Просмотр содержимого документа
«Дүниетану пәні "Су. Судың қасиеті"»
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс
Сұрақ - жауап. 1.- Қыста мұз үстінде сырғанақ тебесіңдер, ол мұз қайдан пайда болды? 2 - Көктемде жер бетінде қандай өзгерістер болады? Көктемде жер бетінде қандай жылғалардан жан - жаққа су ағады? 3.- Ол сулар қайдан болады? 4. - Неге суды тіршілік көзі дейміз?
Мағынаны тану
Орталыққа бөліну. Орталыққа берілген тапсырманы қорытындылау. Гүлдер арқылы орталыққа бөліп отырғызу. Ғылым орталығы (раушан гүлі) Шығармашылық орталығы (райхан гүлі) Өнер орталығы (бәйшешек гүлі) Жазу орталығы (қызғалдақ ) Әр орталықтың тапсырмасымен таныстырып өту. Ғылым орталығы а) Суда еритін және ерімейтін заттарды тәжірибе арқылы түсіндіріп көрсет. Шығармашылық орталығы * «Су - тіршілік көзі» тақырыбында шағын әңгіме жазу. Өнер орталығы:
Жұмбақтарды шешу. Жұмбақтың шешуін қатыстырып сурет сал. Топпен сурет салу. Жазу орталығы: Суретке қарап судың пайдасын анықтап жаз. «Сулы жер – нулы жер» мақалдың мағынасын ашып жаз. Орталықтарға сұрақтар: - Мен күніне қанша су пайдаланамын? - Су шығынын қалай азайта аламын? Бұл қаншалықты қажет? Есіңе сақта! Шүмекті жаппай тіс тазалауға 6 - 8 литр су жұмсайсыз. Егер де сіз су құбыры шүмегін тіс тазалағанша жауып қойсаңыз, онда сіз 4 литр су үнемдейсіз. Егер сіз тісіңізді күніне екі рет тазаласаңыз 8литр суды үнемдейсіз. Сұрақ - жауап арқылы судың жағдайларын пысықтау. Сызбаны толықтыру. - Су қандай зат? (қатты, сұйық, бу) - Судың түсі қандай? (ақ, түссіз, мөлдір, иіссіз) - Судың пішіні бар ма? (қандай ыдыста болса да сондай пішінді болады) - Пайдасы бар ма? (тазалық, сусын, тіршілік көзі) Судың пайдасы - Тазалық, сусын, тіршілік көзі Судың күйі - Қатты, сұйық, бу Судың көлемі – Пішінсіз, қандай ыдыста болса да сондай пішінде болады Судың қасиеті - Түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз Өтілген материалдарды пысықтау: Орталықтардың жұмысын бекіту. (Кестені бірлесе отырып толтырады) Мен күніне қанша су пайдаланамын ---------------------------
Су шығынын қалай азайта аламын ------
Бұл қаншалықты қажет а) тамақ дайындау және ыдыс жууға - ә) кір жууға - б) шомылу және жуынуға - в) әжет ыдыс шаюға - г) ылғалды үй жинауға –
Сергіту сәті
Су – тіршілік негізі Онсыз өмір сүрмейсің Гигиена егізі Су деп және білгейсің
Шығармашылық тапсырма:
Тәжірибе жасау. 1. Судың нақты пішіні болмайды. 2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз. 3. Су – мөлдір. 4. Судың дәмі жоқ. 5. Судың иісі жоқ. 6. Су сұйық. Ол ағады. Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.
Ой толғаныс
Қандай сулар ішуге пайдалы? - Судың тазалығын сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізу керек? Судың адам өміріне, жан - жануарларға, өсімдіктерге өте қажет екенін білдік. Суды ластанудан сақтау әр адамның міндеті. Қоқыстарды суға тастауға болмайды. Судың тазалығын сақтасаң, оның ішіндегі жануарларды, өсімдіктерді сақтағаның.