Просмотр содержимого документа
«Дыбыс және әріпті қайталаймыз»
Сабақ жоспары
Оқу ісінің меңгерушісі:------------------
Пәні:қазақ тілі Сыныбы:4 «Г» Күні:01.09.14.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсідіру.
Дамытушылық: Дауыстыдыбыстардың жуан, жіңішке болып, келетінін, дауыссыздардың түрлері мен емелесін қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім
Үнтаспадан құстың шықылдағаны, жаңбырдың сылдыры, жылқының кісінегені, судың аққаны, тағы басқа дыбыстар тыңдатылады.
Балалар, не тыңдадық? (Әртүрлі дыбыстарды. Жылқының кісінегені, т.б.).
Ал адам сөйлегенде де дыбыс шығарады, бірақ бұл дыбыстар табиғаттағыдан өзгеше болады. Өйткені дыбыстардан не жасалады? (Дыбыстардан сөздер жасалады).
Дыбыс пен әріптің екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатыны бізге белгілі. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелері арқылы жасалатыны бізге белгілі. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелері атап беріңдер. (Өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін).
Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалатыны еске түсіріледі. Дауысты дыбыстардың буын құрайтындығы айтылады.
Ю,я әріптері кездесетін қазақ сөздеріне мысал келтіріңдер. (Аю, ою,пияз, таяз, қоян, т.б.)
Дауысты дыбыстар не құрайды?
Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстар кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.
Дауыссыз дыбыстар жайында не білеміз? (Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге, ұшырайды, сондықтан созып, әндетіп айтуға келмейді. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады).
Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстармен буын құрауға бола ма?
У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдері пысықталғаннан кейін оқулықтағы жаттығулар орындалады.
1-жаттығу.
Т.Молдағалиевтің өлеңінен жатқа жазуға тапсырма беріледі.
а) Өлеңді 1-2 оқушы дауыстап оқиды.
ә) Өлеңнің мазмұны талданады.
б) Оқушылар өлеңді іштей бірнеше рет оқиды.
в) Өлең жатқа жазылады.
2. Мектеп, есік сөздеріне (мектеп – мектебі, есік – есігі) –ы, - і жалғауларының тиістісін жалғап, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін оқушылардың өздеріне анықтату. Қосымшалар дауысты дыбыстардан басталғанда қ,к, п дыбыстары ұяңдап, ғ,г,б дыбыстарына айналатыны еске түсіріледі. Қ,к,п дыбыстарына аяқталатын сөздерге мысалдар келтіріп, оларға дауысты дыбыстан –ы, -і жалғауларын жалғап айту.
3. Сурет бойынша «Оқу-білім бұлағы» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастырылады.
2-жаттығу. Өлеңді оқу.
Қарамен жазылған қазағым, түнегім, жүрегім, түлегіміз сөздерінің түбірін тауып, жазып, бұл сөздердің неліктен өзгергенін анықтау.
3.Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды дауыссыз дыбыстарға жіктеп жазу.
Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,т,с,қ,п,ш.
Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,з,д,ж,г,ғ.
Үнді дауыссыз дыбыстар:м,н,ң,й,л,р.
3-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Бұл жаттығуды орындау барысында көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездесетін э,ф,ц,в,ч,щ дыбыс әріптерінің қолданылуы туралы мысалдар келтіріледі.
Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінде ғана және ф әрпінің де араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздерде жазылатынын ескеріп қойған жөн. Мысалы: ащы, тұщы, кеще, Фарида, саф (алтын) т.б.
4-жаттығу. Мәтін оқылғаннан соң «Оқығанның көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деген сөзге оқушылардың пікірі тыңдалады.
Мәтіндегі соңғы абзацты көшіріп жазу және жуан дауысты дыбыстардың астын бір, жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі рет сызу.
5-жаттығу. Л, р әріптері сөз басында келгенде алдынан ы, і естілгенімен, жазылмайды.
Жаттығудан тек дұрыс жазылған сөздерді көшіріп жазу.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Осы сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері пысықталады.
Оқулықта жаттығу берілмесе, де б дыбысына аяқталған сөздер еске түсіріледі (араб, штаб, клуб, куб).
Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылатындығы айтылады.