Сабақтың атауы
Есімдік сөздері
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану;
ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелілік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқытудың әдісі: жинақтау, талдау, сын тұрғысын ойлау, сатылай кешенді талдау, тест, т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын, неміс тілі, биология.
Сабақтың көрнекілігі: есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер, ашық
формалы тест, сөзжұмбақ, бейнефильм, компьютер, бағалау парақшалары, т. б.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Математикалық ойын «Ғажайып алаң»
Таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып, төмендегі ұяшықтардағы жасырын сөзді табайық.
І топ ------- ІІ топ ------ ІІІ топ
11, 5+(- 2, 5)=9 ---- 12, 5х(- 2)=25 ---- 10, 2+12, 2=2
20, 2х2+(- 3, 4)=37 --- 153:(- 3)=51 ---- 44х(- 2): 8=11
Жеңімпазға:
99: (- 9) х(- 3)=33
ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)
2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)
3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен, сен)
4. Көпшіл және көңілшек
Ештемені бөліп жармайды
Көптік ұғым беріп
Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)
1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері) Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Жаңа сабақ.
а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық».
Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктердің түрлері де сонша. Енді сіздер тапсырманы орындадыңыздар. Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар, ерекше тордағы сөзді оқисыздар.
1. Сілтеу есімдігі.
2. Сұрау есімдігі.
3. Өздік есімдігі(I жақ көпше түрі, тәуелденіп тұр)
4. Белгісіздік есімдігі.
5. жалпылау есімдігі
(Ережесін бірден сұрап отырамын)
ә) Сатылай кешенді талдау.
Бұл жерде ешкім сырымды білмейді.
Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды
Бұл ---- Ешкім ----- Бүкіл
негізгі ---- негізгі ----- негізгі
дара ---- күрделі ---- дара
есімдік ---- есімдік ---- есімдік
сілтеу ----- болымсыздық --- жалпылау
сұрағы: қай ---- сұрағы: кім --- сұрағы: қай
анықтауыш ---- бастауыш ---- анықтауыш
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ой толғаныс
І топ - Ой толғау. «Достық - татулық белгісі»
ІІ топ - Сыр толғау. «Ауылым - алтын бесігім»
ІІІ топ - Жыр толғау. «Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына»
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру.