kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Хасенов Айдын Калбиятович

Шы?ыс ?аза?стан облысы Семей ?аласы «Шы?ыс ?аза?стан технология колледж» КМ?К

       Педагогикалы? ?ызметке ынтасы жо?ары, білім беру саласында?ы ?немі жа?арып отыратын ?згерістерге икемді, жа?а технологияларды о?у - т?рбие ?рдісінде ?олдана алатын м??алім ?ана ?о?амда?ы ?згерістерге бейім студентті? жеке т?л?асын ?алыптастыруда т?йінді т?л?а болып табылады. Б?гінгі та?да білім берудегі басты міндет - ?рт?рлі ?діс – т?сілдерді, жа?а технологияларды ?олдана отырып студенттерді? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ж?не білім сапасын жа?сарту.

     Елбасыны? жолдауында «Білім беру ж?йесі реформасыны? орталы? буыны осы заман?ы білім беру ?рдістерін, а?паратты? технологияларды жаппай енгізу, б?л кезе?де назарды о?ушыларды? біліктілігін арттыруына аудару ?ажет»  дегеніндей,  біз инновациялы? о?ытуды т?жірибемізге енгізіп, ойлау ?абілеті дамы?ан,  ?з бетінше шешім ?абылдай білетін білімді ?рпа?ты т?рбиелейміз. [1,3-б.]

     «Инновация» термині ?ылым?а ХІХ ?асырда енді. ХХ ?асырды? екінщі жартысында инновация ?леуметтік ?згерістерді? жалпы ?рдістеріні? сатысы ретінде ?аралып, оны? негізігі элементтері атап к?рсетілді: «жа?ашылды?», «жа?ашыл», «ба?алаушылар». ?рдісті? сындарлы, ?згермелі мерзімін ?андай да бір жа?а енгізілмелерге с?йкес «ба?алаушыларды?» іс-?рекетіндегі ?згерістер ай?ындайды.

      Жа?ашылды? – на?ыз ??рал, ал инновация осы ??ралды ме?геру ?рдісі. Сауатты т?рде та?дап алын?ан жа?ашылды? барынша м?мкін д?режеде жа?а енгізілімні? табыс?а жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялы? ?рдіс деп жа?алы?ты жасау, ме?геру, пайдалану ж?не тарату бойынша ж?ргізілетін кешенді іс-?рекетті айтады. Б?гінгі жа?дайда жа?а ?ылыми, т?жірибелік білімді жасау ж?не оларды ме?геру мен іске асыруды инновациялы? т?р?ыдан ?арастыру?а болады.

І. Жеке т?л?аны? ?зін ?орша?ан жансыз ж?не жанды таби?и ортамен жан – жа?ты ?йлесім тауып, ?з ??мырын Отаны, елі, отбасы ж?не ?зі ?шін барынша пайдалы ?ткізу да?дысын ?алыптастыру;

ІІ. Салауатты ?мір салты – ол денсаулы?ты? ?йлесімді дамып, са?талуы мен орны?уын ?амтамасыз ету ма?сатында денсаулы?ты ны?айту?а ба?ыттал?ан іс – шараларды ж?ргізу.

      Салауатты ?мір салтын ?алыптастыру ?шін ?андай жа?дайлар?а назар аудару керек? ?мір салты дегеніміз не?

      Дене т?рбиесі саба?ында жа?а инновациялы? технологияларды? тиімділігі жо?ары. Білім – ?о?амды т?ра?тандыратын, рухани м?раны са?тайтын, ?рпа?ты ?рпа??а саба?тастыратын ??рал. ?олда бар м?мкіндікті пайдаланып о?ытуды? жа?а ?діс-т?сілдерін тиімді ?олдану, жа?а технологияны ?ркімні? ?з саба?ында пайдалану ар?ылы о?ушы жастарды халы?ты? д?ст?р ?рдісінде адамгершілікке, салауатты ?мір с?руге баулу дені сау ?рпа? т?рбиелеу дене т?рбиесі п?ні м??алімдеріні? басты міндеті. Олай болса, о?ыту мен т?рбиелеуді? ой елегінен ?тетін ?діс-т?сілдерін, жа?ашыл педагогтарды? тап?ан ?дістемелерін біліп ?ана ?ою жеткіліксіз, оны ?ркім ?з м?мкіндігінше к?нделікті саба?та пайдалану ?ажет.

             Дене т?рбиесі саба?ында сын т?р?ысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану?а да болады. Осы технологияны? шы?армашылы? б?лігін басшылы??а ала отырып, ой тол?ау жасау?а болады (мысалы, дене шыны?тыру саба?ын ойын т?рінде ?йымдастыру), сол ар?ылы, о?ушыларды? бейімділігін арттыру?а болады.

       К?тілетін н?тиже - дене т?рбиесі п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарыны? артуы. О?ушы шы?армашылы?ы, ?зін-?зі бас?аруы, ??рметі, эстетикалы? тал?амы да артып келеді. Мысалы, дене шыны?тыру саба?ында 1 курстарда сергіту с?тін алатын болса?, ?з т?жірибемде 1 курстар?а ?ткізген «Эстафеталы? жарыстар» атты саба?ымда, алдымен студенттерге ой тол?ау жасау ма?сатында, ?аза?ты? ?лтты? ойын т?рлеріне то?талдым, ?лтты? ойындар туралы ?з т?сініктерін с?рай отырып, саба? барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы ар?ылы студенттер саба?ты? жарыс т?рінде топты? ойын ?дісінде болатына к?з жеткізеді. Ойлау ?абілетін дамыту т?р?ысында 2 курс студенттері арасында «К??ілді м?ре» сайысы студенттерді?  ой-?абілетін, жылдамды? ерекшелігін, тез шешім ?абылдауына ж?не топты? ?рекет жасауына п?ндерді байланыстыра отыра кіріктірілген саба? к?рермендерді? к??ілінен шы?ты, саба?та биология, химия, математика, сурет, ал?аш?ы ?скери дайынды? пен дене шыны?тыру п?ндерінен ??рал?ан ойындар пайдаланылды. Саба?ты ?ызы?ты ?ткізу ?шін мультимедиалы? проектор ар?ылы ?аза?ты? ?лтты? ойындарыны? тарихын таныстырып ?тіп, жасырыл?ан с?ра?тарды табу?а машы?тандыру, ?р топ?а белгіленген ?пай сандарына ?арай ба?алап отырдым. Кейін саба? барысын: «Кім шапша??» б?лімі деп алып, б?л б?лімінде студенттер белгіленген жерге дейін эстафеталы? тая?шамен ж?гіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, та?та?а жазылып берілген есептерді шапша? орындап шы?ып кейін ?айтып келу талабы ?ойылды. Студенттерді? б?л б?лімде саба??а деген ?ызы?ушылы?ыны? артуымен бірге машы?танады, логикалы? ойлау ?абілеттері артады, ?имыл-?оз?алыс ?рекеті дамиды. Т??ерте?гілік бой жазу ж?не сергіту жатты?улары мен бірге мектебімізде ?лтты? ?неріміз «?ара жор?а» биін жа??ырту ?стіндеміз, биді сергіту, т??ерте?гі бой жазу жатты?уларыны? орнына да пайдалану?а болатынына к?з жеткіздік. Сондай-а? «Спорт ?леміне саяхат» та?ырыбында мультимедиалы? проектор ар?ылы 10 ЭГС топ студеттерімен зияткерлік ойын саба?ын ?ткізіп о?ушыларды? спорт?а деген ?ызы?ушылы?ын арттырды?. Б?л саба?та ?аза?стан спортыны? ал?аш?ы шы??ан, ата?ты да даны?ты чемпиондарынан бастап ??зіргі та?да?ы олимпиада чемпиондары туралы викторина сайысы студеттерді?  к??ілінен шы?ып, лоар ?з еліні? патриоты екендерін саба? барысында д?лелдеп, м?дірместен жауап беруге тырысты. Сондай-а? ?атарынан ?шінші жыл мемлекеттік тілдегі колледждерді? 1-2 курс студенттері  арасында ?лтты? ойын ж?не спортты? ойын т?рлерінен жарыстар ?йымдастырып же?іпаздарды аны?тап студенттерді? спорт?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ма?сатында тынымды е?бектер ат?ару ?стіндеміз. ?ала к?лемінде Наурыз айында ?лтты? мерекемізді насихаттау барысында «Т?рт т?лікке ен салу», «Ар?ан тарту», «?ол к?рес», «Асы? ату» ойын т?рлерінен жарыстар ?йымдастырып, ?лтты? ойын ?нерімізді ?зге ?лт ?кілдеріне насихаттау басты міндетіміз. Екінші жыл аталып ?тіп жат?ан облысты? ?лтты? ойындар фестиваліне ?атысып асы? ойыныны? «Шыр» т?рінен топты? есепте ж?лделі ІІ орын?а ие болып ?аламызды? ?оржынына ?пай ?келдім.

      Б?л ?лтты? ойындар фестиваліні? ?йымдастырылуы, т?сауы кесілуі ?лтымыз ?шін ?лкен жетістік деп білемін.

     ?лтты? теле арнада салауатты ?мір салтын насихаттау ма?сатында ?тіп жат?ан жа?ашыл ?дістегі ба?дарламаларды? желісінде «Намыс дода», «Тола?ай» «Асы? ату» атты спортты?, ?лтты? ойындар сайысын топтар аралы? топты? сайыс т?рінде ?ткіздім. ?р семестр сайын ?алада?ы колледжадер арасында ?лтты? ж?не спортты? ойындардан жарыстар ?ткізіліп, ?сіресе «Асы? ату» ойыны студенттерді? арасында ?ызы?ушылы?ын арттырды. Себебі дене т?рбиесімен айналысатын адам ?зін ?р?ашан сергек сезінеді. Ал сергек адамны? ?мірге к?з?арасы ерекше.Спорт ?айратты ?ажет етіп, ?мірге ??штарлы?ты арттырады.

       Жо?арыда атал?ан ?лтты? спортты? ойындарды? ?тілу н?тижесінде студенттерді?:

- Салт - д?ст?рді ??рметтеуі;

- ?йымшылды?ы,ізденімпазды?ы;

- Намыс?ойлы?ы;

- Ж?йке ж?йесіні? шыны?уы;

- Ойлау ?абілетіні? дамуы;

- Білім алу?а ??штарлы?ы;

      Ал де?гейлеп саралап о?ыту технологиясын ?олдануда ?андай н?тижелерге ?ол жеткізуге болады? Саба? барысында:

      Алдымен студентті?  «Не?» деген с?ра?ына: Саба?та шынайылы?, о?ыту бар екенін к?рсету.Студентті? «?ашан?» деген с?ра?ына: Саба?тан кейін болатын жа?дайды толы? аны?тату?а к?з жеткізу ?ажет. Студентті? «?айда?» деген с?ра?ына: Студентті? ж?не ?стаз арасында?ы серіктесін аны?тап, н?тижеге ?ол жеткізу ?ажет.

      ?зімні? 1 курстар?а ?ткізген «Акробатикалы? жатты?улар» атты саба?ымда алдымен студенттерге ?ткен та?ырыптар?а байланысты с?ра?тар бере отырып, б?гінгі жа?а саба?ты? ?андай та?ырыпта ?ткелі т?р?анын ашып алдым. Саба? барысында студенттерге же?ілдетілген логикалы? с?ра?тар беріп, кейін к?рделі с?ра?тарды тапсырма ретінде бердім. С?ра?тар?а байланысты жауабын тап?ан студент, сол жерде практикалы? т?рде орындап к?рсетеді. Саба? кезінде студентті? ішкі позициялы? к?з ?арасы мен ба?ыты ай?ын к?рініс бере алады. Сонда ?ана саба? н?тижелі болып, білім сапасы артады. Осы ба?ыттарда ?рбір о?ытушыны? о?ыту?а, ?йретуге ?з т??ырнамасы болуы ?ажет. Олар мыналар:

    - ?р студентті? білім де?гейін, ?абілетін, м?мкіншілігін т?сіну;

    - Студентті? бойында?ы жетістіктері мен кемшіліктерін ?абылдау;

    - Студенттерге ?иынды?тарды же?уге, кемшіліктерден арылу?а к?мектесу;

     Осылай ойын элементтерін, ?дістерін де?гейлеп орындату ар?ылы студенттерді? тапсырмаларды орындауда жина?ан ?пайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, студент біліміне талдау жасап отыру ?ажет. ?тілетін та?ырыптар?а байланысты ?ызы?ты сергіту ойындарын ойнатуды? да саба? барысыны? сапасын арттыру?а ы?палы к?п. Атап айтсам: «Кім шапша??», «К??ілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санама?» сонымен ?атар ?оз?алмалы ойындар ж?не ?лтты? ойындарды саба?та т?рлендіріп ?ткізуге машы?тандыру.

      Сонымен, дене шыны?тыру п?нінде жа?а инновациялы? технологияларды ?олдануды? орны ораса? болары ха?. Студенттерді? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, білім сапасын к?теруге сыныптан тыс спортты? шараларды? да ма?ызы зор. Соны? ішінде ?аза?ты? ?лтты? ойындары мен ?оз?алмалы ойындарын, ?р т?рлі жарыстарын, то?ыз??мала?, ар?ан тартыс, асы? ату, аударыспа? сынды ойын т?рлерін ?ткізіп отыру керек. Осындай ж?мыстарды ж?ргізу н?тижесінде студенттерді? белсенділігі артып, спорт?а деген бейімділігі ?алыптасады. Студенттерді? танымды? ?абілеттерін артырып, салауатты ?мір с?ру, адам денсаулы?ы осы спорт?а байланысты екендігін т?сінеді. Н?тижесінде студенттерді? білім сапасы артып, о?у семестрлерде жо?ары сапа?а ?ол жеткізуге болады.

      ?орыта айт?анда, мен алдымен жеке т?л?аны? ?леуметтік ??зыреттілігін дамытуды керек еттім. Сол ар?ылы ?жымды? зерттеуге ?ол жеткіздім, я?ни студенттерді? ?зін-?зі бас?аруда?ы ?леуеті артты. Жа?а идеяларды е?гізу барысында?ы орындалатын міндеттер:

1. Студентпен ?арым-?атынасты ?алыптастыру.

2. Студентті? логикалы? ойлау ?абілетін дамыту.

3. ?р студентті? ?рекетін, ?лтты? болмысын пайдалану?а ж?мыстану.

4. Студентті? ?лтты? моралыны? орындалуын ?амтамасыз ету.

5. Студентті? санасын, сенімін, к?з?арасын,білімін арттыру.

6. Студентті? парасатын, ойлауын ?алыптастыра отырып машы?тандыру.

Е? бастысы, о?у ?рдісінде міндетті п?ндерде студенттерді? теориялы? білімін ?леуметтік т?р?ыдан ?алыптастыру?а м?н беру керек.

Ж?мысымны? н?тижесі:

1) ?р студентті? білімі, ?абілеті ?алыптасады.

2) Студентті? бойында?ы жетістіктері к?рінеді.

3) Студенттер ?иынды?тарды же?еді, ?леуеті артады.

4) Жан-жа?ты даму?а ?ол жеткізеді.

               Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:

1. Г. Икіманова. Саулы? пен сымбат. - Алматы: ?айнар, 1991.

2. «?аза?стан мектебі» журналы, №4, 2006ж.

3. Дене м?дениеті – о?ушыларды о?ыту мен т?рбиелеу ж?йесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

4. Е. Уа?баев. ?аза?станда дене т?рбиесі ж?йесіні? дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.

5. «Мектептегі дене шыны?тыру» журналы, № 2, 201

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ»

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Хасенов Айдын Калбиятович

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «Шығыс Қазақстан технология колледж» КМҚК

Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім студенттің жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет - әртүрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және білім сапасын жақсарту.

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет»  дегеніндей,  біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. [1,3-б.]

«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.

Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен студенттің іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр  мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –студентті өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады. [2, 63-б.]

Осы инновациялық технологияларды оқу үрдісінде дене шынықтыру сабақтарында қолдану жолдарын қарастырсақ. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

Колледж студенттерінің салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:

І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не?

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Меніңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

- дұрыс жыныстық тәрбие алу;

- зиянды әдеттерден аулақ болу.

Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.

Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары. Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де студенттерді бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан студенттердің пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.

Сол себептен оқытушы сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім студенттермен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық студенттер өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл студенттер арасындағы бәсекелестікті және әр студенттің өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.

Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.

Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында 1 курстарда сергіту сәтін алатын болсақ, өз тәжірибемде 1 курстарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен студенттерге ой толғау жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы студенттер сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында 2 курс студенттері арасында «Көңілді мәре» сайысы студенттердің ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен шықты, сабақта биология, химия, математика, сурет, алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде студенттер белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы қойылды. Студенттердің бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой жазу және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде ұлттық өнеріміз «Қара жорға» биін жаңғырту үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі бой жазу жаттығуларының орнына да пайдалануға болатынына көз жеткіздік. Сондай-ақ «Спорт әлеміне саяхат» тақырыбында мультимедиалық проектор арқылы 10 ЭГС топ студеттерімен зияткерлік ойын сабағын өткізіп оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырдық. Бұл сабақта Қазақстан спортының алғашқы шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан бастап қәзіргі таңдағы олимпиада чемпиондары туралы викторина сайысы студеттердің көңілінен шығып, лоар өз елінің патриоты екендерін сабақ барысында дәлелдеп, мүдірместен жауап беруге тырысты. Сондай-ақ қатарынан үшінші жыл мемлекеттік тілдегі колледждердің 1-2 курс студенттері арасында ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып жеңіпаздарды анықтап студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тынымды еңбектер атқару үстіндеміз. Қала көлемінде Наурыз айында ұлттық мерекемізді насихаттау барысында «Төрт түлікке ен салу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне насихаттау басты міндетіміз. Екінші жыл аталып өтіп жатқан облыстық ұлттық ойындар фестиваліне қатысып асық ойынының «Шыр» түрінен топтық есепте жүлделі ІІ орынға ие болып қаламыздың қоржынына ұпай әкелдім.

Бұл ұлттық ойындар фестивалінің ұйымдастырылуы, тұсауы кесілуі ұлтымыз үшін үлкен жетістік деп білемін.

Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Толағай» «Асық ату» атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын топтар аралық топтық сайыс түрінде өткіздім. Әр семестр сайын қаладағы колледжадер арасында ұлттық және спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, әсіресе «Асық ату» ойыны студенттердің арасында қызығушылығын арттырды. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады.

Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде студенттердің:

- Салт - дәстүрді құрметтеуі;

- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;

- Намысқойлығы;

- Жүйке жүйесінің шынығуы;

- Ойлау қабілетінің дамуы;

- Білім алуға құштарлығы;

Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында:

Алдымен студенттің «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.Студенттің «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет. Студенттің «Қайда?» деген сұрағына: Студенттің және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет.

Өзімнің 1 курстарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен студенттерге өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында студенттерге жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан студент, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде студенттің ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір оқытушының оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар:

- Әр студенттің білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;

- Студенттің бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;

- Студенттерге қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;

Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы студенттердің тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, студент біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.

Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде студенттердің белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Студенттердің танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде студенттердің білім сапасы артып, оқу семестрлерде жоғары сапаға қол жеткізуге болады.

Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни студенттердің өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. Жаңа идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын міндеттер:

1. Студентпен қарым-қатынасты қалыптастыру.

2. Студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Әр студенттің әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.

4. Студенттің ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.

5. Студенттің санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.

6. Студенттің парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.

Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде студенттердің теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.

Жұмысымның нәтижесі:

1) Әр студенттің білімі, қабілеті қалыптасады.

2) Студенттің бойындағы жетістіктері көрінеді.

3) Студенттер қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.

4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.

2. «Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж.

3. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

4. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.

5. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, № 2, 201



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Хасенов Айдын Калбиятович

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства