Білімділік:сан есім туралы білімді еске т?сіре отырып,білімдерін ке?ейту,с?йлем ішінен сан есімдерді таба алу да?дыларын арттыру;сан есімні? т?рлерін,олар?а жал?анатын ?осымшаларды еске т?сіру,?айталау.
Осы ж?мба?ты? ??рамында сан есімдер бар ма? Олай болса,сан есім дегеніміз не? Сан есімні? с?ра?тары ?андай?Сан есім ?ай с?з табымен байланысты айтылады? Сан есмні? ?андай т?рлері болатын еді?
Ескерту: Затты? саны к?рсетілгенде,зат бірнешеу болса да,зат есімге к?птік жал?ауы жал?анбайды.Мысалы:он сауса?тар немесе жеті ?йлер деп айтылмайды.
2-жатты?у жазбаша орындалады.М?тінді к?шіріп жазу.С?йлем ішіндегі есептік сан есімдерді? астын бір сызы?пен,реттік сан есімдерді? астын екі сызы?пен сыз.
?шінші сыныпта о?итын Н?ртай есеп д?птерін жо?алтып алды.Соны сылтау етіп саба??а бармады.Анасы д?кеннен бес д?птер ?келді.Алтыншы сыныпта о?итын а?асы т?рт д?птер ?келіп берді.Н?ртай ?кесіне: «Ауырдым»,-деді.?кесі д?рігер ша?ыру керектігін айтты.М?ны естіген Н?ртай саба??а кетті.
Н?ртайды? ?ылы?ына ба?а бер.
?шінші,алтыншы с?здеріне математикалы? жолмен дыбысты? талдау ж?ргізу.
-ыншы,-інші,-ншы,-нші ж?рна?тары ?ай кезде жал?анады?
Со??ы дыбыс
Дауысты дыбыстан кейін
Дауыссыз дыбыстан кейін
Жуан
-ншы (алты+ншы)
-ыншы (то?ыз+ыншы)
Жі?ішке
-нші (екі+нші)
-інші (бес+інші)
Есі?де са?та:
1.Реттік сан есімдер цифрмен берілсе, -ыншы,-інші,-ншы,-нші ж?рна?ыны? орнына дефис (-) ?ойылады.Мысалы:Ол билетті 6-?атар?а алды. Біз 2-?абатта т?рамыз.
2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе,ж?рна?ты? орнына дефис (-) ?ойылмайды.Мысалы: Романны? II томын да о?ып шы?тым.
3.Жыл,ай аттарыны? алдынан келген сан есімдер цифрмен берілсе де,дефис (-) ?ойылмайды. 16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ні.
V.Сергіту с?ті.
Бір дегені?-бесігі?ді т?зеуі?
Екі дегені?-Егеменді елдігі?
?ш дегені?-ана тілі? асылы?
Т?ртінші?із-т?релікке сайла?ан.
Н?рс?лтандай атамыз бар сыйла?ан
Бес дегені? берекелі бол?аны?
Балдыр?андай ?ніп,?сіп тол?аны?.
3-жатты?у.?ле?ді т?сініп о?у.Сан есімдерді ?зі тіркескен с?збен бірге теріп жазу.
Екі елі,бір т?там,жал?ыз ?арыс,бір ??лаш,бір уыс
Осы ?лшем бірліктерді балалар ?здеріні? ?олдарымен ?лшеп к?рсетеді.
Та?ы ?андай батырлар жырын білесі??
Б?л халы?ты? ?лшемдерді ?аза? хал?ы не ?шін ?олдан?ан деген с?ра? туындайды.?ткен заманда ?аза? хал?ы ?зіні? д?ниетанымына с?йкес к?нделікті т?рмыста?ы ?мірінен алып,халы?ты? ?лшемдерді ?лшем бірлік ретінде пайдалан?ан.
Бір табан,бір адым,бір аттам ?лшемдерін ая?пен к?рсету.
Бір аттам-бір ?адам жер;?ол созса жететіндей ?те жа?ын жер.
Бір ?удем жер-ед?уір жер.(?деби тілде дауыс естілер жа?ын жер)
Просмотр содержимого документа
«Сан есімді ?айталаймыз »
Сынап: 4 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:сан есім туралы білімді еске түсіре отырып,білімдерін кеңейту,сөйлем ішінен сан есімдерді таба алу дағдыларын арттыру;сан есімнің түрлерін,оларға жалғанатын қосымшаларды еске түсіру,қайталау.
Дамытушылық: оқушылардың ой ұшқырлығын шығармашылық жұмыстар арқылы нығайту,тез,қатесіз жатқа жазуға жаттықтыру,зерде үрдістерін дамыту.
Тәрбиелік: күнделікті өмірде халық өлшемдерін дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика,орыс тілі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа әзірлігін қалыптастыру,сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім,өз тілім,ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым ,бақытым дара тілім.
Міне,балалар,кемеңгер ғұлама ақындардың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
II.Өткен түсініктерді тереңдету.(5-6 мин)
Өткен сабақтардағы берілген түсініктерді қаншалықты түсінгенімізді тексеру үшін код арқылы диктант ұйымдастырамыз.Ол үшін мен анықтамаларды айтамын,сендер тиісті анықтамаларға нүкте қойып,үлестірме қағаздарын белгілеп отырасыңдар.
Анықтамалар:
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі. (Түбір)
2.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.(Антоним)
3.Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер (Қаратпа сөз )
4.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.(Жұрнақ)
5.Дыбысталуы бірдей,мағыналары бөлек сөздер.(Омоним)
6.Бір нәрсенің жайын хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем (Хабарлы сөйлем)
Елу аяқты,екі қолды,салады елу аяқпен жалғыз жолды.(Ара)
Осы жұмбақтың құрамында сан есімдер бар ма? Олай болса,сан есім дегеніміз не? Сан есімнің сұрақтары қандай?Сан есім қай сөз табымен байланысты айтылады? Сан есмнің қандай түрлері болатын еді?
«Топтастыру» стратегиясы
Есептік Дара
(үш,бес) (елу,алты,үшеу)
Сан есім
Реттік Күрделі (төрт+інші,жеті+нші,алты+ншы) (тоқсан үш,бірде-бір,он-оннан)
IV.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу ауызша орындалады.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ.
Осы өлеңде сан есімдер қай сөз табымен байланысты айтылған?
Ескерту: Заттың саны көрсетілгенде,зат бірнешеу болса да,зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды.Мысалы:он саусақтар немесе жеті үйлер деп айтылмайды.
2-жаттығу жазбаша орындалады.Мәтінді көшіріп жазу.Сөйлем ішіндегі есептік сан есімдердің астын бір сызықпен,реттік сан есімдердің астын екі сызықпен сыз.
Үшінші сыныпта оқитын Нұртай есеп дәптерін жоғалтып алды.Соны сылтау етіп сабаққа бармады.Анасы дүкеннен бес дәптер әкелді.Алтыншы сыныпта оқитын ағасы төрт дәптер әкеліп берді.Нұртай әкесіне: «Ауырдым»,-деді.Әкесі дәрігер шақыру керектігін айтты.Мұны естіген Нұртай сабаққа кетті.
Нұртайдың қылығына баға бер.
Үшінші,алтыншы сөздеріне математикалық жолмен дыбыстық талдау жүргізу.
-ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнақтары қай кезде жалғанады?
Соңғы дыбыс
Дауысты дыбыстан кейін
Дауыссыз дыбыстан кейін
Жуан
-ншы (алты+ншы)
-ыншы (тоғыз+ыншы)
Жіңішке
-нші (екі+нші)
-інші (бес+інші)
Есіңде сақта:
1.Реттік сан есімдер цифрмен берілсе, -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады.Мысалы:Ол билетті 6-қатарға алды. Біз 2-қабатта тұрамыз.
2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе,жұрнақтың орнына дефис (-) қойылмайды.Мысалы: Романның II томын да оқып шықтым.
3.Жыл,ай аттарының алдынан келген сан есімдер цифрмен берілсе де,дефис (-) қойылмайды. 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
V.Сергіту сәті.
Бір дегенің-бесігіңді түзеуің
Екі дегенің-Егеменді елдігің
Үш дегенің-ана тілің асылың
Төртіншіңіз-төрелікке сайлаған.
Нұрсұлтандай атамыз бар сыйлаған
Бес дегенің берекелі болғаның
Балдырғандай өніп,өсіп толғаның.
3-жаттығу.Өлеңді түсініп оқу.Сан есімдерді өзі тіркескен сөзбен бірге теріп жазу.
Екі елі,бір тұтам,жалғыз қарыс,бір құлаш,бір уыс
Осы өлшем бірліктерді балалар өздерінің қолдарымен өлшеп көрсетеді.
Тағы қандай батырлар жырын білесің?
Бұл халықтық өлшемдерді қазақ халқы не үшін қолданған деген сұрақ туындайды.Өткен заманда қазақ халқы өзінің дүниетанымына сәйкес күнделікті тұрмыстағы өмірінен алып,халықтық өлшемдерді өлшем бірлік ретінде пайдаланған.
Бір табан,бір адым,бір аттам өлшемдерін аяқпен көрсету.
Бір аттам-бір қадам жер;қол созса жететіндей өте жақын жер.
Бір әудем жер-едәуір жер.(Әдеби тілде дауыс естілер жақын жер)