САБАҚ: Қазақ тілі - ана тілі - өз тілім. Дихан Әбілев. Туған тілім. | Мектеп:№89 мектеп-лицей |
Күні:11.12.2017 | Мұғалімнің есімі:Ермекова Ғ.Ш |
СЫНЫП: 2 «А» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау 2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Бағалау критерийі | • Шығармаға ат қояды және негізгі ойын тұжырымдайды • Шығармадан қажетті ақпараттарды анықтайды |
Дескриптор | − автордың іс-әрекетін анықтайды; − қажетті ақпаратты кестеге жазады. − өлеңнің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; − мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Шаңырақ,айналмақ, постер, кофе таяқшалары, артығын тап, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі,тарих. |
Құндылықтарды дарыту | Өз отанының патриоты болуға тәрбиелеу. «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» Асма Қалыбекова кітабынан тіл туралы оқу. |
Бастапқы білім | Тіл туралы түсініктерін тексеру |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Басталуы 5 минут | Топқа бөлу 2 минут «Шаңырақ» астында тұрып, өз еліне деген тілектерін айта отырып ондағы түрлі-түсті ленталар арқылы оқушылар топқа бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Үй тапсырмасын «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы тексеру. 1.Әңгіменің авторын ата; 2.Мәтіндегі автордың негізгі ойы; 3."Туған жер" сөзін естігенде, ойыңа не келеді? 4. Сенің туған жерің қалай аталады? 5.Туған жеріңді сипатта; 6. Туған жерге деген сезіміңді ерекше сөздермен білдір | Шаңыраққа байланған ленталар арқылы олардың түстеріне қарай түріне топтарға бөлінеді. |
Ортасы 20 минут | Білу және түсіну 10 минут Жаңа сабақ Миға шабуыл. Видеокөрініс арқылы тақырыптың мазмұнын ашып алу. Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы Асма Қалыбекова “ Тіл- халықтың жаны.Өз тілін білмейтін халықтың болашағы жоқ... Тілінен айырылған халық-жоғалады... Ана тіліңді біле тұрып, өзге тілді де керемет меңгерсең, құба-құп. Ал егер сен туған тіліңді білмей, өзге тілде сөйлесең, өкінішті нәрсе. Бұл-асқан қателік. Мұны мұғалімдер мен оқушылар есінен шығармау тиіс”-деген екен Халел Досмұхамедов (22-бет) Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003) Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз. «Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен) Артығын тап әдісі арқылы автор жайлы алған мәліметтерін тексеру. Айналмақ әдісі арқылы қазақ тілі жайлы түсініктерін дамыту. | Оқушылар өз ойларын жазып, оқып береді. |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті «Отбасы мүшелерінің суреттерін өз орнына қою» Ойын тапсырма NIS (2-сыныптарға арналған дүниетану пәнімен байланы) | Ноутбукпен жұмыс жасау. |
Аяқталуы 20 минут | «Жинақтау тәсілі» Постер қорғау. Тапсырма: Өз тіліңнің болашақта өркендеуі үшін не істер едің? Әр топ өз ойларын постер арқылы түсіндіріп, қорғайды. | Өз ойларын талқылайды. |
Кері байланыс | Ергежейлілер суреттерін қолдану. «Менің бүгінгі сабақтағы көңіл күйім.....» | |
Үйге тапсырма: жаттау, дәптермен жұмыс. |
Саралау – деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс, АКТ мен жұмыс | Бағалау – Өзін-өзі бағалауға арналған бағалау парақшаларын қолдану, мақтау, мадақтау. | АКТ-мен байланыс Артығын тап, айналмақ, слайд, ноутбукпен жұмыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |