kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Туған жер-Туған ел!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Туған ел – туған жер!».
Мақсаты:1.Білімділігі: Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
2.Дамытушылығы:Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.
3.Тәрбиелігі:Ұлттық салт–дәстүрді, еліміздің мақтаныштарының үлгі-өнегелерін 
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі:сайыс сабақ.
Әдісі:сұрақ–жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі:Слайдты  интерактивтік тақтадан көрсету.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Сайысымыз 6-кезеңнен тұрады.
1-кезең:Шаңырағың  шайқалмасын – туған ел!  
(Қазақстанға  қазақ  еліне   байланысты  сұрақтар  қойылады)
2-кезең:Ұлт рухы – ұлыларымен мықты! 
(Аттары аңызға айналған, қазақ елінің мақтаныштары туралы сұрақтар).
3-кезең:Салт-  дәстүрім – салтанатым !(Салт-дәстүрге  байланысты  сұрақтар).
4-кезең:«Сөз құрастыру» топ басшылар сайысы.
5-кезең:«Мақал – сөздің атасы»
(қатысушыларға  сұрақ  қойылады, қатысушы  мақалмен жауап беру керек)
6-кезең:«Шеберлік минуты» өз өнерлерін ортаға салу.
Жүргізуші:Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті еш нәрсе жоқ.
Туған жердің тұнық суын ішіп, жұпар ауасын жұтқан әр бір адамның топырағына деген сезімі ерекше болса керекті. Қазақ халқы ел болып бірігуі ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Қазақ халқы қаншама миллион адамынан, ата-бабамыз ат үстінде жүріп қасық қаны қалғанша қорғап алып берген кең-байтақ жеріміздің үштен бірінен, зиялы азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы таланып, ғажайып төл тума мәдениеті көмескіленіп, тілі мен діні тоқырап, есепсіз еңбек-азаптарды бастан өткеріп қазіргі күні тәуелсіздікке қол жеткізді.
Сол тарих қойнауында жатқан сырлары мол тылсым күштер-біздің баға жетпес байлығымыз.
1-кезең: Шаңырағың шайқалмасын – туған ел!

I-топ сұрақтары: 
1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан жариялады?(1991 ж 16 желтоқсан) 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) 
3. Абайдың анасының есімі (Ұлжан) 
4. Ы.Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық) 
5. Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.әні: Ш.Қалдаяқов)
6.  Тәуелсіздік үшін күрескен батыр кім? (Қайрат)
7.  Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)
8.  Қазақстанның елбасы кім? (Назарбаев Н.Ә.)
9.   Қазақстан қай құрлықта орналасқан?( Еуразия)
10. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? (қазақ)
II-топ сұрақтары: 
1. ҚР Рәміздерін атаңдар (Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран )
2. Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев) 
3. Елтаңбаның авторы кім? (Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков) 
4. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?(Түркістан)
5. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж) 
6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар? (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би) 
7. Қазақстан  БҰҰ- на қашан  қабылданды? (2-наурыз, 1992 ж)
8. Қазақстанның көршілерінің бірі? (Қытай)
9. Қазақстан неге бай? (Мұнай)
10.Қазақстандағы ең биік шың ? (Хантәңірі  6646 метр)

1.Рейхстагқа   ту   тікке  Қазақстанның  халық  қаҺарманы ? (Р. Қошқарбаев)
2.1912-1957  ж ж өмір  сүрген  Қазақтың   бұлбұл  әншісі? (К. Бәйсейітова)
3.Мен  жастарға   сенемін  өлеңінің  авторы ? (М. Жұмабаев)
4.Қазақтыңң  кәсіби   ұлттық  негізін салушы қазақ биінің падишасы?  
(Ш.  Жиенқұлова)
5.Желтоқсан  көтерілісің   құрбаны, халық  қаҺарманы? (Қ. Рысқұлбеков)
II-топ сұрақтары: 
1.Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап  жүр  қазақтың  кең  даласын, 40 жыл  бойы  қазақтың  даласы  мен  баласын  ән  әуенімен  әлдилеген ұлы  компазитор? (Ш. Қалдаяқов )
2.Ұлт  жанашыры ? (М. Шаханов)
3.Ғибратты  ғұмыр  кешкен, ел арасында әулие атанған
2  ғасырға  жуық халқын рухымен қолдап, қорғап  келе жатқан кемеңгер  тұлға? 
 (Бекет  Мырзағұлұлы)
4.Атақты қазақ суретшісі, қылқалам  шебері? (Ә. Қастеев)
5.Жеті жарғы  заңын  кім шығарды? (Тәуке хан)
3-кезең:Салт-  дәстүрім – салтанатым !(Салт-дәстүрге  байланысты  сұрақтар).
Жүргізуші:Салт - кәсіпке, cенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. 
Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады. Уақыт өткeн сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.
Туғаннан соң адам боп,
 Білімсізден жаман жоқ.
 Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
I-топ сұрақтары: 
1.Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
(Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат.)
2.Сүйінші дегеніміз не ? (- қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.)
3.Айттыру  дегеніміз не? (- қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді. Содaн кейін қызды рeсми түрде айттырaды. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың eсімін aтатады. Той қамы, бaсқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кеcілeді.)
II-топ сұрақтары: 
1.«Азан шақыру»-дегеніміз  не? 
(Бала дүниеге келгеннен киін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Кейде баланың атын азан шақырып молда қоятын болған. 
Ат қоюшы адам баласының құлағына «сенің  атың..» (баланың   аты  айтылады) – деп 3 рет қайталайды)
2. Тоқым қағар дегеніміз қандай дәстүр? (- қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн-есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн. Тоқым қағуға арнайы қой немеcе қозы сойылады, болмасa қазы-қарта асылады.)
3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
(Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той).
4-кезең. «Сөз құрастыру» топ басшылар сайысы.
«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.
«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі, енді.
5-кезең:«Мақал – сөздің атасы»
(Бұл сайыстың шарты жүргізуші қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап беруі керек)
Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанар)
Тастың жеңілі болама? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
Аппақ қарға  бола ма? (Қарға баласын  аппағым дер)
Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны  амандық,  Қасқырдың ойлағаны арамдық)
Жігітті шал деген жөн бе? (Жаман жігіт жасында шал болар)
Адамның қай мүшесі қорқақ, Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышынан бас)
Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне  тары кірер)
Оттан ыстық  не бар? (Отан – оттан да ыстық)
Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс - күймейсің)
Шошқаның  үргенін көрдің бе? (Ит жок жерде шошқа үреді)
Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз)
6-кезең: «Шеберлік минуты» өз өнерлерін ортаға салу.
I-топ: «Туған жер» әнін орындайды.
II-топ: «Елбасы» әнін орындайды.
Жүргізуші: Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, 
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым. 
Сен менің арым, бағым, барымсың, 
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!– дей келе әділ қазылар алқасынан
топтардың қорытынды  бағасын  сұраймыз!
(Әділ қазылар алқасы сайыс қорытындысын жариялап, алға шыққан топ мүшелерін марапаттау)
Қорытынды:Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын оқушылар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Туған ел – туған жер!»
 атты сайыс сабағымыз аяқтаймыз. Көп-көп рахмет!м

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Туған жер-Туған ел!"»

Тақырыбы: «Туған ел – туған жер!».

Мақсаты:1.Білімділігі: Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

2.Дамытушылығы:Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.

3.Тәрбиелігі:Ұлттық салт–дәстүрді, еліміздің мақтаныштарының үлгі-өнегелерін 

құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі:сайыс сабақ.

Әдісі:сұрақ–жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Слайдты интерактивтік тақтадан көрсету.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мемлекеттік әнұран орындалады.

Сайысымыз 6-кезеңнен тұрады.
1-кезең:Шаңырағың  шайқалмасын – туған ел!  

(Қазақстанға  қазақ  еліне   байланысты  сұрақтар  қойылады)

2-кезең:Ұлт рухы – ұлыларымен мықты! 

(Аттары аңызға айналған, қазақ елінің мақтаныштары туралы сұрақтар).

3-кезең:Салт-  дәстүрім – салтанатым !(Салт-дәстүрге  байланысты  сұрақтар).

4-кезең:«Сөз құрастыру» топ басшылар сайысы.

5-кезең:«Мақал – сөздің атасы»

(қатысушыларға  сұрақ  қойылады, қатысушы  мақалмен жауап беру керек)

6-кезең:«Шеберлік минуты» өз өнерлерін ортаға салу.
Жүргізуші:Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті еш нәрсе жоқ.

Туған жердің тұнық суын ішіп, жұпар ауасын жұтқан әр бір адамның топырағына деген сезімі ерекше болса керекті. Қазақ халқы ел болып бірігуі ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Қазақ халқы қаншама миллион адамынан, ата-бабамыз ат үстінде жүріп қасық қаны қалғанша қорғап алып берген кең-байтақ жеріміздің үштен бірінен, зиялы азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы таланып, ғажайып төл тума мәдениеті көмескіленіп, тілі мен діні тоқырап, есепсіз еңбек-азаптарды бастан өткеріп қазіргі күні тәуелсіздікке қол жеткізді.

Сол тарих қойнауында жатқан сырлары мол тылсым күштер-біздің баға жетпес байлығымыз.

1-кезең: Шаңырағың шайқалмасын – туған ел!

(Қазақстанға қазақ еліне байланысты сұрақтар қойылады)

I-топ сұрақтары: 
1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан жариялады?(1991 ж 16 желтоқсан) 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) 
3. Абайдың анасының есімі (Ұлжан) 
4. Ы.Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық) 
5. Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.әні: Ш.Қалдаяқов)

6.  Тәуелсіздік үшін күрескен батыр кім? (Қайрат)

7.  Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)

8.  Қазақстанның елбасы кім? (Назарбаев Н.Ә.)

9.   Қазақстан қай құрлықта орналасқан?( Еуразия)

10. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? (қазақ)

II-топ сұрақтары: 
1. ҚР Рәміздерін атаңдар (Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран )
2. Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев) 
3. Елтаңбаның авторы кім? (Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков) 

4. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?(Түркістан)
5. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж) 
6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар? (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би) 
7. Қазақстан  БҰҰ- на қашан  қабылданды? (2-наурыз, 1992 ж)

8. Қазақстанның көршілерінің бірі? (Қытай)

9. Қазақстан неге бай? (Мұнай)

10.Қазақстандағы ең биік шың ? (Хантәңірі  6646 метр)

2-кезең:Ұлт рухы – ұлыларымен мықты! 

(Аттары аңызға айналған, қазақ елінің мақтаныштары туралы сұрақтар).

I-топ сұрақтары: 

1.Рейхстагқа   ту   тікке  Қазақстанның  халық  қаҺарманы ? (Р. Қошқарбаев)

2.1912-1957  ж ж өмір  сүрген  Қазақтың   бұлбұл  әншісі? (К. Бәйсейітова)

3.Мен  жастарға   сенемін  өлеңінің  авторы ? (М. Жұмабаев)

4.Қазақтыңң  кәсіби   ұлттық  негізін салушы қазақ биінің падишасы?  

(Ш.  Жиенқұлова)

5.Желтоқсан  көтерілісің   құрбаны , халық  қаҺарманы? (Қ. Рысқұлбеков)

II-топ сұрақтары: 

1.Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап  жүр  қазақтың  кең  даласын, 40 жыл  бойы  қазақтың  даласы  мен  баласын  ән  әуенімен  әлдилеген ұлы  компазитор? (Ш. Қалдаяқов )

2.Ұлт  жанашыры ? (М. Шаханов)

3.Ғибратты  ғұмыр  кешкен, ел арасында әулие атанған

2  ғасырға  жуық халқын рухымен қолдап, қорғап  келе жатқан кемеңгер  тұлға?

 (Бекет  Мырзағұлұлы)

4.Атақты қазақ суретшісі, қылқалам  шебері? (Ә. Қастеев)

5.Жеті жарғы  заңын  кім шығарды? (Тәуке хан)

3-кезең:Салт-  дәстүрім – салтанатым !(Салт-дәстүрге  байланысты  сұрақтар).

Жүргізуші:Салт - кәсіпке, cенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр.

Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады. Уақыт өткeн сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.

Дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр.. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.

Туғаннан соң адам боп,

 Білімсізден жаман жоқ.

 Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған салтымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

I-топ сұрақтары: 

1.Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?

(Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат.)

2.Сүйінші дегеніміз не ? (- қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.)

3.Айттыру  дегеніміз не? (- қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді. Содaн кейін қызды рeсми түрде айттырaды. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың eсімін aтатады. Той қамы, бaсқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кеcілeді.)

II-топ сұрақтары: 

1.«Азан шақыру»-дегеніміз  не?

(Бала дүниеге келгеннен киін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Кейде баланың атын азан шақырып молда қоятын болған.

Ат қоюшы адам баласының құлағына «сенің  атың .....» (баланың   аты  айтылады) – деп 3 рет қайталайды)

2. Тоқым қағар дегеніміз қандай дәстүр? (- қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн-есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн. Тоқым қағуға арнайы қой немеcе қозы сойылады, болмасa қазы-қарта асылады.)

3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?

(Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той).

4-кезең. «Сөз құрастыру» топ басшылар сайысы.
«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.
«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі, енді.

5-кезең:«Мақал – сөздің атасы»

(Бұл сайыстың шарты жүргізуші қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап беруі керек)

Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанар)

Тастың жеңілі болама? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

Аппақ қарға  бола ма? (Қарға баласын  аппағым дер)

Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны  амандық,  Қасқырдың ойлағаны арамдық)

Жігітті шал деген жөн бе? (Жаман жігіт жасында шал болар)

Адамның қай мүшесі қорқақ, Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)

Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышынан бас)

Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне  тары кірер)

Оттан ыстық  не бар? (Отан – оттан да ыстық)

Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс - күймейсің)

Шошқаның  үргенін көрдің бе? (Ит жок жерде шошқа үреді)

Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз)

6-кезең: «Шеберлік минуты» өз өнерлерін ортаға салу.
I-топ: «Туған жер» әнін орындайды.

II-топ: «Елбасы» әнін орындайды.

Жүргізуші: Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!– дей келе әділ қазылар алқасынан

топтардың қорытынды  бағасын  сұраймыз!

(Әділ қазылар алқасы сайыс қорытындысын жариялап, алға шыққан топ мүшелерін марапаттау)

Қорытынды:Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын оқушылар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
– деп «Туған ел – туған жер!»

атты сайыс сабағымыз аяқтаймыз. Көп-көп рахмет!

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: "Туған жер-Туған ел!"

Автор: Халабаева Зулфия Рохатовна

Дата: 27.01.2018

Номер свидетельства: 452890

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""?ола д?уірі т?р?ындарыны?  шаруашылы?ы." "
    ["seo_title"] => string(43) "k-ola-d-uiri-tu-rg-yndarynyn-sharuashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "179575"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425032716"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "К?ктем г?лдері "
    ["seo_title"] => string(17) "koktiem-ghuldieri"
    ["file_id"] => string(6) "240297"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444989204"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Мәңгілік өшпес отты жылдар" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "m_n_ghilik_oshpies_otty_zhyldar_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "423165"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1498456524"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Наурыз?а шашу. Наурыз мейрамы "
    ["seo_title"] => string(32) "nauryzg-a-shashu-nauryz-mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "173962"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424071453"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?ожа Ахмет Ясауи "Даналы? кітабы" "
    ["seo_title"] => string(36) "k-ozha-akhmiet-iasaui-danalyk-kitaby"
    ["file_id"] => string(6) "163985"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422553918"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства