіргі кезде оқыту әдістері ретінде «дамыта оқыту», «деңгейлеп саралап оқыту», «модульдік оқыту» және «дидактикалық бірліктерді ірілендіру» т.с.с. жаңа технологияларды жиі қолданылып жүр. П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясын оқыту әдісі ретінде қолдану әсіресе биология сабағында өте тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл технологиялардың мақсаты (өзінің аты айтып тұғандай) – кішкентай ғана бірлікті үлкен етіп көрсету, бір мәліметті бірнеше кодпен жеткізу дегенді білдіреді.

Сонымен, бір сабақтың үстінде бірнеше жаңа технологияның элементтерін пайдалануымызға болады деп ойлаймын. Сабақтың басты мақсаты тек технологияларды қолдану емес, басты мақсаты - оқушыларға әр түрлі жолдармен білім беру және бекіту. Сондай- ақ бір ұғымды әр түрлі кодпен, тұжырыммен, тірек- сызбалармен, белгісізді табу т.с.с. әдістермен бірнеше жағынан таныта білу.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілік ақпараттық- комуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультемедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі- бағдарламалық- техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады [12]

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселенің бірі.

Менің алдыма қойған өзекті мәселем: «Ұжымдық оқыту әдісін» пайдалана отырып «Сабақта өздік жұмысты қалыптастыру, оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру» және алдыма мынадай мақсат қойып жұмыс жасаймын «Терең білімді, шығармашылық әрекет жасай алатын, экологиялық сауатты тұлға қалыптастыру», яғни оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда оқытудың әдістерін түрлендіріп отырамын. Мысалы: Жаңа

технология-сапалы білім негізі демекші, әдіс-тәсілдерім: ақпараттық оқыту, шығармашылыққа баулу, саралап-деңгейлеп оқыту, ойын сабақұтар, сезімнен шыққан өлең, жұптық оқыту дарынды оқушылармен жұмыс, ауызша журнал сабағы, өзін-өзі басқару арқылы,













ӘДІС ТӘСІЛДЕРІМ

















Өздік танымдық жұмыс оқушылар бойындағы танымдық қабілеттің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Биология сабағында биологиялық материалдарды, көркем әдебиеттерді, деректі құжаттарды, баспа ағымдарын мақсатты пайдалану арқылы оқушылардың ақыл – ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін арттырып, өздігінен ізденуге қолайлы жағдай тудырам. Оқушылар өз бетінше іздене отырып, бұрын білген білімдеріне жаңа білім қосып, еркін пікір алмаса алатын заманына сай азаматтардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшін жұмыс істеуді қажет етеді. Сондықтан менің сабақтарымның мақсаты – кез келген мәселеге шығармашылық көзқарасты жетілдіру, оны өз бетімен шешуге ұмтылдыру, сонымен бірге сабағымда алған теориялық білімдерін айналамызды көгалдандыру және экологиямызды көркейтіп, табиғатты тиімді пайдалануға, өсімдіктерді өсіріп, күте біліу мақсатында практикамен ұштастырып отырамын.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін мекемелердің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіңе оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. [7, 5-б]

Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып үйреніп, сараптай келе мынадай тұжырымға келдім:

Оқушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже мұғалімнің кәсіби біліктілігне байланысты.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуынан бірден-бір шарты ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, педагогикалық жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Камзина Б.М. «Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт» Алматы, №3/2006, 4-бет.

  2. Ахметов А.К. «Принципы технологии и содержание образовательной программы», Алматы, 1995, стр 92

  3. Кобдыкаров К.К,. Монохов В.М. «Педагогическая технология, проектирование учебного процесса» Вестник КАЗТУ Серия, Педагогическая наука, 1998, №52-54

  4. Макаренко А.С. Таңдамалы педагогикалық шығармалар. Алматы, 1960ж, 126-б.

  5. Амоношвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция учения школьников. Москва, 1984 г, стр 175.

  6. Биология және сауаттылық негізі, Алматы, №1/2004, 10-б

  7. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, Алматы, 2002, 5-б

  8. Биология және салауаттылық негізі Журнал №3 2006ж, №4 2004 ж

  9. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: Проблемы перспективы. – Москва: Педагогика, 1987г. – 264стр.

  10. Лихачев Б.Т. Педагогика. курс лекций: Учебное пособие для студентов пед.учебных заведений и слушателей. Москва, 1998г.

  11. Ақиқат журналы №8, 2008 ж. 30-33 бет.

12. Білім Образование №1 (19) 2005 ж. 19 бет.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру»

Автор: АУТАЕВА ҚҰРАЛАЙ СЕРІКҚЫЗЫ

Дата: 05.12.2016

Номер свидетельства: 366207

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "«Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»"
    ["seo_title"] => string(74) "tanymdyk_u_lttyk_oiyn_eliemienttierin_tarikh_p_nindie_paidalanudyn_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "460792"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520251054"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "МАТЕМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА ЖА?А ПЕДАГОГИКАЛЫ? А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ "
    ["seo_title"] => string(118) "matiematika-p-nin-ok-ytuda-zhan-a-piedagogikalyk-ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologiialardy-k-oldanudyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "230742"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1442247948"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "БАЯНАДАМА МАТЕМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА ЖА?А ПЕДАГОГИКАЛЫ? А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ "
    ["seo_title"] => string(129) "baianadama-matiematika-p-nin-ok-ytuda-zhan-a-piedagogikalyk-ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologiialardy-k-oldanudyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "230746"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1442249177"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(218) "Баяндама. МАТЕМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА ЖА?А ПЕДАГОГИКАЛЫ? А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ "
    ["seo_title"] => string(128) "baiandama-matiematika-p-nin-ok-ytuda-zhan-a-piedagogikalyk-ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologiialardy-k-oldanudyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "230758"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1442249694"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства